1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет22/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

43-Сұрақ.
«Жас тұлпар» ұйымы
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Кеңес Одағы құрамындағы Одақтас
республикалар құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде
дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі ic жүзінде ұмыт болды. Нақты өмip
шындығы есепке алынбады. Ұлттық проблеманың бәрін тек
интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп
пайымдалды. Интернационализм - кеңестік мағынада орыс халқының, яғни
бip ұлттың төңірегіне топтасу деп қаралды. Бұл кеңестік империяның
біртұтастығын сақтай отырып, орыс халқының идеяларын орындау еді.
Кеңестік қоғам жастар санасына интернационализм ұғымын қанша
насихаттағанымен 1960-70 ж. ұлт тағдырын ойлаған қазақ жастары жер-
жерде жасырын ұйымдар құрды. Мәскеуде «Жас тұлпар», Қарағандыда
«ЕСЕП», Алматыда «Сарыарқа», «Жас қазақ» ұйымдары құрылды. Олардың
бағдарламасында Қазақстанның тәуелсіздігі, мемлекеттік тіл мәртебесі және
ұлттық мәдениетті өркендету міндеттері қамтылды.
«Жас тұлпар» ұйымы 1963 жылы қарашада Мәскеу қаласында ресми
құрылды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік
идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын біліп, оған
ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұмтылыс жасады.
Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысының көш басында
Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Қадыржанов, Әнуар
Сартбаев,Болат Хисаров,Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш
Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, тағы басқалары болды.
Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жеткізе алатын, сөздері өткір,
топ жарған Ресейде оқитындар еді.
Жаңа ұрпақ тарихқа «Мен қазақпын!» деп атойлап кірді. 1964-65 жж.
Ресейдің қазақ жастары оқитын қалаларының бәрінде және Рига, Киев,
Харьков қалаларында «Жас тұлпардың» бөлімшелері ашылды.
Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара,ел
еңсесі биік,ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады.
Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан
басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші: Қазақстаннан тыс жерде оқитын
қазақ жастарына көмек көрсету. Екінші: қысқы-жазғы демалыс кездерінде
қазақ ауылдарын аралау, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші:
бұл – ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты
кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы жөнінде пікір алысулар.
Бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы
мақсаттар қоя алды. Ең бастысы, тарихымызды түгендеуге, рухани
болмысымызды бүтіндеуге жол іздеді. Жастұлпарлықтардың көркемөнерпаз
үйірмелері алғашқы концерттерін Мәскеу, Ленинград қалаларында
студенттік ортада берді. Міндетті түрде елдің тарихына шолу жасалып,
өлеңді шежіремен байланыстырып отырды.
«Жас тұлпар» сияқты ұйымдар студент жастар арасында басқа
өңірлерде де құрыла бастады. Целиноград дәрігерлік институтының
студенттері «Оян, қазақ!» атты ұйым құрды. Бірлестікті құрған 18 жасар
Гүлжан Бейбітова еді. Қазақ және орыс тілдеріндегі «Оян, қазақ!» атты
үндеуді Целиноградтағы студенттерге таратты.
Алматы қаласында оқитын студенттер елдеріне барып, жасырын
ұйымдар құрды. Алматыдағы заң факультетінің студенті Ж.Кемелханов
Гурьев облысында «Ұшқын» жастар ұйымын құрды. Ұйым мүшелері қазақ
жерлерінің тарихи атауларын өзгертуге, мекемелерде іс қағаздарының орыс
тіліне көшуіне қарсы шықты. «Ұлттық мүдде қорғалмаса Конституция
негізінде Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан шығуы керек» деп есептеді.
Мәскеуге Компартияның Орталық Комитетіне хат жазып, Конституция
баптарының бұрмалануын, өкіметтің жергілікті халықпен санаспауын, қазақ
тілін дамытпай отырғанын айтты.
Қызылорда педагогикалық институтының студенті Ш.Садықов
жасырын ұйым ашпақшы болып үгіт-насихат жүргізіп жүрген кезінде КГБ
тұтқындады. Ташкент байланыс институтының студенті Мырзабеков
Қостанай қаласында «Жас түлек» ұлттық ұйымын құрды. Ұйым мүшелерін
КГБ талқандады. Горькийдегі Су көлігі инженерлері институтының студенті
С. Абылханов, Мәскеудің Мұнай институтының студенті У.Орынбасаров
және Қарағанды дәрігерлік институтының студенті М.Кейін
жастұлпарлықтар үлгісіндегі жасырын ұйым ұйымдастырып жүрген
кездерінде ұсталып, оқуларынан шығарылды.
Жастұлпарлықтар мақтануға тұрарлық, мәртебесі биік аға буын. Біз
тарихымызға сол «жастұлпарлықтар», «сарыарқалықтар»,
«желтоқсандықтардың» көзқарасы, іс-әрекетімен қарасақ қателеспейміз.
Болашақта қазақ болу, қазақша сөйлеу, қазақтың ән-жырын айту, қазақша
жөн-жоралғы өткізу әлеуметтік мәртебе болсын десек, «Жас тұлпар» сияқты
қозғалыстардың тарихтан алатын орнын бағалауымыз керек. Біз сана-
сезімімізді, ұлттық менталитетімізді құрсаулаған ұзақ ғасырлық отаршылық
жүйе үйреткен жалтақтығымыздан неғұрлым тез арылсақ, соғұрлым ұлттық
болмысымыз шыңдала түседі. «Жас тұлпар» ұйымының жүріп өткен жолы
Қазақстандағы Тәуелсіздік үшін күрес жылдарының үлкен бір тарихи кезеңі
екенін естен шығармаған абзал. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет