1 Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Нұрсұлтан Назарбаев 2



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі3,55 Mb.
#27
1   2   3   4   5   6

62

63

Қазақ тілін насихаттауға 

қосқан үлесі үшін

Маусым  айында  Қор  жыл  сайын  берілетін  «Қазақ  тілін 

насихаттауға  қосқан  үлесі  үшін»  журналистік  сыйлығының 

жаңа


 

жүлдегерлерінің  есімдерін  жария  етті.  Биылғы  

сыйлыққа

 

республикалық  БАҚ-тың  үш  өкілі:  Ғабит  Мүсіреп 



(«Нұр  Астана»  газетінің  Бас  редакторы),  Максим  Рожин 

(«7 телеарнаның»

 

журналисі), Әлия  Кенжебаева  («Астана»  



телеарнасының

 

журналисі) ие болды.



Бұл  журналистік  марапаттың  көздегені  Қазақстандағы 

тілдік


 

жағдайды  жан-жақты  және  шынайы  саралап,  қазақ  

тілінің

 

қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы танымды 



материалдар әзірлеп жүрген, өз кәсібінде қазақ тілін кеңінен 

пайдаланатын  да,  насихаттайтын  баспа  және  электронды 

БАҚ-тардың  өкілдерін  ынталандыру  еді.  Бұл  сыйлық 

2010  жылы  журналистердің  кәсіби  мерекесі  қарсаңында 

тағайындалған болатын.

Жас тілшілер форумы - 

«Ел еңсесі Егемендік»

Тамыз  айында  қор  Алматы  қаласында  «Заңғар»  шығарма-

шылық бірлестігі, «Қаламгер – Азамат» Жас тілшілер» Қоғамдық 

қорының  ұйымдастыруымен  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың 

«Жастарды  қолдау  және  оларға  қамқорлық  жасау»  саясаты 

аясында,  Тәуел-сіздігіміздің  20  жылдығына  орай,  «Ел  еңсесі  – 

Егемендік»  атты  IV  Республикалық  «Қаламгер  –  Азамат»  жас

 

тілшілер форумының өтуіне қолдау көрсетті.



Форумның  басты  мақсаты  –  жастарды  отансүйгіштікке, 

елжандылыққа  шақыра  отырып,  олардың  жүрегіне  патриоттық 

сезім  орнатуға  үлес  қосу,  өскелең  ұрпақтың  кәсіби  біліктілігін 

шыңдайтын,

 

заманауи  заңдылықтарды  меңгертуге  мүмкіндік 



туғызу.  Ақпараттық

 

тәжірибе  алмасу  бағытында  түрлі  саладағы 



журналистиканың қыр-сырын үйренуге талпынған жас буынның 

басын қосып, жинау болып табылады.

Форум  аясында  мемлекеттік  тілді  насихаттау,  мәдениет, 

әдебиет,  ғылым,  ұлттық  салт-дәстүр  және  қазақ  интернет-

журналистикасы  мәселелері  бойынша  мастер  –  кластар  мен

 

семинар  –  тренингтер  өтті.  Мемлекеттік  тілдегі  интернет-



журналистиканың  кәсіби  деңгейін  арттыруды  дамытуға

 

бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар көрсетілді.



64

65

«Елбасы және мемлекеттік тіл» 

жинағы

Маусым айында Қор Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған жаңа жобаларының бірі – «Елбасы 

және мемлекеттік тіл» атты жинағын жұртшылыққа тарту етті. Жинақтың 

шығуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетті.

Жиналған  қауымға  жаңа  басылымды  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамының Президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, «Егемен

 

Қазақстан 



Республикалық  газеті»  Акционерлік  қоғамының  Президенті,  Қордың 

Қамқоршылық  Кеңесінің  мүшесі  Сауытбек  Абдрахманов,  Қордың 

директоры  Азат  Шәуеев  және

 

«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ-ның  Баспасөз 



хатшысы  Ғалым  Тұмабаев

 

таныстырды.  Бұл    еңбекті    әзірлеудегі  



басты  мақсат  –  Ұлт

 

көшбасшысы  Н.Назарбаевтың  мемлекеттік  тіл  



мәселесіндегі

 

сындарлы  саясатын,  жетекші  рөлін  көрсету. Сондай-



ақ,    бұл

 

еңбекке  соңғы  жиырма  жыл  ішінде  тіл  мәселесіне  қатысты 



қабылданған  бағдарламалық  құжаттар  мен  нормативтік-құқықтық

 

актілер  және  де  тілші  ғалымдар  мен  қоғам  қайраткерлерінің  түрлі 



басқосуларда  жасаған  баяндамалары,  сөйлеген  сөздері  мен

 

ұсыныс-



пікірлері  берілген.  Жинақтың  таралымы  2  мың  дана  және  олардың 

басым бөлігі кітапханаларға, мектептер мен жоғарғы оқу

 

орындарына, 



қазақ тілі орталықтарына тегін таратылды.

www.balbulaq.kz, 

www.economika-qun.kz

және 

www.kazmunai.kz  

сайттарының ашылуы

Қыркүйек  айында  Қор  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  Акционерлік  қоға-

мының қолдауымен әзірленген балаларға арналған

 

«balbulaq.kz» 



танымдық  порталының,  экономикалық  тақырыптағы

 

«economika-



qun.kz»  және  мұнай,  газ  тақырыбына  арналған

 

«кazmunai.kz» деп 



аталатын  үш  интернет-сайттың  ашылу  рәсімін  өткізді.  Жиналған 

қауымға  жаңа  сайттарды  Қордың  директоры  Азат

 

Шәуеев,  



«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ-ның  Баспасөз  хатшысы  Ғалым

 

Тұмабаев,  



«ҚҰН+К»  ЖШС  редакторы  Берік  Әшімов,  «Абай-ақпарат» қазақ 

Интернет  кеңістігін  дамыту  қоры»  қоғамдық  қорының

 

президенті 



Дәурен  Қуат,  «Назар»  Қазақ  журналистерінің  Қоғамдық  қорының 

PR-менеджері  Жандос  Смайылов  таныстырды.  Мемлекеттік 

тілдің  электрондық-ақпараттық  кеңістікте  дамуын  қамтамасыз 

ету  мақсатында  отандық  сайттарға  қолдау  көрсету

 

Қордың 


басты  басымдықтарының  бірі  болып  табылады.  Мысалы,  2009-

2010  жылдары  қазақтілді  интернет  кеңістігінде  жоғары  қолданыс 

көрсеткішіне ие болған 6 түрлі бағыттағы жаңа интернет-сайттар 

Қордың қолдауымен ашылған болатын.



66

67

«balbulaq.kz» 

сайтында

 

бастауыш 



класс  оқушыларына

 

арналған  оқу-



әдістемелік  құралдар,  ертегілер, 

аңыз-әңгімелер, 

мультфильмдер 

мен


 

басқа  да  түрлі  бағыттағы

 

ақпараттық-танымдық  материалдар 



топтастырылған.  Портал  6-10  жас 

аралығындағы

 

балаларға арналған.



«economika-qun.kz» 

сайтынан


 

еліміздің  экономикасының  бүгінгі 

тыныс-тірішілігін, 

қаржы 


және 

экономика 

салалары 

бойынша 


ақпараттық-сараптамалық материал-

дарын,  сарапшылардың  ой-пікір-

лерін,

 

экономикалық  терминдер



 

сөздіктері мен валюта көрсеткіштерін, 

осы  саладағы  нормативтік-құқықтық 

актілерін

 

мемлекеттік  тілде  көруге



 

болады.


«кazmunai.kz» 

өз

   



қолданушыларын 

мұнай  және

 

газ  өндірісі  саласының



 

жаңалықтарымен, осы саланың даму 

тарихы 

және 


ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының

 

материалдарымен 



қамтамасыз  етіп  қоймай,  сонымен 

қатар  отандық  және  халықаралық 

мұнай  және  газ  өндірісі  салалары 

нарығындағы өзгерістермен ақпарат-

тандырып

 

отырады.



«balbulaq.kz» «economika-qun.kz» 

«кazmunai.kz»

ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі 

Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі 

Александр Винниковпен кездесу

Қыркүйек  айында  Қордың  директоры  Азат  Шәуеев

 

Еуропа-


дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) аз

 

ұлттар 



істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр 

Винниковпен  кездесті.  Кездесу  барысында  ЕҚЫҰ-ның  аз  ұлттар 

істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебектің Қазақстанға 

алдағы сапары жайы сөз болды. Сонымен қатар олар Қазақстанда 

тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып,

 

ұлт бірлігін 



нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік

 

тілдің кең 



ауқымды  қолданысын  қамтамасыз  ететін  үйлесімді  тіл

 

саясаты 



мәселелерін ортаға салды.

68

69

«Қазақша сөйлесейік!» акциясы

Қыркүйек  айында  Қор  мен  «Нұр  Отан»  ХДП  «Жас  Отан»  Жастар 

қанаты жыл сайынғы «Қазақша сөйлесейік!» акциясын

 

өткізді. Акцияны 



ұйымдастырушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу 

үлгілері, қазақ және орыс тілдерінде қажетті сөздер мен сөз тіркестері 

берілген «Дүкен – Магазин», «Дәріхана – Аптека», «Поезда – В поезде», 

«Ұшақта  –  В  самолете»,

 

«Асхана  –  Столовая»,  «Қоғамдық  көлік  – 



Общественный

 

транспорт»,  «Кинотеатр  –  Кинотеатр»  тақырыптарына 



арналған буклеттер мен плакаттар әзірледі.

Акция  аясында  қоғамдық  көліктерде,  ұшақтар  мен  жолаушылар 

тасымалдайтын  поездардың  ішіне  және  темір  жол  вокзалдары  мен 

әуежайларда мемлекеттік тілді өз бетінше

 

үйренуге арналған арнайы 



плакаттар  ілініп,  жолаушылар  арасында

 

орысша-қазақша  шағын 



тілдескіштері бар буклеттер  еліміздің

 

барлық аймақтарында таратылды.



«ТІЛектестер ШАШУы» 

атты ІІ фестивалі

Қазан айында Қор Астанада «ТІЛектестер ШАШУы» атты ІІ

 

фестивалін 



өткізді. Фестивальдің мақсаты – жастар арасында қазақ тілін насихаттау, 

олардың  өз  Отанына,  туған  елі  мен  жеріне  деген  сүйіспеншіліктерін 

арттыру және патриоттық тақырыптағы жаңа әндердің пайда болуына 

ықпал ету. Концертке елімізге белгілі жұлдыздармен қатар жас әншілер 

қатысып,  ел  мен  туған  жер,  ана  тіліміз  туралы  патриоттық  әндермен 

шашу  шашты.  Концертті  800-ге  жуық  астаналықтар  мен  Елорда 

қонақтары тамашалады.

«Қазақшаңыз қалай?» 

тілдік байқауы

Желтоқсан  айында  Астана  қаласының  Балалардың

 

құқықтарын  қорғау    департаменті  мен  Қордың  қолдауымен



 

«Қазақшаңыз  қалай?»  атты  балалар  үйінің  тәрбиеленушілері 

арасында тілдік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың 

ой-өрісін,  сөздік  қорын  молайту,  ойларын  көркемдеп  жеткізу 

дағдысына

 

қалыптастыру.  Сондай-ақ,  Отанына,  туған  жеріне 



деген  сүйіспеншілікті  арттыру,  мемлекеттік  тілге,  қазақ 

мәдениетіне деген

 

өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, жетім 



және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өнерін 

жұртшылыққа таныту.



70

71

Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» 

II тіл байқауы

Желтоқсан  айында  Қор  Астана  Политехникалық  колледжінде

 

«Қазақша  білесің  бе?  Досыңа  үйрет!»  атты  жаңаша  үлгідегі  тіл



 

байқауын өткізді. Байқаудың басты мақсаты – студент жастардың 

мемлекеттік тілді үйренуіне ықпал ету және оларды ынталандыру. 

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі және қазақ тілінде жеке әңгімелесу арқылы тіл 

үйренушілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергені бағаланып, 

байқау жеңімпаздары анықталды. Жүлделі орындарды иеленген 

жастар  Қордың  арнайы  дипломымен,  бағалы  сыйлықтарымен 

марапатталды.



Қордың 2012 жылы 

атқарған іс-шаралары

72

73

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің 

символы» олимпиадасы

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Дарын» 

республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту  

қорының  қолдауымен  2012  жылғы  5-7  қаңтар  аралығында  Астана 

қаласында қазақ тілінен өзге ұлт оқушылары арасында «Тіл – мемлекет 

тәуелсіздігінің  символы»  VI  республикалық  қашықтық  олимпиадасын 

өткізді.

Олимпиаданы өткізудің басты идеясы – Қазақстан Республикасында 

тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мем-

лекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілді қолданудың басты 

бағыттарын  анықтау,  кең  көлемде  қолдануды  жариялау  және  өзге  ұлт 

оқушыларының арасында оқып-үйрену сапасын арттыру. 

Олимпиаданы  өткізу  Ережесіне  сәйкес  жеңімпаздар  I,  II  және  III 

дәрежелі дипломдар мен номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен 

марапатталды. 

Астаналық оқушылар арасындағы 

қалалық Дебат турнирі 

2012  жылдың  наурыз  айында  №52  мектеп-гимназиясында 

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 

Мемлекеттік тілді дамыту қоры, «Жас Отан» жастар қанатының 

2012  жылғы  18-20  сәуір 

аралығында  Семей  қала-

сында  Мемлекеттік  тілді 

дамыту қорының қолдауымен 

ҚР  Қарулы  Күштері  Құрлық 

әскерлері  мемлекеттік  тілді 

дамыту мамандарының 2011-

2012  оқу  жылының  қоры-

қолдауымен  Қалалық  Де-

бат турнирін өткізді.

Дебат  турниріне  қала 

мектеп 


оқушыларынан 

49  команда  яғни,  қала 

мектептерінің 25-і қатысты. 

Турнир  қорытындысы  бо-

йынша  «Үздік  спикер», 

«Үздік  төреші»  атағын 

иеленген  турнир  жеңім-

паздарына  Астана  қала-

сының  Балалардың  құқықтарын  қорғау  департаментінің  грамо-

талары  мен  сертификаттары  және  Мемлекеттік  тілді  дамыту 

қоры  мен  «Жас  Отан»  жастар  қанатының  арнайы  сыйлықтары 

тапсырылды.



 

 

ҚР Құрлық әскерлері мемлекеттік 

тілді дамыту мамандарының 

әдістемелік жиыны

тындысы бойынша ұйымдастырылған әдістемелік жиыны өтті. 

Әдістемелік  жиынның  мақсаты  -  мемлекеттік  тілді  одан  әрі 

қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық 

базасын  жетілдіруге  бағытталған  шаралар  кешенінің  жүйесін 

қалыптастыру.  «Үздік  оқытушы  –  офицер»,  «Үздік  маман», 

«Әскери  ақын»  сайысын  өткізу  және  жеңімпаздарды  анықтау; 

әскери  қызметшілердің  күнделікті  қызметіндегі  мемлекеттік 

тілді  қолдануын  талап  ету  және  материалдық  қамтамасыз  ету 

базаларының заманауи технологияларының жолдарын көрсету.

Жиын барысында жүлделі орындарды иеленген әскери қызмет-

шілерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды. 



74

75

Саяси қуғын-сүргіннің 75 – жылдығына 

арналған байқауы

2012  жылдың  16  мамырында  саяси  қуғын-

сүргін  және  тоталитаризм  құрбандарының 

«АЛЖИР»  мемориалды-мұражай  кешені  Мем-

лекеттік  тілді  дамыту  қорының  қолдауымен 

үздік зерттеу жұмыстарына арналған байқаудың 

қорытындысын шығарды.

Жаппай  саяси  қуғын-сүргіннің  75  жылдығына 

арналған  бұл  конкурс  «Сіз  бұрынғы  КСРО 

халықтарының қуғын-сүргіні мен жер аударылуы 

туралы не білесіз?», «Сіздің отбасыңызға қуғын-

сүргіннің  әсері  болды  ма?»,  «Бұл  қасірет  енді 

ешқашан  қайталанбасын»  атты  тақырыптар 

бойынша өткізілді. 

Конкурсқа  барлығы  37  жұмыс  келіп  түсті. 

Қатысушылар өздерінің жұмыстарында тарихтың 

«ақтаңдақ» болған беттеріне шолу жасап, саяси 

қуғын-сүргіннің  мағынасына  ғылыми  тұрғыдан 

талдау  жасады.  Конкурстың  жеңімпаздарына 

бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді, 

сондай-ақ, жақсы материалдар жинаққа шығарылып, бұқаралық ақпарат 

құралдарына жарияланды. 



«Тарих ата» Республикалық 

қашықтық Олимпиадаcы

2012 


жылдың 

17-19 


мамыр  күндері  Қор  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігінің 

«Дарын» 

республикалық 

ғылыми-практикалық орталы-

ғымен  бірлесе  отырып,  5-10 

сынып  оқушылар  арасында 

«Тарих  ата»  республикалық 

қашықтық  олимпиадасының 

қорытындысын  шығарды.  Олимпиаданың  қорытынды  кезеңі 

Бурабай  өлкесінің  «Балдәурен»  республикалық  оқу-сауықтыру 

орталығында ұйымдастырылды (Ақмола облысы, Щучье қаласы). 

Олимпиаданың  мақсаты  –  оқушылардың  туған  елінің  тарихын 

танып білуге қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпақты Отан 

сүйгіштікке тәрбиелеу. Жеңімпаздарға Қордың арнайы сыйлықтары 

мен  «Дарын»  РҒПО  грамоталары,  дипломдары  және  барлық 

қатысушыларға сертификаттар тарту етілді. 


76

77

Халықаралық балаларды 

қорғау күні

Қор  1  маусым    –  Халықаралық  Балаларды  қорғау  күніне  орай  жас 

суретшілер  байқауында  үздік  нәтиже  көрсеткен  бірқатар  оқушыларға 

бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сонымен  қатар,  Ақмол  ауылының  мүгедек  балаларына  арнап  Қор 

«Жүрегіммен  көріп,  жаныммен  сезінемін»  атты  мерекелік  шара 

өткізді. 

Мерекелік шараның мақсаты – мүгедек балалардың шығармашылық 

қабілеттіліктерін дамытып, туған елін танып білуге қызығушылықтарын 

арттыру,  Отан  сүйгіштікке  тәрбиелеу  және  мемлекеттік  тілді  оқып, 

үйренуді ынталандыру.

Аталған  шараға  қатысқан  барлық  балаларға  әлемдік  классика 

шығармаларының қазақ тіліндегі үлгілері мен Мемлекеттік тілді дамыту 

қорының арнайы сыйлықтары тарту етілді.

 «Өзін-өзі тану» байқауының 

марапаттау рәсімі 

2012  жылдың  27  тамызында  Астана  қаласының  Бала-

лардың құқықтарын қорғау департаменті Қордың қолдауы-

мен  ағымдағы  тамыз  конференциясының  аясында 

«Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі – 2012» атты сырттай 

байқауының марапаттау рәсімін өткізді.  

Байқаудың  мақсаты  –  адамның  рухани  дамуы  бағдар-

ламасының  жүзеге  асырылуы  жөнінде  өзін-өзі  танушы 

педагогтардың  жұмысы  туралы  жұртшылықты  хабардар 

ету, балаға аса қамқорлықпен және түсіністікпен қарайтын 

шығармашыл өзін-өзі танушы педагогтарды қолдау. Байқау 

жеңімпаздарына  Астана  қаласы  Балалардың  құқығын 

қорғау  департаментінің  дипломдары  мен  Қордың  арнайы 

сыйлықтары тарту етілді.



78

79

«Қазақшаңыз қалай?» байқауы

2012  жылдың  26  қыркүйегі  күні  Қазақстан  Республикасы 

халықтарының тілдер мерекесіне орай Астана қаласының кәсіптік 

білім беру колледждерінің өзге ұлт оқушылары арасында Қордың 

қолдауымен 

«Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқауы өтті. 

Байқау  кәсіптік  білім  беру  колледждерінің  оқушылары 

арасында  өз  тобын  таныстыруы,  әншілік  қабілетін  танытуы, 

көркем сөз оқу шеберлігін арттыруы, тақырып бойынша көрініс 

көрсетуі,  мақал-мәтелдер  туралы  білімдерін  кеңейту  бойынша 

жүзеге  асырылды.  Аталған  жеңімпаздар  алғыс  хаттар  мен 

арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» 

байқауы

 

Астанада  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының 

қолдауымен  «Ұлттық  прогресс  үшін»  жас  мамандар 

кеңесі»  Қоғамдық  қоры  Қазақстан-Ресей  университеті 

базасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге 

ұлт  балалары  мен  жастары  арасында  «Мемлекеттік 

тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізді. 

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқу орындарының 

оқушылары мен студенттері қатысты

.

 



80

81

Мектеп-интернаттың 

тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға 

тартылды

2012  жылдың  29  қара-

шасы 

күні 


Мемлекеттік 

тілді  дамыту  қоры  Арнайы 

түзету мектеп-интернатының 

оқушыларына  мемлекеттік 

тілдегі 100 кітап пен дискілер 

сыйға  тартты.  Бұл  әлем 

ертегілері,  оқушыларға  арналған  энциклопедиялар,  танымдық 

балалар  әдебиеті  және  аудиодискідегі  қазақ  ертегілері.  Бұл 

шараның  мақсаты  балалардың  арасында  мемлекеттік  тілді 

үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  көп  ұлтты  Отанымызға  деген 

мақтанышын  арттыру,  қазақ  әдеби  тілін  үйренуге  баулу  және 

өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру.

Қордың 2013 жылы 

атқарған іс-шаралары


82

83

Өзге ұлт өкілдерінің арасында 

қазақ тілінен олимпиада 

Астанада  5-10  сынып-

та  оқитын  өзге  ұлт  өкіл-

дерінің  арасында  «Тіл  – 

тәуелсіздіктің  символы» 

атты  VI  республикалық 

қашықтықтан 

өтетін 


олимпиада өтті. 

Қалалық дебат турнирі

Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 22-23 сәуір күндері 

Астанада  Балалардың  құқықтарын  қорғау  қалалық  департаменті 

мен  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  мұражайы  бірлесіп 

ұйымдастырған қала оқушылары арасында дебат турнирі өтті.

Турнир  мектеп  оқушыларының  әлеуметтік  және  шығармашылық 

белсенділігін  көтеру,  сонымен  қатар,  балалалардың  әлеуметтік 

бастамаларын қолдау мақсатында өткізілді.

Дебат  турниріне  Астана 

қаласының  мектеп  оқушы-

ларынан құрылған 38 коман-

да қатысты. 

Турнир 

қорытындысы 



бойынша  «Үздік  спикер», 

«Үздік 


төреші» 

атағын 


иеленген  турнир  жеңімпаз-

дарына  естелік  сыйлықтар, 

грамоталар  және  алғыс 

хаттар тапсырылды.



 Олимпиаданы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауына сүйене 

отырып Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Дарын» респуб-

ликалық ғылыми-практикалық орталық өткізді. 

Мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс танытқан оқушылардың тала-

бын  шыңдау  мақсатында  жыл  сайын  ұйымдастырылатын  олимпиада 

екі  кезеңде  өтті.  Онлайн  режимінде  өткен  бірінші  кезеңге  703  оқушы 

қатысты. 

Қазақ тілінде 

шығарма жазу байқауы

5-11  сәуір  күндері  Астана  қаласының  №  4  және  №  51 

мектеп-гимназиясы  мен  Алматы  қаласының  №  123  мектебі 

оқушыларының  арасында  «Арман!  Еңбек!  Сенім!»  тақырыбына 

қазақ тілінде шығарма жазу байқауы өтті.

Байқауға  қатысқан  190  оқушының  арасынан  ең  үздіктерін 

анықтау  үшін  арнайы  комиссия  құрылды.  Жеңімпаздарға  «Жас 

Отан»  Жастар  Қанатының  грамоталары  мен  Мемлекеттік  тілді 

дамыту қорының естелік сыйлықтары тапсырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет