1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз



бет10/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#104565
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

Балалық шағы
Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда азіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүнеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим.
Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді.
Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.
Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.
Еңбек жолы
1857 жылы жазда Ыбырай Орынбордағы мектепті үздік тәмамдап шығады. Осыдан кейін екі жылдай атасы Балқожа бидің хатшысы болып жұмыс істейді. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш болып қызметке алынады.
1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде алғашқы мектебін ашты.
1866-1868 жылдары Торғай уезінде уақытша судья болып қызмет етті.
1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды. Сол жылы Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады.
1869 жылы ол уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалды. 1871 жылдар аралығында Торғай уезінің судьясы болып жұмыс істеді.
1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1875-1876 жылдары Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына сапар шегіп, ол жақтан оқушыларға қажет әдістемелік және тағы басқа кітаптар әкеліп, ағартушылық ісіне қызу кіріседі.
1879 жылы 1 қыркүйекте Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды.

Алтынсарин ашқан мектептер


Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды, әрі өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.
Бірақ, жергілікті үкімет Алтынсаринге қол ұшын соза қоймады, сөйтіп мектеп ашу ісі ұзаққа созылды. Ыбырайдың армандаған мектебі араға төрт жыл салып, 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде салтанатты түрде ашылды. Бұл ұлт ұстазы негізін қалаған алғашқы білім ордасы еді. Мектепті Алтынсарин төрт жыл бойы жинаған ақшасына ашты.
20.Тұрмыс - салт ертегілерінің идеясы, мазмұнына тоқталыңыз
Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы – тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер.
Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс – тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман – мүддесі суреттеледі. Және де ертегінің оқиағасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял – ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс – салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі, өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай – ақ тұрмыс — салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде болмай, нақты адам бейнесінде болады ; сол қарапайым адамдар жайы айтылады.
Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс – тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адам арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық-кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болатын.
Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым – қатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары да бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта тудырғанәр түрлі көзқарастарды, алуандаған ұғым түсініктерді бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтар ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шындап жетілдіреп отырғаны, өткірлеп мәнерлегенін де байқаймыз.
Әрине, ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді тұрмыс – салт ертегілері де идеялық жағынан беркелкі емес. Таза халықтық, еңбек елінің идеясын білдіретін ертегілермен қатар, халыққа жат кертартпалық сипаты бар ертегілер де кездеседі. Мұндай ертегілер үстемдік еткен ортада туған, соның идеясын уағыздайды. Сондықтан да біз ондай ертегілерді емес, халықтық ертегілерді сөз етеміз.
Халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған ертегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көреміз.
Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оны қоғамдық мәні зор тартыстардың төңірегінде құрады. Қанаушы мен езілген еңбек адамдарының арасындағы таптық қарым – қатынастар, алыс – тартыс күрестер суреттеледі. Бұл күрестерге халық атынан белсене араласатын, халықтың сарқылмас ақыл – ой даналығын көрсететін Аяз би болады. Қанаушы таптың жәнет оның үстемдігін жүргізуші хандар мен уәзірлердің жауыздығын, елдің еңсесін түсіріп езгендігін халық ертегісі өзінің сүйікті кейіпкері Аяз би арқылы әшкере етеді. Халықтың ойынша, ел билеген әділетсіз, залым хандардың, билер мен уәзірлердің орнына еңбекші бұқараның өкілдері болса, елді осылар билесе, — заман түзелмек, әлеуметтік теңсіздік жойылмақ, халықтан шығып “хан болғандар” еңбек адамдарының мерейін үстем етпек ; әділ, турашыл болмақ. Бұл ретте халық ертегісі еңбекші бұқараға жиіркеніп қарайтын, тіпті оны адам санына қоспайтын хандар мен уәзірлердің топастығын әшкере ете отырып, оларға қарама – қарсы өз адамын қояды, бір – біріне салыстырулар жасайды. Барлық сыннан мүдірмей өткен, ақылы мен адамгершілігі ханна да, оның күншіл уәзірлерінен де асып түскен Аяз биді ардақтайды.
Ертегінің оқиағасы адал еңбегімен кәсіп кеткен шаруа адамын ардақтау идеясынан туған. Ертегіде айтылатын барлық әңгіме сол идеяға бағындырыла дамиды ; жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арасындағы тартыстарды суреттеу арқылы ұлғая түседі және ол ертегінің шарықтау шегіне жеткенге дейін үзілмейді. Бұл идеяны халық ертегісі таптық тұрғыдан ашады, екі атаптың адамын салыстыра отырып, кімнің артық, кімнің кем екендегін көрсетеді.
Тұрмыс –салт ертегілерінің ішінде идеясы идеясы халықтық, мазмұны мол оқиғаға құрылғаны “Аяз би” десек, соған орай оның көркемдік дәрежесі сай екендігін байқаймыз. Басқа ертегілерге қарағанда, “Аяз бидің” өзіне тән ерекшелігі оқиғаны жұмбақ түрінде құруында деуге болады.
Қазақтың тұрмыс – салт ертегілері қарапайым шаруа адамын ардақтай отырып, еңбек – кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге ұмтыл” деген сияқты халқы ойы ертегіге қосылады. Бұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаған жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарасытырады. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасайды.
Тұрмыс-салтертегілерінің оқиғасы, құрылыс жағынан өзіндік ерекшелігі бар түрі-күлдіргі ертегілер. Бұл топтағы ертегілер,-дейді М. Әуезов,-үлкенге де, кішіге де бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндерге құрылған әңгімелер болады. Алдымен, мұндай ертегілердің аты, басты кейіпкерлерінің өзі ерекше күлкілі болып келеді. Ертегілердің “Қаңбақ шал”, “Ұр тоқпақ”, “Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ”, “Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек” т. б. болып аталуының өзі-ақ күлкілі жағдайларды аңғартады. Бұлармен қатар, бұл топтағы ертегілер тазшаларға арналады, олардың иамаша, күлкілі істерін сүйсіне әңгіме етеді.
Күлдіргі ертегілердің өзіндік ерекшелігі-оқиғаны шындық өмірден ала отырып, тапқырлыққа құруында және оқиғаға қиынынан қиыстырып, өмірде болғандай етіп фантастикалық әңгімелерді шебер түрде қосуында. Сонда “Күлкі оқыстан туған, келте қайырылған тар жердің тәсілі, ұйқы-тұйқысы тәрізді болады,-дейді М. Әуезов,-оқиғалы, тартысы күлкі болғандай, ойда жоқ күлкі хал көп қимыл әрекеттер туғыза келіп, бірінің үстіне бірі қат-қабаттап үйіле, жұмырлана түссе, сонда күлкі әңгіме жетісе түсіп, күлкісі, қызығы үдей береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет