1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет29/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

Мүмкіндіктері: Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Қауіптер: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет.


59. Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару (кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамту, жастарды қолдау, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы, денсаулық сақтау мен спорт дамыту).
Әлеуметтiк қамсыздандыруды реформалау, өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
1991 жылдың соңынан тәуелсіз даму жолына түскен Қазақстан әлеуметтік қатынастар саласында ірі көлемдегі өзгерістерге бет бұрды. Әлеуметтік өзгерістер мен реформалар жүргізу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастарды ендіру болжанды. Алайда, еліміз бұрынғы жүйенің қателіктері мен кейбір құндылықтары жаңа орын алған өзгерістерге, реформалау үдерістеріне тежеу қойды. Сондықтан нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде (1991-1993 жж) қазақстандықтардың басым көпшілігінде өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуі байқалды, мұның өзі елімізде әлеуметтік шиеленістің ұлғаюына әкелді.
1992 жылы басталған құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кәсіпорындарға бөлінетін бюджеттік аударым қысқара түсті, соған сәйкес кәсіпорындардың басшылары өз жұмыскерлерін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберуге немесе толық емес жұмыс күніне көшіруге мәжбүр болды. Сөйтіп қазақстанның еңбек нарығында ашық жұмыссыздық деңгейі төмен болып қалатын, бірақ сонымен қатар жасырын жұмыссыздықпен қамтылғандар пайызы арта түскен жағдай қалыптасты. Жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заңға сәйкес (1991 ж.), жасырын жұмыссыздар жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылып, олар жұмыссыздар болып табылмады. Сонымен қатар өндірістің толық немесе ішінара тоқтау салдарынан жұмыстан айырылған олар көбіне ақысы төленбейтін демалыста болуға, мүлдем жұмыссыз қалып қоюға мәжбүр болды. Мемлекеттік несиелеу және жекешеленген кәсіпорындар санының арта түсуіне орай, республикада ресми тіркелген жұмыссыздар саны ұлғая түсті (1992 ж. - 33,6 мың адам, 1993 ж. - 40,5 мың адам, 1994 ж. - 70,0 мың адам, 1995 ж. - 139,5 мың адам) 
Кедейшілікті еңсеру. Әлеуметтік саладағы маңызды мәселелердің бірі – кез-келген қоғамға тән блып келетін кедейшілік. Кедейшілік кеңес қоғамында да болды, бірақ ресми түрде мойындалып, жария етілген жоқ. Осы құбылысты белгілеу үшін «аз қамтылған» деген термині пайдаланылды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының алғашқы жартысында барлық ТМД елдерінде кедейшіліктіңең жоғарғы мөлшерге жетіп, халықтың әл-аухаты төмендеді. Өндірістік қатынастардың түбегейлі жойылуы мен әлеуметтік жүйенің құлдырауы, Қазақстан экономикасын нарыққа бейімдеп құру шаралары алғашқы кезеңде халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Кедейшілік ол тек қана тамақтаны, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау мен білім алу сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті табыс пен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім алудың жеткілікті дәрежесіне қоғамдық өмір сүру мүмкіндіктеріне және мәдени-әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жететін табыс көзінің болмауы болып саналады. Осы міндеттер тобы шешілмегендіктен, 1998 жылы республикадағы кедейшілік өзінің ұшар шыңына жетіп, халықтың 2/5-іне жуығы ең төмен күнкөріс шамасынан төмен деңгейде өмір сүрді. Кедейшіліктің ең жоғары пайызы шалғайда орналасқан ауылдық жерлер мен шағын қалаларда байқалады. Ауылдың жерлерде кедей халықтың үлесі, мысалы, 2001 жылы 38,5%-ды құраса, ал ең жоғары пайызы Маңғыстау облысында байқалса (45,9%), 2004 жылы күнкөрістің төменгі деңгейі 5427 теңгені құрап (ең төменгі деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында 4691 теңге, ең жоғарғы деңгейі Маңғыстау облысында – 7174 теңге) құраған
Әлеуметтік жаңғырту аясында лайықты еңбек идеясын жүзеге асыру қажет. Осы бағытта біршама атқарылған жұмыстар да баршылық. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына бағытталу бойынша әлеуметтік жаңғыртуға көшу әлеуметтік қатынастар жүйесін маңызды дәрежеде түзету мен қайта құруды қажет етеді. Осы үдерісте қазірге өндірістік қақтығыстарды шешудің шынайы делдалдары және еңбекшілер мүддесінің қорғаушылары бола қоймаған кәсіподақтар маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет