1
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы
Мұғалімді бағалау қағидалары
Деңгейлік бағдарлама курстары
Бірінші (ілгері) деңгей
Екінші басылым
2
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015
Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда,
авторлық құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып
шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.
3
1-деңгей мұғалімдерін бағалау
Мазмұны
1
Кіріспе
4
2
Портфолионы бағалау
5
2.1 Портфолионы бағалау қағидалары
5
2.2 Портфолионың мазмұны
5
2.3 Портфолионы бағалау үдерісі
6
3
Таныстырылымды бағалау
7
3.1 Таныстырылымды бағалау қағидалары
7
3.2 Таныстырылым мазмұны
7
3.3 Таныстырылымды бағалау үдерісі
8
4
Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы
8
5
Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға
ұсынылған мұғалімдер тізімін ресми бекіту
9
1-қосымша Бірінші деңгей мұғалімінің стандарттары
11
2-қосымша Түйінді критерийлердің және бірінші (ілгері) деңгейдің нақты
критерийлерінің портфолионың әрбір бөлімінде көрініс табу мүмкіндігі
13
3-қосымша Критерийлер бойынша бағалар сипаттамасы
16
4
1
Кіріспе
Бұл бағдарлама бірінші (ілгері) деңгей мұғалімінің стандарттарына (1 Қосымша)
жетуге мұғалімдерді дайындау мақсатында әзірленген. Стандарттар мектеп және
одан тыс жерде тиісті өзгерістерді басқаруға, қолдауға қабілетті мұғалімдерге
бағытталған.
Бірінші (ілгері) деңгейдің бағдарламасы өзара байланысты үш бағыттан тұрады:
• оқу мен оқытудың күрделігіне, сонымен қатар оқу мен оқытудың жаңа
тәсілдеріне қатысты жеке түсініктің дамуы;
• коучинг, тәлімгерлік пен сынып шеңберіндегі бірлесіп зерттеу арқылы
оқытудың тиімді әдістерін енгізу және дамытуда әріптестерді қолдау;
• мектепті дамытуға ықпал ететін кәсіби қауымдастықтың шеңберінде оқытуға
бастама жасау және қолдау.
Бірінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңінде мұғалімдерге оқу мен оқытудың
жаңа тәсілдері мәнмәтінінде әріптестердің коучингі және тәлімгерлігі ұсынылады,
тәжірибеге жаңа тәсілдерді енгізу рефлексиясының нақты құралдары ретінде Іс-
әрекеттегі зерттеу мен Lesson Study әдістерімен танысады. Олардың әріптестермен
мектеп шеңберінде бірлескен зерттеулерін қолдау және бүкіл мектептің даму
жұмысының ықпалы мен нәтижелерін бағалау үшін зерттеу әдістеріне оқытады.
Бірінші (ілгері) деңгейдің бірінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңінің басты фоку-
сы – мектептің дамуын жоспарлау арқылы мұғалімдерді мектептегі және одан тыс
жердегі өзгерістерді басқаруға дайындау.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалімдер бірінші «бетпе-бет» аудиториялық
кезеңінде қарастырылған 21-ші ғасыр реформаларына қатысты, өздерінің
мектебі туралы базалық ақпараттар жинайды. Олар мектептің даму жоспарының
мақсаттарына сәйкес, коучинг пен тәлімгерлікті енгізу арқылы мектепке қажетті
өзгерістерді енгізу үшін жоспарды әзірлейді. Бірінші (ілгері) деңгей мұғалімдері
коучинг және тәлімгерлік арқылы енгізілген өзгерістердің ықпалын бағалау үшін
бірінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңінде қарастырылған зерттеу әдістерін
негізге алатын болады. Осының барлығы бүкіл мектептің «Іс-әрекеттегі зерттеу»
бойынша жобасын құрайды. Нәтижесінде, мұғалімдерге мектеп және мектепаралық
шеңбердегі желілік қоғамдастықтар арқылы тәжірибедегі дамытуды қолдау жүйесін
қалай құру керектігін қарастыру қажет.
Екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңінде мұғалімдер өзгерістерді тәжірибеге
енгізудің бүкіл мектептік даму жоспарын қолдана отырып, мектеп тәжірибесі
кезінде тапсырмалар орындауда неге үйренгенін талқылап, рефлексиялап есеп
құрастырады. Мұғалімдер мектеп даму үдерісін жоспарлау, енгізу және бағалауды
қамтитын Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есеп құрастырып, барлық мектеп тапсыр-
маларын қоса отырып портфолиосын аяқтайды.
5
Бағдарлама шеңберінде оқудың табысты аяқтау дәлелдемелері портфолио
құрамында болады. Екінші “бетпе-бет” аудиториялық кезеңінде, сондай-ақ,
мұғалімдерде портфолио дәлелдемелеріне негізделген таныстырылым арқылы
оқытудың табысты аяқталуын көрсету мүмкіншілігі болады.
Мұғалімдерге сертификаттаудан өту үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ филиалы Педагогикалық өлшеулер орталығы (бұдан әрі – ПӨО) өткізетін,
бағдарламаның бірінші (ілгері) деңгейінің түйінді идеяларына негізделген емтихан
тапсыру қажет.
2
Портфолионы бағалау
2.1 Портфолионы бағалау қағидалары
Портфолио мұғалімнің бағдарламаны табысты аяқтауы үшін үш түйінді критерий-
ге сәйкестігін көрсетудің негізгі құралы болып табылады. Бұл критерийлер бойын-
ша мұғалімдер:
• мұғалімдер бағдарламада ұсынылған түйінді идеялар туралы қажетті білім
мен түсінік алуын;
• мұғалімдер бұл идеяларды жеке тәжірибесінде қолдануын;
• мұғалімдер жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде рефлексиялайды және одан әрі
даму үшін олардың маңыздылығын қарастыруын.
Бірінші (ілгері) деңгей стандарттары (1-қосымша) бұл критерийлердің осы деңгейде
қалай жүзеге асырылатынын толық сипаттайды. 2-қосымша портфолионың әрбір
бөлімінде түйінді критерийлер мен бірінші (ілгері) деңгейдің нақты критерийлері
қалай сәйкес келетінін анықтайды. Портфолионың әрбір бөлімі азды-көпті дәрежеде
барлық үш критерийге бағытталуы қажет. Бірақ, бір немесе бірнеше критерий әр
түрлі бөлімдерде тым анық орын табатыны неғұрлым ықтимал.
2.2 Портфолионың мазмұны
Портфолиоға қойылатын талаптар төменде сипатталған. Мұғалімдер екінші «бетпе-
бет» аудиториялық кезеңінде бағалау және таныстырылым үшін өз портфолио-
сын құрастыратын болады. Тренерлер дамуды қолдау үшін өз оқу топтарындағы
мұғалімдерге портфолионың мазмұны мен құрылымы бойынша формативті кеңес
береді және қолдау көрсетеді.
Менің неге өзгеруім қажет?
Неге барлық елдер әлемде білім беру жүйесінде реформа жасайды және бұл
Қазақстанда және Сіздің мектебіңізде қалай қолданылатындығы туралы
рефлексивті есеп. Есеп қосымша оқуға және мектептегі жұмыс тәжірибесіне
негізделген (2000 сөз)
6
Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?
Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқуға дейінгі және оқу барысында жиналған,
мектеп тәжірибесіне негізделген дәлелдемелерді жинақтау. Осы жинақтау өзгеріс
енгізілгенге дейінгі мектеп «жағдайы» туралы рефлексивті есептің негізін құрайды
(2000 сөз)
Мен жұмыс істеп жатқан мектепті өзгерту үшін маған не істеу қажет?
Мектеп мәліметтері және ЭЫДҰ ұсыныстары негізінде мектептке қажетті өзгерістер
туралы рефлексивті есеп (2000 сөз)
Мен бұл өзгерістерді қалай енгіземін?
Уақыт шеңберін, мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді және табыстылық
критерийлерді анықтауды қамтитын мектептің дамуын жоспарлау үдерісі туралы
егжей-тегжейлі рефлексивті есеп (2000 сөз)
Мен өзім енгізген өзгерістердің тиімді болғанын қалай түсінемін?
Енгізілген өзгерістер ықпалын зерттеу туралы дәлелдемелерін жинау бойынша
егжей-тегжейлі аналитикалық есеп (2000 сөз).
Мен үздіксіз дамуды желілік қоғамдастық құру арқылы қалай қолдаймын?
Белсенді желілік қоғамдастық қалай орнатылатындығы, бақыланатындығы және
қолданатындығы туралы егжей-тегжейлі жоспар (500 сөз + жоспар)
Портфолионың осы алты бөлімі бүкіл мектептің дамуына қалай бастама алғаны
және қалай қолдау көрсететіні және бағаланатынын көрсететін «Іс-әрекеттегі зерт-
теу» біртұтас есебін құрайды.
2.3 Портфолионы бағалау үдерісі
2.3.1 Топ тренерінің портфолионы алдын ала бағалауы
Мұғалімдер оқуының екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында тренер-
лер өз тобындағы барлық мұғалімдердің портфолиосын аяқтауға қолдау көрсетеді,
танысады және портфолионың алдын ала бағалауын жүргізеді. Бағалау «жақсы»,
«қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз» бағаларын қою арқылы,
жоғарыда сипатталған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Болашақта
оқыту бағдарламаларында үлгі ретінде қолданылуы мүмкін жұмысты «жақсы»
бағасы анықтайды. Бұл бағалардың сипаттамасы 3-қосымшада берілген. Тренер-
лер өз тобындағы әрбір мұғалімге алдын ала бағалау парағын толтыратын болады.
Нәтижелері мұғалімнің портфолиосы және таныстырылымын тәуелсіз бағалауға
осы топқа бекітілген тәуелсіз тренерге беріледі.
7
2.3.2 Портфолионы тәуелсіз бағалау
Мұғалімдер өз портфолиосын электронды түрде тапсырады. Олар бағалау
үшін топ тренері мен тәуелсіз тренерге қолжетімді болады. Тәуелсіз тренер-
лер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі соңында портфолионы зер-
делеп, бағалайды. Тәуелсіз тренер, содан кейін, өз бағасын Бағалау жабдығында
келтірілген алгоритмге сәйкес топ тренерінің бағасымен салыстыра отырып, әрбір
мұғалімнің портфолиосына қорытынды баға қояды. Топ тренері мен тәуелсіз тре-
нер қойған бағаларында екі балл айырмашылық болған жағдайда немесе тәуелсіз
тренер «шекті деңгейге» бағаласа, мұғалім портфолиосын эксперт немесе екінші
тәуелсіз тренер модерациялайды.
3
Таныстырылымды бағалау
3.1 Таныстырылымды бағалау қағидалары
Мұғалімдер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында өз портфо-
лио есептерімен байланысты таныстырылымды дайындап, шығып көрсетеді. Таны-
стырылым мұғалім портфолиосының шынайылығын айқындауға көмектеседі және
қорғау дағдыларын көрсетеді. Таныстырылым мұғалімнің мектептегі өзгерістерді
басқару, мектепте және одан тыс жерде әріптестермен сын- дарлы қатынастарды
дамыту қабілеттерін көрсетуге шоғырланған.
3.2 Таныстырылым мазмұны
Бүкіл мектеп шеңберінде өзгерістерді енгізу мен басқару бойынша рефлексия (20-
22 минут). Таныстырылым алты слайдтан немесе алты постерден тұрады, мұнда
мұғалім:
• мектепте өзгерістердің нақты қажеттіліктері қалай анықталды;
• осы өзгерістерді енгізу үшін әріптестерді қолдау (коучинг және тәлімгерлік)
қалай көрсетілді;
• осы әрекеттердің тиімділігі қалай бағаланды;
• мектеп даму жұмысына қатысқан барлық әріптестерді, олардың рөлін
схемалық бейнелеу (әріптестерді қолдайтын басқа көшбасшылар, коучтар,
тәлімгерлер, тәлім алушы, коучинг сессиясына қатысушылар, басқа адамдар,
мысалы ақпарат немесе мәлімет жинауға үлес қосқан оқушылар және/немесе
ата-аналар);
• негізгі әріптестердің бірінің мектеп даму жұмысына қосқан үлесін неғұрлым
егжей-тегжей сипаттау. Осы әріптеспен мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын,
даму бойынша жұмысқа себепші болуы немесе кедергі келтіруін талдау жасау
қажет етіледі.
• Мектептегі және/немесе одан тыс жерде тәжірибенің дамуын қолдайтын
кәсіби қауымдастықты құру жоспары.
8
3.3 Таныстырылымды бағалау үдерісі
Таныстырылымды қорытынды бағалауға мұғалімдерге таныс емес тәуелсіз тре-
нерлер жауапты болады. Бағалаудың үш түйінді критерийі негізінде таныстыры-
лым бағаланады. Мұғалімдердің таныстырылымы, жалпы алғанда, барлық үш
критерийге сәйкес болуы керек, бірақ әрбір слайд бір немесе екі критерийге аса
шоғырлануы мүмкін. Таныстырылымда үш түйінді критерийдің қалай қолдану
мүмкіндігінің мысал арқылы түсіндірмесін және слайдттарда көрініс табуы мүмкін
критерийлер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін 2-қосымшаны қараңыз.
Таныстырылым «жақсы», «қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз»
деп бағаланатын болады.
Мұғалімдер топтағы өз әріптестерінің таныстырылымын бақылайды. Барлық
мұғалімдердің оқу үдерісіне әріптестерінің таныстырылымын бағалау белгілі бір
үлес қосады. Әріптестердің бағалауын тәуелсіз тренер ескеруіне болады, бірақ
қорытынды бағаны дербес шығарады. Тәуелсіз тренердің бағалауын эксперт
құптауы мүмкін, егер ол үдерісті бақылаған болса. Эксперттер модератор бола
алады және қажет жағдайда тренердің шешіміне араласып, түзету енгізе алады.
Эксперттің мұғалімдердің таныстырылымына қатысуы тренерлерді қолдау және
бағалау үдерісіне белгілі бір үлес қосады.
Тәуелсіз тренерлер, әріптестер мен эксперттер Бағалау жабдықтарындағы профор-
маларды таныстырылымның әрбір элементін бағалау үшін қолдана алады.
4
Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы
Бағалаудың кейбір шешімдері модерацияға жатқызылуы мүмкін. Модерация келесі
жағдайларда жүзеге асырылады:
1) топ тренері мен тәуелсіз тренердің портфолиоға қойған бағаларының
айырмашылығы екі немесе одан жоғары балл;
2) портфолио немесе таныстырылымға қойылған қорытынды баға - «шекті
деңгей».
Бірінші жағдайда, эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер мұғалім портфолиосын
қайта қарап, топ тренері және тәуелсіз тренермен бағаларды талқылайды. Эксперт
немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.
Екінші жағдайда, эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер және тәуелсіз тренер
мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымын үш түйінді критерийдің әрқайсысы
бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігін шешу үшін қарастырып, талқылайды.
Экспертке және екінші тәуелсіз тренерге портфолио портал арқылы қол жетімді
болады. Егер олар мұғалімнің таныстырылымды қорғауына қатыспаған болса, онда
шешім шығару үшін қолжетімді болған жағдайда таныстырылымның бейнежазба-
сын қарай алады. Эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.
9
Модерация үдерісі аяқталғаннан кейін барлық мұғалімдерге «есептелді» немесе
«есептелмеді» бағасы қойылатын болады.
«Есептелді» қорытынды бағасын алған бағдарламаның барлық тыңдаушылары
ресми сертификаттау үшін ПӨШ өткізетін емтиханға жіберіледі. Бірақ, модерация
үдерісі емтиханға дейін аяқталмауына байланысты, «шекті деңгей» бағасын алған
барлық тыңдаушылар емтиханға жіберіледі.
Модерация қорытындысы бойынша «есептелмеді» қорытынды бағасын алған
тыңдаушылар емтихан нәтижелеріне қарамастан, сертификаттауға ұсынылмайды.
5
Сертификаттау, қайта тапсыруға және апелляцияға ұсынылған
мұғалімдер тізімін ресми бекіту
Модерация үдерісінен кейін үміткерлердің бағалары Емтихан Кеңесіне берілетін
сертификаттауға ұсынылған мұғалімдер тізімін жасау үшін қолданылады.
Сертификаттауға ұсынылған мұғалімдер тізімін Емтихан Кеңесі қарастырады
және ресми түрде бекітеді. Емтихан Кеңесі сертификаттауға өтпеген үміткерлердің
жағдайларын, сонымен қатар кез-келген бұзылыс жағдайларды қарастырады.
Берілген дәлелдемелер негізінде Емтихан Кеңесі үміткерлерді қайта тіркеу немесе
қайта тапсыру туралы шешімді қабылдайды.
Үміткерлер портфолиосы немесе таныстырылымы «қанағаттанғысыз» бағаланса,
қажетті компонентті бір рет қайта тапсыруға рұқсат ала алады. Портфолиосы
және таныстырылымы бойынша «қанағаттанғысыз» баға алған үміткерлерге қайта
тапсыруға рұқсат берілмейді.
Емтихан Кеңесі денсаулығы және жеке себептерге байланысты бағдарламаны
аяқтамаған үміткерлердің жағдайларын қарастырады. Емтихан Кеңесі үміткерді
бағдарламаға қайта тіркеу мүмкіндігі немесе бағдарламаның қандай да бөлімдерін
аяқтау қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
Емтихан Кеңесі, сондай-ақ, барлық бұзылыс жағдайларды, әдетте плагиатты
қарастырады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан плагиат ретінде не есептелетіндігі
туралы ережені табуға болады. Емтихан Кеңесі үміткердің плагиат болып есептел-
ген жұмысын қайта тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Сертификаттауға ұсынылған мұғалімдердің ресми тізімі, сонымен қатар,
«есептелмеді» бағасын алған үміткерлер үшін қайта тапсыру немесе қайта тіркеу
туралы шешім Емтихан Кеңесінен кейін жарияланады.
10
Апелляция
Үміткерлер апелляцияға «есептелмеді» шешімі қабылданған жағдайда бере ала-
ды. Дегенмен, бағалау рәсімдері бойынша ғана апелляцияға беруге болады. Тре-
нер, тәуелсіз тренер және эксперттің портфолио мен таныстырылымның сапасына
қатысты бағалау және модерация бойынша қабылдаған шешімдері талқылауға жат-
пайды. Апелляцияға осы құжатта баяндалған бағалау және модерация үдерістері
орындалмаған жағдайларда ғана беруге болады. Осындай жағдайдларда үміткерлер
бас экспертке бағалау үдерісінде орын алған ағаттық жағдайлар немесе орынсыз
әрекеттердің, кез-келген жіберілген рәсімдік қателіктердің дәлелдері мен егжей-
тегжейін баяндап жазбаша өтініш беру керек.
Осындай апелляцияға өтініш сертификаттауға ұсынылған мұғалімдер тізімін
бекіткеннен кейінгі 14 күн ішінде берілуі тиіс.
Өтінішті алғаннан кейін, бас эксперт кідірмей қабылдап, қарастырады. Жағдайды
тексеруді бас эксперт аппеляцияға өтініш беруші үміткерді бағалауға қатысқан тре-
нер, тәуелсіз тренер және экспертпен кеңесе отырып жүргізетін болады. Үміткерден
өз таныстырылымын бас экспертке жекелей көрсетуі сұралуы мүмкін. Бас эксперт
шешім себебін көрсете апелляцияға қабылдау немесе қабылдамауға қатысты жаз-
баша жауап ұсынады.
11
1-қосымша
Бірінші деңгей мұғалімінің стандарттары
Кәсіби білім және түсінік
Кәсіпқойлық
критерийлері
Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету
1-деңгей мұғалімдері біледі және түсінеді:
1.1 Табысты оқуға
мүмкіндік туғызатын
шарттарды білу
• Табысты мектеп тәжірибесін қамтамасыз ететін
құрамына оқу мен оқытудың әдістері, білім беру
теориясы, даму психологиясы мен әлеуметтік
психология кіретін оқыту тәжірибесінің
күрделілігін
Кәсіби дағдылар
Кәсіпқойлық
критерийлері
Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету
1-деңгей мұғалімдері:
2.1 Педагогикалық
мазмұндық біліммен
нығайтылған дағдылар
• Оқу мен оқытудың тиімді стратегиясын енгізе
және дамыта отырып, әріптестерін қолдайды;
барлық оқушылардың өз әлеуетін жүзеге асыруға
мүмкіндік жасау үшін даралап оқудың тәсілдерін
таңдайды, қолданады
2.2. Әріптестермен өзара
қатынас
• Lesson
Study-ге
қатысуды
қосқанда,
қоғамдастықтардағы оқу мен оқыту мәселелері бой-
ынша кәсіби талқылауға түрткі болып, қолдайды
2.3 Желілік
қоғамдастықтар
• Мектептердің
қоғамдастығы
шеңберінде
тәжірибеге негізделген зерттеулерге түрткі бола-
ды, өткізеді және бақылайды
• Кәсіби қоғамдастықтағы оқуды басқарады және
қолдайды
• Мектептен тыс желілік қоғамдастық мұғалімдерімен
қарым-қатынас құрады және қолдайды
2.4. Көшбасшылық пен
басқару
• Өзінің және қоғамдастық мектептерінде жаңа
тәжірибені дамыту, енгізу және бағалаудың
стратегиялық көшбасшысы рөлін қабылдап, осы-
лайша олардың дамуына үлес қоса отырып, басқа
мектеп көшбасшыларының командаларымен
бірлесіп жұмыс жасайды
12
• Кәсіби қоғамдастықтағы оқуды басқарады,
мұғалімдердің тәжірибесін жинақтайды және
қоғамдастық шеңберінде оқу мен оқытуды
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды
• Мектепте қоғамдастық шеңберінде көшбасшылар
командаларымен
және
ұжыммен
тиімді
жұмысқа қажетті аналитикалық, тұлға аралық,
ұйымдастырушылық дағдыларға ие
• Қиындықтарды жеңеді және оларды шешуде ко-
мандаларды басқара алады
2.5. Тиімді жоспарлау
• Мектеп қоғамдастығы шеңберінде тәжірибені
жетілдіру мақсатында сабақтар тізбегін жоспарлау
жұмысына түрткі болып, басқарады
• Пәнаралық байланысты құруды қосқанда, мектеп-
тер қоғамдастықтары арасында тиімді тәжірибені
жүргізу мақсатында әріптестермен бірлесіп жо-
спарлауда жетекші рөл атқарады
2.6 Бағалау
• Мектептер қоғамдастықтары мұғалімдерінің
суммативті және формативті бағалауға қатысты
тәжірибесін жинақтай отырып, бағалау үдерісін
жақсарту бойынша ұсыныстарын жасайды
Кәсіби құндылықтар мен міндеттемелер
Кәсіпқойлық
критерийлері
Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету
1-деңгейдің мұғалімдері:
3.1 Бірлескен жұмыс
• Мектеп қоғамдастығы шеңберінде өз әріптестер-
мен сенімді қарым-қатынастар құрады және
қолдайды
3.2 Рефлексивті тәжірибе
• Мектеп қоғамдастығында оның жұмысына қатысы
бар халықаралық зерттеулерден хабардар
• Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын біледі
және мектеп қоғамдастығының ішінде әріптестері
үшін білім саласындағы зерттеу әдістерін таны-
стырады
Достарыңызбен бөлісу: |