Дәстүрлі бағалау кезі)



бет1/6
Дата25.11.2023
өлшемі29,93 Kb.
#127752
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауды салыстырмалы түрде көрсету ПМНО-309


Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауды салыстырмалы түрде көрсету.
Қызыл қалпақ- қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? 
(Көрініс)
(Дәстүрлі бағалау кезі)
Қоңырау соғылып,мұғалім сыныпқа кіреді.Мұғалім оқушылармен амандасады,шулаған оқушылардан мұғалімнің даусы естілмейді .Ашуланған мұғалім:
Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме , оқушылар?! Орындарыңнан тұрмайсыңдар ма не,мұғалім келгенде оқушылар орнынан тұру керек дейді
Оқушылар ұнсіз орындарынан тұрады.
Кейіннен мұғалім өз сөзін жалғастыра:
-Балалар мен сендерге жаңадан келген тарих пәніннен беретін Бизегүл Шиқанбаева деген апайларың боламын дейді.
-Естіп келе жатырмын сендерді өте тәртіпсіз ,тентек класс дейді.Мен бұрынғы апайдарың секілді жуас емеспін.мен сендерге темірдей тәртіп орнатамын.Сонымен сабағымызды бастаймыз кім сабақ айтады?
-............
-Жарайды журнал бойынша сұраймын.
-Жылқайдаров айт үй тапсырмасын
-Апай дайын емеспін
-Отыр екі
-Артықбай
-Апай менде дайын емеспін
- Отыр екі
- Тауықбаева
Зат есімнің ережесін айтып және мысал келтіріп береді.
- Отыр бес
- Балалар енді бүгінгі тақырыбымызды бастайық, бүгін негізгі және туынды зат есім туралы өтеміз.Ал енді кітаптарына назар аударайық- деп мұғалім сабақты жалғастырып кетеді.Мұғалім әрқашан сабағын осылай дәстүрлі форматта жүргізіп жүреді. Оны көрген мектеп директоры 3 айлық курсқа оқуға жібереді. Оқуда жүріп жаңартылған білім беру бойынша сабақты табысты өтудің жолдарын жан - жақты үйрене бастайды. Сабақ барысында Блум таксономиясын қолданып жоспар жасап, критериалды бағалау бойынша сабақ процесін құруды үйренеді. Осылай 3 ай уақыт өтеді.
Сыныптағы оқиға. ( қоңырау соғылады) Оқушылар апайдың кіргенін білмей шулап отыра береді. Ал сынып жетекшілері сыныпқа әуенмен кіріп, оқушылардың назарын өзіне аударады. Осылай сабақ процесі басталады. Жаңа тақырыпты “Адасқан әріптер” әдісі арқылы оқушыларға тапқызады. Жаңа тақырып бойынша ақпарат беріп, оқушыларды Qaz match платформасы арқылы топқа бөліп, топтық тапсырма береді. Тапсырма орындап болған соң, “Смарт сағат” әдісін қолданып топтық бағалау жүргізеді.
1- топ:
- Апай, біз 2- топқа 9 деген бал қоямыз. Себебі бір сұраққа дұрыс жауап бере алмады.
2- топ:
- біз 3- топқа 10деген бал қоямыз. Барлығына толық жауап берді.
3- топ:
- 1- топқа 9 деген бал қоямыз. Дұрыс қорғай алмады.
Мұғалім бағалауды тыңдаған соң, тапсырмалар береді. Сабақ соңында кері байланыс жасайды. Әр топ “Смартфон” әдісі арқылы бүгінгі сабақ бойынша білгендерін айтып шығады. “ Карандаш” әдісі арқылы рефлекция жасап сабақты аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет