55. ҚР ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесін айшықтаңыз. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған. Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді. Аймақтық Қауіпсіздік -экономикалық және әскери қауіптен, сондай-ақ, мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне залал келтіріп, қол сұғушылықтан, баса көктеуден нақты бір әлемдік қауымдастықтағы халықаралық қатынастар жағдайы. Қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі
56. ҚР нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері: экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертудегі реформалар, қиыншылықтары мен жетістіктерін сипаттаңыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.