1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Мәтіннен сөздің қосалқы аталымдарын (табу, эвфемизм, дисфемизм) тауып, олардың тілдік табиғатын түсіндіріңіз. Эвфемистік баламаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз



бет31/53
Дата18.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43816
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
лекция (1)

2. Мәтіннен сөздің қосалқы аталымдарын (табу, эвфемизм, дисфемизм) тауып, олардың тілдік табиғатын түсіндіріңіз. Эвфемистік баламаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Ежелден сүйек кесінді бір беткей, қыңырлығы бар кемпір жарық әлеммен қоштасар шала-жансар сәтінде де, көңілі босап, көкірегін қарс айырып күрсінген жоқ, сергек, әмірін жүргізіп самбырлай сөйлеп жатты. Ес білгеннен осы аруақты сапарға дайындалып та жүретін. Кемпірдің өлімі, сондығынан жеңіл тиді. Қожаға оңай соқпайтыны - жүрегі ет әр бала әз анасын ақтық сапарға азапсыз, жылап, сықтаусыз шығарып салмас еді. Елден шалғай оңаша тірлігінің запылығын осы шешесі қайтыс болған мезетте пысықтай түскен еді. Кісі өлімі – тіріге сын, арулап, ардақтап қойды дегендері – адамдардың көп-аз жиналғанына себепті. Бір үйдегі бір қария тек ұлының ғана қолынан аттанайын деп жатыр. Біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу. Иті жесе де, қайтып еліңе бар.... қайтып еліңе бар... Егер ел-жұртқа қатын өсегін таратпаса баяғыда кешіп барар едім-ау... Осыдан бір ай өткен соң Қожаның жалғыз қызы сақау екен деген лақап бүкіл аймақты кезіп жүрді. Қожа ағасын оңаша бір жолықтырудың ұрымтал кезегін күтіп іші қара қазандай қайнады-ау. Бұл пәниге келіп кеткенін ауыл-аймағы болмаса, өзге жұрт білмейтіні есіне түскен сайын, бұл да бұйығы тартып, керең боп өтуді мақсұт тұтқан. Екеуі де мынау тар да тайғақ жолда әлі де сан рет бетпе-бет келетінін, мына қылықтары қара қазан, сары қарын баланың қамы, ел сауғасы емес, өздері сезіп-сезіктеніп, зердеге сап бағамдап көрмеген жалған намыс пен жарға жығар кекшілдіктің итаршылдығы екенін, бастарына іс түсіп, тағдыр гүрзісі төнгенде ғана аһ ұрып, жұртта қалған күшікше ұлитындарын болжамады. Ардақтың болашағы мазалап, ерте ме, кеш пе ұядан ұшар қызының қонар қонысы қинайтын кәрі жанын. -Әй, қатын, жи мына жапаны жүктің астына, бер жағына түс киіз ұстап қоярсың. -Неге, ойбай. –Миғұла, жүкті биіктетпеймісің. Қызыңның жасауы тіреліп тұр ма? –Ки, кәмзолыңды! Қонақ келгенде тілің қышымасын. Үндемей отыр, тегінде, - деп зекіді. «Аққудың көгілдіріндей екен?- деді ішінен. – Қатын қып ап, бетіне қарап қана отырар ма едім. Әттең тілінің мүкісі болмаса. Үйленер едім - әйелің сақау деп жолдастарым құлақ етімді жеп қояр». Ардақ бұл құпияның байыбына бара алмай дал болды. Ол мынаны ұқпады: - Әкесі қонақтың көзінше аузыңды ашпа деп кетті. Неге?! Обалың жер қойнына итше ырылдасып кіретін адамдарда шығар. Шалды қазір қинап жүрген есен-сауында қызын ұзату емес, барған сайын аяғы ауырлап, жүріс-тұрысының сылбыр тартуы-тын. Қожа бір-ақ күнде күрт түсіп, жүні жығылып жүдеп кетті. Бұл оқиғадан Қожа бейхабар болатын. Сезіктенсе, қанын ішер еді ғой, жылпос неменің. «Айналайын, анам-ай, айтшы ақылыңды, мынау жалмауызды қайтып қана жұлып тастаймын денемнен! Қожа тырбыңдаған қызылшақа нәрестені жоғары көтеріп тұрып:


- Әкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе – тимей-ақ қойсын. Артымда ат ұстайтын тұяқ қалды... Кемпір, әй қатын, мына жылбысқа еркек бала ғой! – деп Марқакөлге бір малып ап, қойнына тыға салды (О.Бөкей. Ардақ). Ұйқыдан жаңа тұрған шешесінің жәбірленген бала жағдайын жаманға асыра жоруы болар деп ашамалаған ерлі-зайыптылар Әлпештің аузынан шығып жатқан артық сөздерге мән бермей, кешірім сұрай берді (С.Шаймерденов). Жіңішкерген аурумен құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан, Сәлменнен әлі де? (М.Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет