1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет24/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

45-Сұрақ. 1993 жылдың еліміздің Тәуелсіздік тарихындағы ерекше жыл болып енді. Өйткені осы жылы өз тізгінін қолға алып, ұлттық теңгені айналымға шығарды.
Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Деректер теңге тарихының тамырын тереңнен қаузауға жол ашады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану — сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни реформаларды көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша [1, 18 б.].
1990 жылдарының басында бұрынғы КСРО-да бір мезгілде экономиканы бейтараптандырумен қатар, ақша-несие жүйесінде дезинтеграциялық, яғни біртұтас құрылымның бөлшектену үдерісі күшейе түсті. Алғаш 1992 жылы өздерінің ұлттық валюталарын — Балтық жағалауы елдері, Әзірбайжан, уақытша, ақша белгілерін Украина, Молдова және Беларусь енгізді. 1993 жылы мамырда бұларға Қырғызстан қосылды. Ал,1993 жылы шілде-тамызда Ресейде, ақша реформасы жүргізілді, оның нәтижесінде кеңестік рубльдердің айналымы толықтай тоқтатылды және олар жаңа ресейлік, ақшаларға айырбасталды.
Әлемдік тәжірибеде, ақша реформасы нуллификация (жою), девальвация (төмендеу), ревальвация (жаңару) әдістерін қолдануды қамтиды. 1992 жылдың көктемінде ұлттық валютаны енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрылды. Комиссия небәрі жеті адамнан құралды. Біртұтас рубль аймағын сақтауға талпынысты жалғастыра отырып, біз өзіміздің валютамызды енгізуге дайындалдық. Елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек Жоғарғы кеңестің төрағасы С. Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С.Тәкежанов, Мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ.Байназаров, оның орынбасары М.Тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық банк кәсіпорындары дирекциясының жетекшісі Қожамұратов таныстырылды. Осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның дизайны бойынша жұмыстар жасау мақсатында шығармашылық топ құрылды. Ахуалдың бірегейлігі мен жұмыстың соншалықты әсерлі болғаны сондай, қатысушылардың өздері, үлкен дарын иелері, тарихи кезеңнің жауапкершілігі мен маңызын толық түсінді. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Олар банкноттар мен тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. Барлық нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсіби және түбегейлі-деңгейде жасалынды.
Ұзақ талқылаудан кейін қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына көп еңбектері сіңген, Қазақстан үшін белгілі және тарихи маңызы бар адамдардың кескіндері бейнеленген нұсқаға тоқталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл ұлттық мақтаныш сезімін көтеру үшін қажет болды. Кеңес өкіметінің кезінде тіпті айтуға тыйым салынған бұл тұлғаларды тәуелсіздік алғанда ғана марапаттауға мүмкіндік туды.
Қазақ теңгесінің алғашқы қағаз бетіне түскен кескіндемелері Олжас Сүлейменовтың саяжайында дүниеге келген.
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде теңге операциясы жөнінде былайша еске алады: «Мен күн сайын кешке қарай біздің топ жұмыс істеп жатқан қала сыртындағы саяжайға келемін. Ақшаның қалай аталуы жөнінде бізде үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша» немесе «теңге» деп атау ұсынылды. Менің өзіме «алтын» атауы ұнады. Ақыр аяғында, орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ даласының жерлерінде айналымда болған «тәңгә" деген құйма, ақшадан шығарып „теңгеге“ тоқтадық. Шынында да „деньги“, „теңге“ сөздерінің түп-төркіндері бір еді».
Республиканың Жоғарғы Кеңесінде және Үкіметінде өткізілген Ұлттық валютаның атауы туралы кеңейтілген жабық пікір таластың нәтижесінде Жоғарғы Кеңестің жоспарлау-бюджет комиссиясының сол кездегі төрағасы болған С.Тәкежановтың ұлттық валютаны- теңге, ал оның жүзден бір бөлігін — тиын деп атау туралы ұсынысы қабылданды.
46. 1998 жыл - Ұлт тарихы жылы. Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу тарихын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен зерттеулер.
Президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды.

Евроцентристік тарихи сана қазақ халқының еңсесін түйірді. Қазақ халқы барлық жетістіктер мен жақсылықтарды Батыстан, Ресейден алды деген түпкілікті қате түсінік басым болып келді. Сондықтан тарих жылының мақсаты – ел халқының дұрыс тарихи санасын тәрбиелеу болды. Дұрыс ойлайтын халықтың, дұрыс жолды, әділетті пиғылды таңдайтыны ақиқат. Осындай мақсаттарды шешу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» журналын шығара бастады. Қазақ тарихшылары 260 жыдан астам отарлық езгіде болған қазақ халқының жаңаша рухани жаңаруы үрдісін бастады. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тереңде екендігі айтылды. 3 ғасырға жуық өмір сүрген Қазақ хандығының тарихы жаңаша жазыла бастады. Қытай, Иран, Мысыр, Ресей т.б. елдердегі мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректер, қолжазбалар, кітаптар жинау жұмысы басталды. Тек қана Қытай елінен қазақ тархына байланысты 5500-дей тарихи деректер әкелінді. Тарих жылында Зейнолла Самашев бастаған археологиялық экспедиция Шығыс Қазақстан облысының Берел мекені аумағынан Қазақстандағы екінші «алтын адамды» тапты.


1998 жылдың 26 маусымында «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң» қабылданды. Аталған құжаттардың заңдық күшіне еніп жұмыс істей бастауы Қазақстанның шикізаттық әлеуетін едәуір күшейтті, мемлекеттің қауіпсіз дамуына үлкен игіліктер әкелді. Елордаға айналған Ақмола қаласы зор құрылыстар алаңына айналды. Бұл қаланың қарыштап дамуы елдің құрлыс материалдары өндірісінің кеңеюіне, жол-көліктік қуатының жақсаруына игі әсер етті. 1998 жылдың 6-шы мамырында Президент Ақмола қаласын Астана деп атау туралы Жарлыққа қол қойды. Әлем картасында Қазақстанның жаңа Астанасы пайда болды. 1998 жылы Астананың тұсаукесер рәсімі өтті. Алыс және жақын шетелдерден келген қонақтар Евразия континентінің кіндігінде пайда болған жаңа Астанаға ерекше қызығушылық танытты. Қаланың қарыштап дамуы бүкіл елді алдыға тартатын локомотивке айналды.
1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылып саяси үрдістерге либералдық идеологияның тереңдей түсуіне ықпал ете бастады. Осы жылы шетелдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың Қазақстанға қайтып келуі мәселесі Үкіметтік деңгейде талқыланды. Оралман қазақтарды қабылдау, оларға жаңа жағдайға үйренуге көмектесу, жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Үкіметте отандақ тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Бұл жұ­мыстың Қазақстанның индустриалдық келбетін қалыптастыруда шешуші маңызға ие болатындығы ескерілді.


47. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу
Елбасының Әлем. ХХI ғасыр манифесін әлемдік сарапшылар қызу талқылауда

Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында жарияланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлем. ХХI ғасыр манифесін жаһанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары да қызу талқылауда.


Мамандар құжатта көрсетілген ядролық қарусыз, соғыссыз және зорлық-зомбылықсыз тұрақты дамудың жаңа стратегиясын аса маңызды деп танып, оны тереңірек зерттеу керектігін айтады.Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы оң! Мағынасы терең, мәні зор дүние айтылған. Сол себепті әрі қарай зерттеу керек. Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында өзін белсенді ел ретінде көрсете білген, - дейді ғалым. - Қазақстан ядролық қарулануға және оның жайылуына қарсы шыққан ел ретінде оның әлемге айтары да, бөлісер тәжірибесі де бар. Уытты қарудан бас тартып, халықаралық қоғамда көшбасшыға айналды. Бұған қоса, бомбаны сынаудан да бас тартты. Сондықтан Қазақстанның бұл әрекеті барлық мемлекеттерге үлгі бола алады деп айтар едім,- деп атап өтті Монтерей халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Майлз Помпер (АҚШ).Манисфестегі маңызды ереже - БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздік бойынша Жаһандық коалиция құру. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттер біріккен тұста, бір-біріне деген сындарлы әріптестік қатынастар орнағанда ғана бір-біріне қарсы әскери блоктарға бөлшектенуге жол берілмейді. Әрине, келешекте бітімгершілік операцияларын тиімді жүргізу үшін, мемлекеттер арасында әсери қақтығыстарды болдырмау үшін БҰҰ бітімгершілік күштерін жаңғырту қажеттілігі бар


Биылғы жылы наурыз айының аяғында АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлем. ХХІ ғасыр манифесі жария етілді. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған ҚР Президентінің авторлығымен шыққан Әлем. XXI ғасыр Манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе.


Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы - осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.


Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар қырғи-қабақ соғыстың өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр.
XX ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.


48. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.
Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді.

Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтц. Дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті.


Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді. 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.


1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.


Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.


49. 1989 ж. Тіл туралы Заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына сараптамалық талдау жасаңыз.
Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабыл­дан­­ған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ­талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен страте­гия­лық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қос­қандығы даусыз. Қазақстан билігі ел хал­қының тең жартысынан астамы болып та­бы­латын орыстілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті. Осылайша қазақ тілін дамыту мәселелерін шешу ел азаматтарының ниеттері мен талап-тілектеріне байланысты екенін байқаймыз. Заңда барлық мекемелерде қай халықтың үлес салмағы көбірек болса, сол тілде сөйлеу және іс қағаздарын жүргізу міндеттелген еді. Бұл Заң елдегі тілдік ахуалды сауықтыруда табысты нәтижелер берді деп айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды. Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1997 жылғы Заңды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасында 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады». ҚР «Тіл туралы» Заңы мен бағдарламасы елде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің эволюциялық жолын бастады. 1998-2000 жылдарда қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 292 мектеп пен 654 балабақша ашылды. Қазақ халқы тығыз орналасқан ауылдар мен аудандарда іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Осылайша Елбасы үш ғасыр бойы қудаланған қазақ тіліне мемлекеттік қамқорлықты күшейтудің зәрулігін күн тәртібіне қойды. 2011 жылы елдегі этнолингвистикалық және этнодемографиялық өзгерістерді есепке алатын «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұғырымдамасы» қабылданды. ҚР «Тіл туралы» Заңы мен бағдарламасы елде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің эволюциялық жолын бастады. 1998-2000 жылдарда қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 292 мектеп пен 654 балабақша ашылды. Қазақ халқы тығыз орналасқан ауылдар мен аудандарда іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Осылайша Елбасы үш ғасыр бойы қудаланған қазақ тіліне мемлекеттік қамқорлықты күшейтудің зәрулігін күн тәртібіне қойды. 2011 жылы елдегі этнолингвистикалық және этнодемографиялық өзгерістерді есепке алатын «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұғырымдамасы» қабылданды.Соңғы жылдары қазақ тілін күшейту үшін көптеген жағдайлар жасалған болатын. Ұлттық сана мен рухты тәрбиелемей, қазақстандық патриотизмді тәрбиелей алмаймыз. Бір ғана мемлекеттің тілі болып отырған орыс тіліне жармаса бермей, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге түбегейлі бетбұрыс жасайтын мезгіл жетті.


50. Астананың Ақмола (1998 жылдан бастап Астана, 20 наурыз, 2019 жылдан бастап Нұр-сұлтан) қаласына көшірілуінің себептерін анықтап, тарихи маңызын ашыңыз.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.

Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.




51. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны. Қазақстан заманауи сыртқы саясатының көпбағыттылығы: белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру жолдары.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды.
Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.


52. Экологиялық дағдарыстар: Арал қасіреті, Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы.
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды.
Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997).
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.

бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.


Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.


53. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының тарихи маңызын айшықтаңыз.
Кеңес Одағының ыдырауы
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.

КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанында өмір сүруін тоқтатты.


ТМД-ның құрылуы


1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді.


1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет