1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Түркологиялық сөздіктер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, заттық, сындық, қимылдық ұғымдарға байланысты жалпытүркілік сөздерге мысал келтіріңіздер



бет36/53
Дата12.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#81881
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
1 азіргі аза тілі лексикасыны лексика-семантикалы таби аты

1.3 Түркологиялық сөздіктер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, заттық, сындық, қимылдық ұғымдарға байланысты жалпытүркілік сөздерге мысал келтіріңіздер.


2. Берілген мәтіннен монғол, араб-парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді белгілеп, оларды этимологиялық сөздіктердің көмегімен қаншалықты дәрежеде тұлғалық және мағыналық өзгеріске ұшырағандығын анықтаңыз.
Бар қолымнан келгені үзбей хат жаза бердім. Зарықса ел хабары көңіліне медеу болсын деп ойладым. Жетім қыз, жесір келіншек күйін кешкен осы әйелдің жүрегінен, сым қуалаған тоқтай болып, қаншама қасірет өткен. Темір кереуеттің бас жағында, дар тұзағындай салбырап, екі сары сым тұратын еді. Ол электр розеткасының сымы болатын. Оны түзетуге Әсеттің мойны жар бермей жүрген. Ішкен адамның көңілі шартарапқа шабады. Қылмыс пен қиянат, суық жүріс – сондай көңілдің мәуесі болады. Алғашында, анасынан айырылған бойда еңіреу, жылаумен келген ол жайлы сая, жақсы ұя тапқаннан кейін, бесігі тербеліп, әлдиі айтылған жас сәбидің тала маужырап тәтті ұйқыға кететіндей, балалықтың алаңсыз бір жайлауына көшті (Ә.Нұршайықов). Бүтін бір класта арифметика, алгебраның еңбек-бейнеті сол есептерін, сызығы көп, қызығы аз геометрияны тригонометрия мен химияның қиын формулаларын бір жерден тапжылмай, табан аудармай отырып шығарып, дәлелдеп беретін Кабира ғана еді. Алғашқы бетіне аты жазылып, мектептің мөрі басылған талай кітапты Кабира өзі оқығаннан кейін өзгеге беріп қоя беретін (Ә.Нұрашыайықов). 2001 жылы Алматыда «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль болып өтті. Оған әр ел елшілері, мәдениет қызметкерлері, өнер адамдары, жаратылыстанушы ғалымдар қатынасып, қызғалдақ гүлінің атамекені Қазақстан екенін бірауыздан мойындады (О.Асқар). Айып-анжысымен дәл жуандардан әперемін деп кетті. Сенің кешегі күнгі еңбегіңе ағайын-ажын ырзалық айтыпты (М.Әуезов). Осына сыңсыған мұңлы үнді - жұмбақты үнді, сиқырлы әнді Нұржанның өзінен басқа ешкім естуі мүмкін еместігін білген жоқ еді бейшара жігіт (О.Бөкей). Жан ұшырып келе жатса, хан өзінің үй ішімен бас қосып, лапастың астында көлеңкелеп, шай ішіп отыр екен (С.Талжанов). Басқа бір кісі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Құнанбай да мұнан әрі ләм деген жоқ (М.Әуезов). Нұрбүбі кішкене дөңгелек үстел қойып, ас жаулық жайып, нан, бауырсақ салды (М.Әуезов). Мұнтаздай боп жататын жер еден айғыздалып, ат үсті сыпырылған (Б.Соқпақбаев). Ердің құны, нардың пұлы емес (мақал). Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі (мақал). Санақтағы сиырлар кірге түсірілді ме? (Ж.Тілеков). Трактордың суын ағызбайық деп айттым бағана. Енді, міне, жалмауыз шалдың тұтқыны болып, аждаһаның алдындағы көжектей жаутаңдап отырғанымыз. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Орнынан атып тұрып, ілулі тұрған мылтыққа ұмтылды. Бақытжан баж ете қалды: Сотталамыз, ойбай. Осы күні адам түгіл, аю атсаң да штраф салады. Аманжан: − Бұл жерде сот жоқ. Сүйегін қарға көміп тастаймыз. Нұржан: − Сот – қайда да сот. Сеніңше, заң қыста аю секілді ұйықтап қала ма? Бақытжан: −Соны айтамын-ау. Қайдағы бір қайыршы шал үшін көзіміз көгеріп түрмеде отырсақ. «Өлсек те бір-бірімізді тастамайық», − деп қол алыстық. Енді міне... балапан қораздай қоқиланып шыға келеміз. Май шамның лапылдай бастағанын көрген Нұржан орнынан тұрып барды да, майға малтып шуатылған шүберек білтені суырып, шыны тарелканың шетіне шығарып қойды. Ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып бара жатқаны белгілі. Шал: − Ондай соучастниктерді есептей берсек, есеп-шоттың тасы жетпейді, шырағым. −Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. Оны пұлды өкіметтің қонақ үйіне де төлемейсіңдер ме... Бағанағыдай емес, даусы жұмсақ, қамқорлық байқалған соң жігіттер де мойындарынан мың батпан жүк түскендей жеңілейіп қалған. Мен − өзіммін, басқа емеспін, ендеше, өзімше өмір сүріп, өз мекенімді, яғни өз мемлекетімді құрғым келеді. ... эпостық жырлардан ғана оқитын ертек сынды, сиқырлы әмбе сымбатты теңдессіз сұлулық; ... ертегіден іздеп жүрген махаббатым ба еді: мен сонда дүниеде дәл осы қыздай сұлу, дәл осы қыздай әнші, дәл осы қыздай бақытты адам жоқ деп білдім. Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері Алтай тауларымен жарыса, жалғаса барып, сонау Таулы Алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. Россия мен Қазақстанды атақты шың Мұзтаудан бастау алатын ағыны қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді (О.Бөкей. Қар қызы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет