4.1917-1933 жылдар арасында қазақ баспасөзі мен журналистикасының дамуы.
2сағат
1.
Қазақ тарихындағы журналистика саласының қалыптасуы
2.
Қазақ баспасөзінде «Ақ жол» газетінің алатын орны
3.
Қазақ жастар баспасөзінің тарихы.
4.
Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы баспасөз.
Кеңес өкіметінің алғашқы шараларының бірі - сол кезде белгілі себептермен контре-
волюцияшыл-буржуазиялық баспасөз деп аталған “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Бірлік туы”,
“Ұран”, “Абай” сияқты, т.б. ұлттық басылымдарды біржолата тоқтатып, жабу болды.
Осыған орай жаңадан құрылған қазақ жеріндегі кеңестер белсенді қызмет атқарады. Олар
негізінен 1918 жылдың соңына дейін бойшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан бір топ
газет-журналдарды біржолата жойып жіберудің арқасында солардың баспаханалары мен
қағаз қорларын пайдалана отырып, өздерінің газеттерін шығара бастады.
Қазан төңкерісіне дейін де Қазақстанда еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары деп
аталған ұйымдардың болғаны тарихтан мәлім. Мысалы: Верныйда “Мұсылман жұмысшы
ларының біріккен одағы” құрылып, жұмыс істеген. Бұл одақ 1917 жылдың 13 желтоқса-
нында “Садақ” атты сықақ журналын шығара бастады. Ол негізінен, Жетісу елі ішіндегі
кемшіліктерді ашып, түзетуді, жұртқа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді мақсат
еткен. Журналға идеялық жағынан жетекшілік жасаған О.Жандосов болса, редакторы
Ә.Басиров еді.
Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметтің тұсында қазақ жерінде де облыстық,
уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы: Ақмолада құрылған осындай “Қазақ”
комитетінің құрамында С.Сейфуллин де болған. Бұл комитет сол кезде бұрынғы әкімдерді
ел билеу қызметінен босату, олардың орнына жұмысшы-кедейлерді іске қосу, дінмен
күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге
асырумен айналысқан.
Осы комитеттің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында “Жас қазақ ” ұйымын
құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50-ден аспаса кейін көбейе түсті.
Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң, білім тарату, жаға саясат істеріне
қатысу болып табылады. Осы ұйымның жарғысынан: “Жас қазақ ” Ресейдің ең дұрыс
жобалы төңкерісшіл (революцияшыл) партисымен қатар майданға шығады. Онан соң
Ресейдің құрама (федеративная) республика болуын қуаттайды – деген жолдарды оқуға
болады.
Алайда “Жас қазақ ” ұйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік
арнадан жә- не елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып, 1917 – 1918
жылдары “Айна”деген жур налдың бір санын, “Тіршілік ” деп аталатын газеттің бірнеше
нөмерін шығарғандарын айтар едік.
“Ақ жол ” газеті. 1923 жылы “Ақ жол ” газеті туралы Б.Майлин: “Осы декабрь
жұлдызының 7 күні Ташкентте шығатын Түркістан өкіметінің тілі “Ақ жол ” жарыққа
шығуына 3 жыл толды. Сол күннің құрметі- не“Ақ жол ”Қазақстанда көп тараған газет
екенін айта келіп:“Ол жеткізіп тұрды ”,-деп атап көр-ті.
Шындығында 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-сіне дейін Ташкент қаласында
қазақ тілінде “Жаңа өріс ” газеті шығып тұрған болатын. Ал “Ақ жол ” болса, сол
басылымның заңды жалғасы болатын. Алдымен “Жаңа өріс ” газеті жайлы бір-екі ауыз
мәлемет бере кетейік. “Ол қырғыз-қазақша, жетісіне екі рет шығатын, сыпайы тілдегі
саяси әрі шаруашылық газет ”,- деп аталды. Басылым материялдары халықты негізінен
еңбекке, игі тіршілікке шақырды. Оның бар жо ғы 14 нөмірі жарық көрді. Ал, сол жылдың
7 желтоқсаннан бастап оның орнына “Ақ жол ” газеті, “Қырғыз” газеті деген атпен шыға
бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы редакторы С.Қожанов. Басылымның ішкі
хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жою жайынан, әйел теңдігі, ресми бөлім,
бұйрық-жарлықтар, жастар арасында, жарнама, партия тіршілігі, партия талаптары,
шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды.
“Ақ жол ” газетінің тағы да бір ерекшелігі көңіл бөліп, жан-жақты проблема
көтерген мәселелері шаруалар жағдайы. Мысалы: газеттің 1921 жылғы 52-нөмірінде
“Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымының жобасы” жарияланды. Онда ұйым мүшелерінің
ақща жөніндегі міндеттері, істері көрсетілді, яғни, әр айға кіріс салығы 50 сом, айлық
салығы да 50 сом. Одан әрі ұйымның құрылыс реті көрсетіледі де, дихандар ұйымының әр
ауылда ашылу керектігін айтады.
“Ақ жолда” жиі жазылып, халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі
әдебиет, мәдениет және білім мәселесі болды.
1924 жылдың соңында Түркістан Совет республикасы таратылып қайта құрылды.
Осыған байланысты бұрын оның қарамағында болып келген Жетісу мен Сырдария
облыстары Қазақ АССР-іне қосылды. Осыдан кейін “Ақ жол ” газеті 1925-1927 жылдары
Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің органы болып
Шымкентте шығып тұрды.
Қазақ жастар баспасөзінің тарихы. “Жас алаш” газетінің ең алғашқы нөмірі 1921
жылдың 22 нау рызында Ташкент қаласында шыққан. Тұңғыш редакторы – Ғ.Мұратбаев.
Бірақ көп ұзамай, қағаз тапшылығынан және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылып
қалады да,енді оның орнына 1922 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Орда Азия бюросының
һәм Түркістан Ортақшыл Жастар Ұйымы комитетінің он күндік газеті “Жас алаш”
шығарыла бастады. Редакторы болып Е.Алдоңғаров бекітілді.
“Жас алаш” газеті 30 шақты нөмірінен кейін 1924 жылдың қаңтар айынан бастап
журналға айналды.Бұл Түркістан мен Қазақстандағы жастар басылымы тарихының
алғашқы кезеңі болатын, Ал республикадағы жастардың басылымы - “Өртең” газеті 1922
жылы Орынборда жарық көрді. Оның шаруашылары – С.Сәдуәқасов, А.Байтұрсынов,
Ә.Байдаралин, Е.Алдоңғаровтар еді. Өкініш ке орай “Өртеңнің” де екі ай ішінде 6-ақ
нөмірі шығып, саяси ұстамсыздығы деген желеумен жабылып қалған. Енді, Қазақстанның
аймақтық жастар комитеті “Өртең” газетінің орнына 1923 жылдың қазан айынан бастап
“Жас қазақ” журналын шығара бастады.
1924 жылдың 8 ақпанынан бастап “Еңбекші қазақ” газеті өзінің бір бетін “Лениншіл
жас” атты жастар бетіне айналдырды. Ол 1925 жылы дербес “Жас қайрат” газеті болып
шықты. Ал 1927 жылы 22 қыркүйектен бастап, 1991 жылға дейін үзбей “Лениншіл жас”
деген атпен шыға тұрды.
Алғашқы онжылдықтар ішінде жастар басылымдарының беттеріне Ғ.Мұратпаевтың,
Н.На- дымжановтың, Ж.Сақтаевтың, С.Сәдуақасовтың, А.Лекерұлының, Тәжібайұлының,
Х.Бөлекбаев- тың, Рахымовтың, Р.Жанұзақовтың, Кенжеғараевтың, Е.Смайыловтың
мақалалары жазылып отырған.
Қазақ журналистикасына сексен алтыншы жылдың желтоқсан оқиғасынан соң үлкен
міндет жүктелді. Себебі, КОКП Орталық комитетінің қазақ комитеті туралы белгілі
қаулысы шықыннын кейін “Қазақ ұлтшылдығы” дегенді желеу етіп, орталық
басылымдарда, республтканың орыс тілін-де шығатын газет-журналдарында жастарға
жала жауып, күйе жаққан қианатшыл материялдар кө- бейіп кетті. Әрбір басылымға нақты
тапсырмалар беріліп, тірті арнайы дайындалған материялдар- да ұсынылды.
Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы
баспасөз. 1905 жылдан басталған Россиядағы революциялық әрлеу дәуірі патшалықтың
шет аймақтарында ұлт – азаттық қозғалысының жандануына ықпал жасады. Алайда патша
үкіметіне бұратана халықтардың бірді-екілі оқығандарының “азаттық”, “теңдікті” әңгіме
етуі, тіпті өрескел көрінді. Бірнеше ғасыр бойы үнтүнсіз бағынып, тағдырына мойын
ұсынып келген аз ғана ұлттардың ішінен бұлай бас көтеретін адамдар шығады деп ойлаған
жоқ еді.
Сондықтан да патшалық өкіметті бұндай наразылық көрсете бастағандарды
барынша мұқатып, біржолата тұралатып тастауға ұмытылды. Ал, кеңес дәуірінде
бұлардың патша заманындағы азаттық үшін күресін орысқа қарсы күрес деп теріс
түсінушілер, бұларды ұлтшылдар, бай лар деп кінә тағушылар пайда болды.Оның
үстіне революцияға дейін интеллегент болғандар сол заманның рухани уымен уланғандар
болып табылады. Бұлар енді пролитарият туы астында жинала алмайды, жаңа өмірді
жырлай алмайды деген асығыс, ешбір ғылыми негізсіз тұжырымдар жасалды. Ақыр
соңында оларға әр түрлі жалалар тағылып контрреволюциялық ұйым құруға қатысты
деген айып- тар тағылды. Сол отызыншы жылдардың басында-ақ олардың кейбіреуі
аталып кетті, басқалары ұзақ мерзімге жер аударды. Бұл айдаудан әупірімдеп аман
қалғандарын 1937 жылдың қанды ақпаны мәңгіге жұтты.
Шолақ саясатшы Голощекиннің “кіші Октябрь” саясатя тек малмен күн көріп
отырған қазақ- тың алдымен байларына, онан соң орташаларына, ең соңында астық
екпейтінмалшыға астық салы- ғын салып, астық тауып бере алмағандардың малын тартып
алып, шұбырынды болуға, қаңғып кетуге мәжбүр етті.
Тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы ең алғаш болып “Қазақ әдебиеті” газетінің
1988 жылғы 6 ақпаны күнгі нөмірінде – халқымыздың тілі мен тарихына, мәдениеті мен
әдебиетінің тағдырына байланысты жиі-жиі проблемалық мақалалармен көрініп жүрген
белгілі жазушы Б.Нұжекеевтің “Шындықты бүкпей айтсақ” деген мақаласы жарияланды.
Одан соң бастаманы “Арай ” журналы мен “Өркен” газеттері жалғастырып, бұрын халық
жауы аталыр келген Косарев, Бухарин жайлы материялды орыс тілінен аударып басып,
өздеріде осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью, очерк, мақалаларды жариялай
бастады.
“Ел басынан күн туып, ері қайда жүр екеннің” кері келді. 1937 жылдың тажал
аждаһасы Нығмет Нұрмақанов, Сейтқали Меңдешов, Тұрар Рысқұлов сияқты
миллиондардың өмірін қиды.
Осындай тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы материялдар кезінде басылымдарда
жиі жарияланып, одан қорытынды да шығарыла бастады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?
1.
1917-1933 жылдар арасында қазақ баспасөзі қалай жүргізілді?
2.
Қазақ тарихындағы журналистика саласы қашан қалыптасқан?
3.
Қазақ жастар баспасөзінің тарихы қашан құрылды және қандай мәселелер
қарастырылған?
4.
Ашаршылық және репрессия жылдарындағы қазақ баспасөзінің тарихы және онда
кімдер қызмет атқарған?
5.Соғыс жылдарындағы қазақ басылымдары (1933-1945 ж/р). 2сағат
1. Өлкелік, облыстық және аудандық газеттерде бесжылдық мәселелерінің жазылуы.
2. Неміс-Фашист басқыншыларымен соғыс жылранындағы республикалық, облыс- тық,
аудандық басылымдар және қазақ тіліндегі майдандық газеттер.
Өлкелік, облыстық және аудандық газеттерде бесжылдық мәселелерінің
жазылуы.Отызыншы жылдардың бас кезінде кеңес үкіметінің ауыр өнеркәсіпті дамытуға
ерекше мән беруі- не байланысты Қазақстанда балқаш, Қарағанды; Ембі мұнай кобинаты
сияқты ірі алыптар қатарға қосылды. Ауылдық жерлерде жаңажан бірнеше мың колхоз
және жүздеген мал, астық колхоздары құрылды. Әйтседе, республикада ауыл
шаруашылығаның бұл саласында көптеген кемшіліктер де болды. Мәселен, колхоздар
ұйымдық – шаруашылық жағынан әлі де болса әлсіз, өз бетімен тік тұрып кете алмайтын
жағдайда еді. Міне, сондықтан да бұл шараларды тезірек жүзеге асыру үшін баспасөздің
жан жақты көмегі қажет болды.Осыған орай, енді Қазақстан Өлкелік партия комитеті- нің
1933 жылғы 4 маусым күні болған бюросында Л.И.мирзоян қазақ баспасөзінің жайы мен
міндеттері туралы сөз сөйлеп, осы мәселе туралы қаулының жобасын ұсынады. Көп
кешікпей “Өлкелік басылымдар - “Социалисттік Қазақстан” мен “Казахстанская правда”
газеттерінің жұмысын қайта құру туралы” Қазақстан өлкелік партия комитетінің қаулысы
жарияланды.
1933-1936 жылдары Өлкелік партия комитеті республикалық газеттердің
редакторларын іскер, тәжірибиелі кадрлармен нығайтып отырды. Қазақстан өлкелік
партия комитеті 1934жылы маусымда белгілі жазушы, публицист Ғабит Мүсреповты
“С.Қ-ның” редакторы етіп бекітті. Редакция аппараты Бейсенбай Кенжебаев, Аманғали
Сегізбаев,Нұрсейіт Ерубаев, Байжасаров, Ахмет Елші- беков, Мерғали Ешмұхамбетов,
Ануар Омарбеков,Несіпбай Манашев, Жұмағали Сәрсеков және т.б. толықтырылды.
Белгілі журналист және әдебиет сыншысы Құлмырза Өтепов 1938 жылға дейін үзбестен
“С.Қ” газетінің партия тұрмысы, насихат, баспасөз, әдебиет бөлімдерін басқарды. Ірі
публицист және әдеби сыншы Ілияс Қабылов “С.Қ”-ға эстетика және әдебиетті зерттеу
мәселелері жөнінде мақалалар жазып тұрды.
Осы жылдары саясат және экономика тақырыптарына мақала жазып жүрген ақтаған
СЧ Бәйішев еді. Ол әрі “Социалистік Қазақстанның” редакторы болды.
1937 жылы Қазақстанда 267, оның ішінде 137 газет қазақ тілінде шығарылды.
Олардың тира-жы 660 мыңға жуық дана болды. Бұрынғы жылдардың қайсысымен болсада
да көп, жалпы тиражы 5,3 млн.аса дана болып, 408 түрлі кітап басылып шықты.
Радио хабарын тарату жедел дамыды. 1937 жылдың көктемінде республикада 307
радиотора бы, 57 мың радиоқабылдағыш жұмыс істеді, бұл 1935 жылдың осы уақытындғы
сынан 3 еседей артық еді. Бірақ осының өзі халықтың “Қапшықтай білмейтін қағазсыз” га-
зетке деген өскелең қажетін өтей алмады.
1937 жылы 5-12 мамырда Қазақстан Комунисттік партисының бірінші съезінде
Орталық Комитетті сайлады. “Социалисттік Қазақстан”мен “Казахстанская правда”
Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің органы болды.
Қазақстан Компартиясы бірінші съезінің шешімдерін орындауға комунисттер мен
барлық ең бекшілерді жұмылдыра отырып, республика баспасөзі, комуниттік партияның
тарихы мен теория- сын оқып үйрену “ұлт кадрларын даярлау жәнеоларды идеялық, саяси
жағынан тәрбиелеу тақы- рыптарына баса көңіл аударды”. Сол кезде партияның ішкі
демократиясын
өркендетуге
“Ауыл
ко-ммунисі”,
“Большевик
Казахстана”мен“Казахстанская правда” және басқа газеттерде жарияланған мақалалар мен
корреспонденциялардың тигізген пайдасы орасан зор болды.
Қазақстан Комунисттік (большевиктер) партиясының ІІ съезіне (1938 шілде) дейін
республи- ка баспасөзі едәуір дами түсті. Қазақстан Компартиясының І съезінен кейінгі
уақытта жаңадан 4 облыстық және 16 аудандық газет пайда болды. Бұрынғы 9 журнал
енді 13-ке жетті. Газеттердің тиражы 300 мың данаға дейін өсті.
“Социалисттік
Қазақстан”,“Казахстанская правда”,“Советтік Қарағанды”және
“Соц.Қараган- да”газеттері стахановтық қозғалысты тағы да онан әрі өркендетуге үлес
қосты. Отанымыздың эко- номикасы мен қорғаныс қуатын нығайту жолдарындағы
күресте облыс- тық, аудандық газеттер де елеулі жұмыс істеді.
Мерзімді баспасөзде республиканың 20 жылдық тарихында қол жеткен табыстары
ойдағы- дай насихатталды. Газеттер беттерінде “Еңбек тәртібін нығайтайық”,
“Қыдырымпаздыққа салы- нып, жұмыс уақытын босқа өткізушілер болмасын” деген
айдармен кәсіпорындар мен мекемелер- ден түскен хабарлар мен хаттар жиі басылып
тұрды.
Республика баспасөз Отан қорғаушылық маңызы бар кәсіпорындарын, алдымен түс-
ті металлургия кәсіпорындарын ерекше бақылауға алды. Онда өздерінің қызметкерлерін
арнайы жіберіп, немесе жұмысшы тілшілермен жұмыс жасап тұрды.
Мерзімді баспасөз және басқа басылымдар сан және сапа жағынан да өсе берді. Ұлы
Отан соғысы қарсаңан да республикада жалпы тиражы 1 млн дана болып негізінен қазақ
және орыс тілінде 322 газет шығарылды. Тоғыз республикалық, 28 облыстық және 193
аудандық газет шығарып тұрды.
1934 жылы 15 қаңтарда Қазақтың Мемелекеттік университеті ашылды. Бұл сол жыл-
дары Қазақстандағы 13-ші жоғары оқу орны болды. Оларды 4266 жас жігіттер мен қыздар
оқыды,олардың 62%қазақ жастары еді. Қазақ университетінің ашылуын қазақ халқының
мәдени өміріндегі тарихи оқиға деп бағалап, газет бұл күнді халықтық мереке ретінде атап
өтті.
Отызыншы жылдардың орта шенінде қазақ тілінде газет,журналдар,кітаптар мен оқу
лықтардың көп шығарылуы, жергілікті мектептерде сабақтың ана тілінде жүргізілуі қазақ
тілі мен әдебиет мәселелерін кең зерттеу жұмыстарын кезекке қойды.Республикалық газет
ғылыми-техникалық терминдерді батыл қабылдау арқылы қазақ тілінің сөздік қорын байы
та түсу жөнінде,қазақтың әдеби тілі мен жазбасын дамыту жөнінде проблемалық мәселе-
лер көтеріп отырды.
Екінші бесжылдықта Қазақстанның баспасөзі де дамыды. 267 газет шығып тұрды.
Оның 137-сі қазақ тілінде еді.
Баспасөз әдебиет пен өнер мәселесіне үлкен көңіл бөліп отырды. Осы кезде халық-
тың тек материялдық талаптары ғана емес, рухани талаптары да өсті. Соған байланысты
әдебиет пен өнердің және баспасөздің де рөлі арта түсті.
Бұл міндеттерді шешу ісімен бүкіл қазақ баспасөзі, оның ішінде“Қазақ әдебиеті”га-
зеті, “Әдебиет майданы” мен “Литературный Казахстан”, “Әйел теңдігі”, “Ауыл мұғалімі”
журналдары сияқты мәдениет мәселелеріне арнналған баспасөз органдары шұғылданды.
Қазақастанда жазушылар съезі 1934 жылы 12 маусымда ашылды. Қазақ жазушыла-
ры баспасөзге белсене қатысты. Жаңадан Жақан Сыздықов, Тайыр Жароков, Әбділдә
Тәжібаев, Ғали Орманов, Ғабдол Сланов, т.б. корреспонденциялары, мақала, өлең, әңгіме
очерктері “Социолисттік Қазақстанның” беттерінде көріне бастады.
Өлкелік баспасөз ауылдағы мәдениет ошағы – клубтар мен кітапханалардың, оқу
үйлері мүйістерінің жұмыстарына да үлкен көңіл бөлді.
Қазақ АССР Орталық Ақтау комитеті халық тілегін орындай отырып, 1928 жылы
латын алфавитін мемлекеттік “алфавит” деп жариялады. 1929 жылдан бастап өлкелік газет
шағын хабар, заметкаларды латын әріпімен бастырып шығарып, газет оқушыларын жаңа
алфавитке үйретті. Газет, журнал, баспалар 1930 жылы жаңа алфавитке тегіс көшірілді.
Бұл латын алфавиті 1940 жылға дейін қолданылды. 1940 жылы орыс алфавитіне
көшу мәселесі қаралды.
Неміс-Фашист
басқыншыларымен
соғыс
жылранындағы
республикалық, облыс- тық, аудандық басылымдар және қазақ тіліндегі
майдандық газеттер.
Соғыстың басталуына байланысты кеңес мемлекетінде бақ-тың жұмысын ұйымдас-
тыру ісінде елеулі өзгерістер жасалды.Атап айтқанда, ең алдымен күш пен қаржыны үнем-
деу, әскери газеттердің жүйесін өрістеу үшін партия салалық газеттер мен журналдардың
шығарылуын уақытша тоқтатып, барлық қайрат жігерлерін саяси басылымдардың маңда-
рына топтастырды. Қазақстанда 1941 жылдың шілде айынан бастап, “Лениншіл жас”,
“Ленинская смена”, “Пионер Казахстана”, “Октябрь балалары”,бес облыста шығатын ком-
сомол газеттері,“Коммунист”,“Жас большевик”,“Пионер”,“Вожатыйға көмекші”, “Сталин
жолы”, “Народное хозяйство Казахстана”, “Қазақстан колхоз-совхощздары”, “Литература
и искусство Казахстана”, “Халық мұғалімі”, “Әдебиет және искусство” журналдарының
шығарылуы соғыс талабына сай тоқтатылды.Енді бұл газеттер мен журналдардың міндет-
терін республикалық “Социолисттік Қазақстан”, “Казахстанская правда” газеттері арқару-
ға тиісті болды.
Әйтседе, осындай қиын-қыстау кезеңге қарамастан республикамызда облыстық га-
зеттердің саны онша қысқартылған жоқ. Олардың соғыстан бұрынғыдан тек төртеуі ғана
кеміді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қазақ және
орыс тіліндегі екі басылым болып шығатын бір ғана газет шағарылды. ВКП (б) ОК-нің
нұсқауы бойынша республикалық және облыстық газеттер аптасына үш рет төрт бет, үш
рет екі бет көлеммен шығып тұрды.
Аудандық газеттер бұрынғы қалпында ғана сақталып қалған жоқ, қайта өсті. Соғыс-
тың алғашқы кезінде олардың саны 196-ға жетті. 1941 жылдың мамыр айында бұған тағы
да үш газет қосылды. Айырмашылығы бұрын күн сайын шығып тұратын басылымдар енді
аптасына үш рет екі бет көлемнен басылатын болды. Бұл аудандық газеттерден басқа
Қазақстанның ірі кәсіпорындарында 44 көп тиражды газет жарық көрді. Сөйтіп, соғыстың
алғашқы кезеңінде республика көлемінде тарайтын 228 газеттің 126-сы қазақ, 96-сы орыс,
3-і ұйғыр, 2-і өзбек және корей тілінде болды. Олардың жалпы тиражы соғыстан бұрынғы
жылдары 2,100 мың дана болса, енді 700 данаға дейін кемітілді.
Соғыс басталысымен баспасөздің, бүкіл мазмұны уақыт талабына сай“Барлығы май-
дан үшін! Барлығы жеңіс үшін!” деген айбынды ұранға бағындырылды. Мәселен, “Социа-
листтік Қазақстан” газетінің 1941 жылғы 22 маусымдағы нөмірі әдеттегідей бейбітшілік
сарынымен шыққанымен,келесі 23 маусымдағы нөмірі бүтіндей неміс-фашист басқыншы-
ларының кеңес үшкіметіне зұқлымдықпен шабуыл жасауына арналды.
ВКП(б) Орталық Комитетінің үгіт және насихат басқармасы1942жылдың наурыз ай-
ында аудандық газет редакцияларына журналисттік тәжірибені тиімді пайдаланып, кемші-
ліктерден арылу жайында хат жолдады. Ал,ҚазақстанКП(б)Орталық Комитеті болса өз ке-
зегінде осы хатты алысымен барлық аудандық,облыстық және республикалық газеттердің
жұмысын тексеріп, олардан аудан өмірі мен экономикасын терең де жарқын жазып отыру-
ды талап етті.Сөйтіп,аудандық газеттер соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ айтарлық
-тай қызмет атқарды деп айтуымызға болады.
Аудандық газеттердің осындай жұмыстарымен қатар соғыс жайында әйелдер мен
жастардың өндірістегі ролі мейлінше арта түсті. “Социолисттік Қазақстан”,“Казахстанс-
кая правда” газеттері 1941 жылдың маусым айында Солтүстік қазақстан облысының Полу
-ден МТС-індегі бір топ тракторшы әйелдердің “Қыздар,тракторғы,комбайн штурвалына!”
деген үндеуін жариялады.
Қазақстан тылындағы алуан түрлі жұмыстарды әйелдер атқарды. Мұны Ақтөбе об-
лысының “Социолисттік жол” газетінің материялдарынан айқын аңғаруға болады.Нақ осы
сияқты ауыл шарушылығы жұмысындағы әйелдер де Отан тапсырмасын қандай да бір қи-
ыншылыққа қарамастан үнемі абыроймен орындап отырды. Мысалы,облыс бойынша 1942
жылы түрлі курстарда дайындықтан өткен 3913 механизаторлардың 313-і әйелдер еді. Сол
жылдары бүкілхалықтық Отан вахтасына қатынасушылардың табыстары туралы хабарлар
-ды тарату үшін газет беттерінде арнайы “Қызыл бұрыштар” ұйымдастырылды. Онда ең
алдымен Қарағанды шахтерлерінің, Балқаш Қоңырат, Өскемен және Шымкент металлург-
тарының майданға көмекті күшейтіп орындағандықтары туралы мәлеметтір берілді. Бұған
қосымша газет беттерінде қазақтардың майдандағы ерліктермен қатар,аттары ел құрметін
бөленген озаттарға арналған очерктер,корреспонденциялар және фотосуреттер жария-ды.
Бүкілхалықтық жарыс темір жолшылар арасында да кең өріс алды. “Темір жолшы”
мен “Түрксиб” және басқа газеттер теміржол бойындағы еңбек озаттарының, жаңашылдар
-дың жұмысын кеңінен жазып отырды. Баспасөз колхоздар мен совхоздарда мал қыстау
жайын тексеретін қоғамдық байқауға белсене қатысты.
“Правда” газеті 1943 жылдың 6 ақпанында “Даңқты қазақ халқы-Советтік Отан үшін
күресте” деген бас мақала жариялап, онда: “Қазақтар майданда жауға қарсы жақсы соғыса
-ды, тылда олардың әкелері,шешелері,әйелдері майдан үшін жұмысты аянбай жақсы істей
-ді. Қазақстан өз жерінің барлық байлығымен, қойнауының барлық асыл кенімен майданға
қуатты тірек болып отыр”,-деп жазды.
1942жылдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде майдандық газеттер шыға бас-
тады. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының анықтамасына қарағанда Ұлы Отан соғы соғы
-сы жылдарында қазақ тілінде 16 газет шығып тұрған. Оның алғашқы Панфилов атындағы
8-гвардиялық дивизияның “Отан үшін” газеті. Газеттің 1944 жылдың тамыз айының соңы-
на дейін 109 нөмірі жарық көрген. Басылымның жауапты редакторы жазушы Л.Макеев
болса, оның орынбасары журналист Құрманбек Сағындыков еді.
Ал,екінші бір “Отан үшін” газеті 1942 жылдың шілде айынан бастап Солтүстік ба-
тыс майданда шыға бастаған. Оның 1943 жылдың қараша айына дейін 108 нөмірі жарық
көрді. Газеттің алғашқы жауапты редакторы Н.Кружков,одан кейін Д.Ускулаев болған.
Олардың орынбасарлары К.Усманов пен Жұбан Молдағалиевтер еді. Бұл газетте С.Сейі-
тов әдеби қызметкер міндетін атқарған. Сондай-ақ мұнда А.Тоқмағамбетовтың сатиралық
жанрдағы материялдары көп жарияланған.
Сондай-ақ “Отан үшін” газетінің “Жолдасың үшін кек ал!” деген жалпы тақырыппен
шығарылған екінші бір арнаулы нөмірінде:“Фашисттер барлық ұлттырдың;орыс пен қазақ
-тың да,өзбек пен украинның да,қырғыз,белорустың да қас жауы.Фашисттер ұлт мәдение-
тін, ата-бабамыздың, ғасырлар бойы еңбекпен жасағанын тү қоймай құртпақ...” деп ашына
жазса, одан әрі “Фашисттердің аюандығы” атты мақалада: “Воронеж облысының Сурко-
вые селосының маңында сегіз қызыл әскердің өлігі табылды. Фашисттер оларды азаптап,
үстеріне жанармай кұйып, тірідей өртеп жіберген. Олардың ішінде мыналар бар:Әминов
Өтеп – Гурьев қаласынан, Дүкешев Аймаш – Гурьев қаласының Мақат ауданынан, Ахмет-
ов Арыстан – Батыс Қазақстан облысындағы Жаңа қала ауданының 8-ші ауылынан,
Бекболатов Жұбан – Гурьев қаласынан, Жұбанов Сағдат – Теңіз ауданынан”,- деп фашист-
тердің қанқұйлы аюандығын көрсетеді.
Екінші Белорусия майданының басылымы “Майдан ақиқаты” Солтүстік батыс май-
дан таратылғаннан кейін жоғарыда өзіміз сөз еткен“Отан үшін”газетінің орнына1943 жыл-
дың қараша айынан бастап шыға бастаған. Редакторы белгілі журналист Ахмет Елшібеков
болды. Бұл газет аптасына екі рет 1945 жылдың маусым айына дейін “Неміс окупанттары-
на өлім!” деген ұранмен жарияланып тұрған.
Енді осы газетте жарияланған нақты материялдарға тоқталсақ,онда мәселен“Жауға
дамыл таптырма” деген бас мақалада:“Бір неміс кеміген сайын жеңіс жақындай түседі.Ал-
дыңғы қатарлы жауынгерлерден өнеге алып, немістің қан ішерлерін қыра беріңдер, неміс-
фашист басқыншыларды білектің күшін ғана емес, білімнің дле күшін жұмсап,қыра
беріңдер”,- деп қазақ жауынгерлерінің қайрат жігерін жаниды.
Соғыс жеңіспен аяқталған соң бұрынғы екінші Беларусь майданының аты жаңадан
“Әскерлердің Солтүстік тобы” деп аталады, осыған байланысты енді “Майдан ақиқаты” га
зетінің аты “Жеңіс туы” деп өзгертілді. Сөйтіп, бұл басылымның 1946 жылдың күзіне дей-
ін 86 нөмірі жарық көреді де, тоқтылады. Онда негізінен әдеби қызметкер міндетін атқар-
ғандар Сағынғали Сейітов пен ғажап ақынымыз Жұбан Молдағалиевтар болып табылады.
Көңіл аударарлық тағы бір басылым–Украин майданының органы“Сталин туы”га-
зеті. 1941 жылдың екінші жартысынан бастап Сталинград майданында шыға бастаған бұл
газеттің орысшасы - “Сталинское знамя” деп аталған. Ал, 1943 жылдан Украин майданы-
ның органына айналған бұл басылымның жанынан өзбек, татар, қазақ тілдерінде де әскери
газеттер шығарыла бастаған.Сөйтіп,қазақ тіліндегі“Сталин туы”газеті 1943 жылдың ақпан
айынан бастап, екі бет көлеммен өмірге жолдама алған. Бұл туралы газет тің кейінгі редак
-торы М.Дінішев:“Сталинград төңірегіндегі неміс әскерлеріне қарсы үлкен шабуыл бастал
-ды. Басқа бір армиядан журналист Әнуар Ипмағамбетов, жазушы Қалқаман Әбдіқадіров,
резервтен Төлеу құлдин келді. Біз “Сталинатуы” атты газетті қазақ тілінде шығаратын бол
-дық”,-деп жазған. Газеттің алғашқы редакторы жоғарыда аты аталған – Ә.Ипмағамбетов
болған. Онда әріп теруші болып Забира Айитқожина, Тыңсық Мәткәрімова, Катя Горбуно
-валар жұмыс істеген.
Келесі басылым “Қызыл Армия” деп аталады. Бұл газеттің тарихы 4-Украина
майда- нының таралуына байланысты басталады. Сөйтіп, бұл майдан таралғаннан кейін
жоғары- да сөз еткен “Сталин туы” газеті қызметкерлері 1-Беларусь майданының
қарамағына жібе- ріледі. Оларға жаңа майданда қазақ тілінде жаңа газет шығару міндеті
жүктеледі.Міне, 1-Беларус майданының органы “Қызыл армия” газеті осындай оқиғаларға
орай 1944 жыл- дың қараша айының 4-ші жұлдызынан бастап өмірге келген. Ол “Неміс
оккупанттарына өлім!”деген ұрамен аптасына екі рет шығарылып тұрған.Жауапты
редакторы И.С.Пота- пов, оның орынбасары Үміт Балқашев болған.
“Қызыл армия” газетінде М.Дінішев,Қ.Әбдіқадіров,Т.Ақшолақов,З.Тұрарбековтар
қызмет істеген. Кейіннен газеттің аты “Совет армиясы” деп өзгертіледі. Ол бүкіл Польша
жерін алып, Берлинде, Потстамда 1945 жылдың күзіне дейін үзбей шығып тұрды.
Волхов майданының органы - “Майдан правдасы” газеті 1942жылдың қараша айы-
ның 30-шы жұлдызынан бастап шыға бастады. Жауапты редакторы К.П.Павлов,орынбаса-
ры Н.Қорабаев. Газеттің 1942 жылы 9 нөмері, 1943 жылы 101 нөмірі, 1944 жылы 14 нөмірі
жарық көрген.Газет аптасына екі рет бейсенбі, жексенбі күндері шығып тұрған.Онда қазақ
жауынгерлерін жеңіске рухтандырған, олардың ерлігі дүниенің 4 түпкіріне паш еткен ма-
териялдар жарияланған. Бұл газетте тағы да “Неміс фашист басқыншыларына-лағынет жә-
не өлім!” деген ортақ тақырыппен тағы да бұдан басқа да “Зорлық-зомбылық зардабы”,
“Гитлершілердің тағы бір жауыздығы”, Гитлердің ауыр азабы”,“Бандылар”,“Қанға-қан!”,
“ Жанға-жан!” – деп аталатын көптеген материялдар жарияланып отырған.
Келесі бір“Отан үшін ұрысқа!”газеті Волзхов майданы таралғаннан соң,жоғарыда
аталған“Майдан правдасы”газеті қызметкерлерінің күшімен және сол басылымның баспа-
ханалық базасы негізінде Карелия майданының органы ретінде 1944 жылдың 1сәуірінен
бастап, аптасына екі рет, екі беттік форматпен шыға бастаған, Жауапты редакторы сол
К.П.Павлов, орынбасары М.Қорабаев. Осы жылдың мамыр айынан бастап газеттің беті 4
бетке ұлғайтылған. Газет “Неміс аккупанттарына өлім!” деген нақты ұранмен шығып,1944
жылдың қараша айына дейін, 65 нөмірі жарық көрген. Кезінде көптеген майдандық, газет-
тердің редакциялары өз басылымдарын тылға жіберіп отырған.
Ал,“Отанды қорғауда”газеті болса, Ленинград майданының органы болып есепте-
леді. 1944 жылдың 3 қаңтарынан бастап, қазан айының соңына дейін “Отанды қорғаудың”
84 нөмірі шыққан. Редактор орынбасары міндетін А.Мадалиев атқарған. Кейіннен оны Т.
Әшімбаев ауыстырған.
“Жауды жоюға” және “Жауға қарсы аттан!” газеттері. Алғаш басылым Брянск
майданыныда шыққан. Бас редакторы А.Воловец, орынбасары Т.Мұсақұлов.“Жауды жою-
ға”,“Неміс оккупанттарына өлім!” деген ұранмен аптасына екі рет шығып тұрған. Бұл
газет кейіннен “Алға – жауға қарсы!” деген атпен калинин майданында, соңында “Жауға
қарсы аттан!” деген атпен 1-Прибалтикамайданында шығарылған. Соңғы редакторы
М.Рамзин,Ж.Айтмұратов,әдеби тілші Д.Әбділов болған.
“Дабыл” газеті “Неміс окупанттарына өлім!” деген ұранмен, 4 беттік көлеммен
Қиыр Шығыс майданның органы ретінде шығарылған. Бас редакторы С.Устинов,
орынбасары А.Жүсіпов, Е.Қалиев. Бұл басылымның 1944 жылдың қыркүйек айына дейін
74-нөмірі жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: |