1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Ыбырай Алтынсариннің бастауыш сынып оқушыларына арналған бір өлеңін жазыңыз



бет21/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#104565
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

39.Ыбырай Алтынсариннің бастауыш сынып оқушыларына арналған бір өлеңін жазыңыз
ӨЗЕН ӨЛЕҢІ
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан - алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін бе?
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісіне...
40.Шәкәрімнің өмірі, балалар әдебиетіне қосқан үлесін жазыңыз
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі Ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайберді ұлының орны алкен. Шәкәрім бұрынғы Семей облысы , Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде , атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.
Өзінің “Мұтылдғанның өмірі” атты ғұнырнамалық өлеңінде бес жасында аул молдасынан сабан ала бастағанын жазды. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренеді. Ақынның алғашқы жазған өлеңдері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен –ақ ол абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады.Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазды. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы саналады.
Абайдың інісі.
Қабағынан қар жауған
Қараңғы болт жоғалды,
Қасқара алмай бет ауған
Қахарлы жел де оңалды,
Көшейін депқыбырлап,
Ел қыстаудан қозғалды-
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланады. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар.
Бір қаламгерге емес, бар ойшылға тән қамырық-қайғы бар. Өлең өресін, өнер биігін айқындайтынкөрсеткіш. Және біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетмізде Абайдан соң ғана мүмкін болван жетістік.
Осы тұңғиық та тұнық, сырлы да сазды өлең жолдарының авторы, шынында да , ұлы Абайдың туған бауыры болатын. Ата –тек жағынан алғанда да, үлгі-өнеге жөнінен, мұрат-мақсат тұрғысынан қарағанда да.
Шәкәрім! Абайдың ерекше туған інісіні аты Шәкәрім еді.
Бұдан елу жыл, сексен жыл бұрынғы қазақ поэзиясында Абайдан соңғы ең танымал есім. Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға . Одан соң…. өзі өлсе де, аты өшпеген. Шығармалары сақталса да, жарт Алдана жарқырап шықпаған. Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы ,- қазақ қана емес, -бүкіл Түскістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі. Атаның мол дәулеті, ағайын-туыстың өр кеудесі, ағаның мәртебе-даңқы арқасында бұла өскен Шәкәрім өзінің өмір жолын ғана емес, өнер жолын да сауық-сайраннан, мереке-қуаныштан бастайды. Абайдың өлең өрнегін ұстаған, Абайдың тіл мәдениетін үлгі тұтқан махаббатжырларының өзінде Шәкәрім тың бояу табуна, соны сыр түюге ұмтылады. Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармалықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы-проза болса, автор мүлде басқа тұрғыдан көрінетін тағы бір мол арна- тарих пен философия. Бір мақалада, Шәкәрімтанудың алғашқы кезеңінде бәрін қамту , бәрін айту мүмкін емес.
Ақын туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерлейді, Діни және рухани соқырлықтың мән-мағынасын ашуга тырысады. Адам баласының басқа тіршілік иелерін айырым белгілерін сөз етюді. Адамның өзгеше болмыс-бітімін, оның ақыл-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физиологиялық ерекшеліктерін де өлеңге арқау етеді.Өмірде шын болван бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебет, Қалқаман мен Мамыр хикаяларыыы ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартан-Абай деп. білуге тиіспіз.Шәкәрімнің үш поэмасы да (Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихишығарма емес. Поэмаларда тарих-фон ғана, автордың баса Назар аударғаны- әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда Қалқаман-Мамыр лиро-эпикалық жырға бейім. Еңлік-Кебек -әлеуметтік дастан, ал Нартайлақ-Айсұлу бұл махаббат драмасы дер едік.
Шәкәрімнің балаларға арналған өлеңдерінің бірі: Қаншыр мен бөдене, Ақылшы торғай, Қасқыр,түлкі бөдене т.б.
Ақылшы торғай өлеңінде:
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай Остап алды сөйтіп жүріп,
Балаларға сатайын деп. ойлапты,
Торғайды жазып альп ұстап тұрып.
Сонда торғай сөйлепті адамдайын:
-Босатсаң үйретем,-деп,-байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл, бүйіріңшыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.- дейді торғай тұзақшыға әрқашан аңдағайсың, орынсызға, өтірікке нанбағайсың,ойландай алдау сөзге сене көрме, тегінде шынның жолын қамдағайсың деп. шындықты, әділдікті суреттеген.
Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен шектелмейді. Ғұлама еңбегі сан салалы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының бір тармағы-проза болса (әйел бостандығы, ескі қазақ аулындағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы жазылған Әділ-Мәрия повесі) .

Ғалам болмысы, замана тұрпаты, адам табиғаты туралы көп толғаған. Шәкәрім өмірдің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында да көп жазған еді.
Қайғы емес қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өлім…-
деп , жас кезінде-ақ өмірдіңөтпелі кебін мойындаған ақынның, алпысқа аяқ артқан шағында : “Қаласың қай сайда…”-деп, өз өмірінің немен тынарын болжаған ақынның қайғылы қазаға ұшырауы да , көмеусіз, отыз жыл бойы ойпаңда, құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес. “Туған жан өлмек,-тағдырға көнбек”,-деген Шәкәрімнің өзі. Ақын өмірі, ақын тағдыры. Ең үлкен қайғы, шын трагедия-Шәкәрім мұрасының елу жыл бойы дабулы жату. Қысастан өлген ақын жан бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті.Сол кемістіктің орны енді ғана толып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет