1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет52/53
Дата21.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120026
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
лекция 2

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер. Астана, 2009.
2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2008.
3. Айғабылұлы А. Қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2006.
4. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 2004.
5. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Номинация теориясы және неологизм.
2. Неологизмдердің жасалуындағы интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар.
3. Жалпыхалықтық және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер.
4. БАҚ-ғы жаңа атаулардың қолданысына талдау жасау. Көркем шығарма тіліндегі авторлық неологизмдерге мысал теріп жазу.
5. Тарихи шығармалардағы көнерген сөздердің атқарып тұрған стилистикалық қызметі.
Зертханалық жұмыстар


1. Мәтіннен көнерген сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндіріңіз және түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Үлгі: болыс, ұлық – тарихи сөздер; шекпен, оқа – архаизмдер.
Болыс – бұрынғы кездегі аумақтық-әкімшілік бөлік.
Оқа – жібек және зер жіптерден өрнектеле тоқылған зер.

Мәз болады болысың,


Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.

Құдай берген бұл достық - кәннің бірі,


Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Итмұрындай наданның жыртты бірі.
Ел жайын біліп қансаңыз,
Айтайын құлақ салсаңыз:
Кейбіреуі дүрсіп жүр,
Жер тәңірісіп кер мағыз.
Кейбіреуі - зәкүншік,
Оңдырмассып, берсе арыз.
Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз.(Абай)
-Қол болмай – жол болмайды деп, мал алуды Сәттің өзі бастаған екен. Бірақ оныкі ұрлық болса, сенікі - адал малыңды қуған барымта. Әзірше жігіттердің көпшілігі сойыл-шоқпарларын қолтықтарына қысып, кейбірі ердің қасына көлденең салыпты. Жарасбайдан бұл партия мал да, пұл да көп шығарды. Қалышқа шынымен көңілі ауып қызықты ма - әйтеуір бір сұлу тоқалды болғысы келді. Солайша достық түбін сүйек айырсын деп, Досай ауылына күйеу болып Қалышты айттырды. Соны ойлап: Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай болып ақылдасып, Бәйтен аулына қарғыбау мен қалың малды бірге қосып, қарбытып бір-ақ жіберген. Билердің жүзі көрнеу тұрған қиянатты, әдейі арсыздыққа жеңгізіп, арамды ақтың үстіне не айламен болса да шығарамыз деп, жұмыла қарайып алған. Сөз біткен сияқты көрініп, мың батпан жауыздықты ұятсыз, арсыз қалың кеудемен өрге сүйреп жөнелді. Бақтығұлға кесік айтылуға жақындап қалды (М.Әуезов). Сол кезде «райком өзіне райком, төтеншеге түк қыла алмайды!» деген закон шығып, төтеншеге қарсы бір ауыз сөз айта алмайтын болғамыз. Ауданға да жеттім, қапалақтап қар да жауып кетті. Найзағай-телеграмды райкомға тапсырдым да, кейін қайттым. Сөйтіп жүргенде Айдарбек ұрын келіп, бірін-бірі бірінші рет көріп танысады. Аяғын керіле басып, қараша үйдің жанында отырған бай мен бәйбішесінің алдына кесе көлденеңдей жүрді (Б.Майлин). Бетіме бет пердемді салайын ба, Шаһардың базарына барайын ба? Мынау деп хордың қызы бір теңге бер, Көрімдік көргенің деп алайын ба?! (Құлқаныс-Зеберше). Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол. Қызың өссе, Қылықтымен ауыл бол (мақала).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет