203
Балуанның ат пен арбаны сонша қымбат алуына бір таңданса,
екіншіден, жұртты таңдандырған – арындап арбаға жүрмей қойған
атты Балуанның фаэтонға жегіп жүріп кетуі!..
– Жылқының перісі емес пе ол? Оған таңданатын ештеңе жоқ, –
десті əркімдер.
– Қасындағы кім?
– Ғалия!..
– Қайдағы Ғалия?
– Ақмоладан келген қымызшы Біржанның қатыны.
– Оны неге беріп қоя берген бұған?..
– Əңгімесі көп көрінеді оның...
Жұрт солай дабырласып тұрғанда, аяғын зырылдауықтай шап-
шаң басып, құстай ұшқан Құлақасқа көзден ғайып болды. Олардың
Құлақасқамен осылай жүруіне, міне, бүгін үшінші күн...
Ғалияның үйіне барып қымыз ішкен Балуан Шолақ ұзақ отыр-
май, жұмысым бар еді деп, кетіп қалды да, кешке айналып сол
үйге қонуға келді. Көз қарасынан мінезі жеңіл ме деп ойлап қалған
Балуан Шолақ, Ғалияға ауыл əдетін қолданбақ болды.
Ауылда, егер қыздың я келіншектің қас-қабағы жақсы болса,
бозбалаға онымен тілдесу қажет емес, түнде ұрланып төсегіне бір-
ақ барады.
Біржанның үйіне осы ниетпен келген Балуан Шолаққа жолы
болған сияқтанды, Біржан əлде не жұмыспен бүгін келмейтін
боп кетіпті. «Үй оңаша болды» деп қуанған Балуан, іңірде, өзен
жағасындағы тал арасына Ақбозды апарып, аяғына тұсау салды
да, үйге қайтып келе жатты. Ойда жоқта алдынан, басына шапан
бүркенген əйел кездесті де, жолын бөгеп тұра қалды.
– Бұ кім еді?! – деді Балуан.
– Мен, Ғалия, – деді əйел бетін ашып.
Рас – Ғалия!!.
Ғалияны қалай құшақтай алғанын Балуанның өзі де сезбеді.
Соқыр сезім сол жерде есінен тандырған ол, сүйіктісін жерден
жаңқадай көтеріп, қалың талдың арасына ала жөнелді.
Ғалия тырмысқан жоқ. Балуан оны қалың шалғынның арасы-
на əкелді де, денесін көме шалқасынан жатқызды. Ғалияда əлі де
бұлқыну жоқ.
«Мынау қайтеді?» деп ойлаған Балуан Ғалияның бетіне түрегеп
тұрған қалпымен үңілді.
– Тоқтыңыз семіз бе екен? – деді Ғалия.
– Қайдағы тоқты? – деді Балуан түсінбей.
204
– Ауыл ұйықтап жатқанда қотанға қасқыр ұрланып кіретін де,
бір тоқтыны арқалап ала қашатын. Сол сияқты мені қайда əкел-
діңіз?
«Батыр аңғырт». Балуан сөзден тосылғандай үндемеді.
– Балуан, – деді Ғалия, басын көтеріп, қасына отырған оның
иығына қолын салып, – мен сізді осы араға əдейі іздеп кем ем,
тыңдасаңыз – үш тілегім бар.
– Неге тыңдамайын. Айт.
– Айтайын! – деді Ғалия жеңіл күрсініп. – Нарлығыңызға,
«Балуан Шолақ» деген даңқыңызға сүйеніп, тілегімді берер деп ай-
там. Бірінші тілек – мен туралы талай өсек естуіңіз мүмкін, соның
жаманат жағына сенбеңіз; екінші тілек – қалтқысыз көңілмен
жүрек жара дос болайық; үшінші тілек – осы базар тарқағанша
біздің үйде болыңыз!
Балуан ойланып қалды. Үшеуі де ауыр тілек. Алғашқы тілегін
берейін десе, «көлденең өткен көк аттыны құр жібермейді»деген
сияқты өсекті көп естіді, ол өсектің анық-танығына жетпей
қалайша «саған сенем» дей алады? Екінші тілек – «дос болу»...
Өте үлкен сөз! Өте салмақты сөз! Сырын білмеген адамға «достаса
қояйық» деу оңай ма? Ең қиыны – үшінші тілек. Ғалиямен қалай
бірге бола алады ол? Күйеуі ұлықсат ете ме оған? Жаман да болса
күйеу аты, еркек аты бар емес пе оның? Ендеше, өз бойына лайық,
еркектік, күйеулік намысы бар емес пе? Сол намысын таптағысы
келгенге шамасы келгенше қарсы тұрмай ма ол?.. Оның арты неге
соқпақ сонда? Бұған дейінгі дұшпаны аздай, тағы дұшпан үстіне
дұшпан қоса түсу керек пе? Ол жалғыз болса құба-құп. Егер оның
дос-жараны көп боп, сойылын соға кетсе қайтпек.
Осы ойлардың салдарынан Балуан тұнжырап үндемей қап еді:
– Орындай алмасаңыз, қолқам жоқ, – деді Ғалия, оның иығынан
қолын алып.
«Өкпеледі» деп ойлаған Балуан ағынан жарылып еді...
– Көп жыл бірге тұрған күйеуімді мен сізден гөрі жақсы
білемін, – деді Ғалия, – оның еркі менің қолымда. Бүгін де мен
оны ертеңге дейін оралмайтын жаққа жұмсадым, ойым – сізбен
бүгін оңаша болып, армансыз сырласу еді...
– Менің бүгін оралып келетінімді қайдан білдің? – деді Балуан
қуланған боп.
– Еркектің əйелге деген бар сыры көзінде тұрмай ма, Балуан? –
деді Ғалия күліп. – Көз қарасыңызбен айтып аттанбадыңыз ба
маған, «кешке оралам» деген сөзді?..
– Ə, солай ма еді? – деп Балуан мойындай қалды да, – ол өз
205
алдына бір сөз ғой – деді кескінін салмақтандырып, – ал, əлгі сөзге
келсек, «күйеуім – еркімде» дегеніңмен, оның намысын көрінеу
көзге таптауға болмайды; көзіне шыққан сүйелдей боп, үйінде ба-
дырайып қалай жатып алам?..
– Сонда не істемексіз? Ұрланып кеп жүрмексіз бе?
– Басқа амал бар ма?
– Сізді жасыра алатын дүние жоғына көзіңіз жете ме, батыр,
тегі?..
Балуан үндемеді...
– Жоқ, – деді Ғалия шымыр дауыспен, – ешнəрсе де жасыра
алмайды сізді!.. Өзгені былай қойғанда, қараңғы түн де жасыра
алмайды!.. Сіздің қайда жүріп, қайда тұрғаныңызды жұрт жасы р-
саңыз да біледі, өйткені сіз жұртқа шыққан күн, туған айдай мəлім
боп алған адамсыз. Сіз жұрттың бəрін көрмегенмен, сізді жұрттың
бəрі көреді...
– Сонда не істеу керек? – деді, бұл сөздерге тағы да шырмалған
Балуан.
– Бір жол бар, – деді Ғалия қаярланған үнмен, – бірақ оған сіз
түсе алмайсыз!..
– Мысалы, қандай?
– Əйеліңізден айырылып, маған қосылу!..
– Өзің түсе алар ма едің, ол жолға?
– Түсер ем!.. Ал, сіз?..
Балуан жауап бермеді. Қалай береді, осы секундке дейін басы-
на тумаған сұрақ бұл.
Жауабын өзі таба алмай қиналған сұраққа «Ғалия да ойланбай
жауап беріп тұр» деп жорыған Балуан:
– Сен де қата айтасың. «Түсем» дегенмен, түсе алмайсың ол
жолға, күйеуіңнен айрыла алмайсың! – деді Ғалияға.
– Ендеше, не істеу керек?
– Былайша ғана ойнап-күлу керек...
– Қалайша?
– Белгілі сөз ғой ол! – деді Балуан, ішінен «сондай да сұрақ
бола ма екен?!» деп таңданып.
– Қалайша «белгілі?» – деді Ғалия. – «Ұрланып жолығу» ма,
«белгілі» дегеніңіз?.. Оның несі «ойын-күлкі?»...
– Сонда не істе дейсің? – деді Балуан, бұл мағынасыз егесуді
доғарғысы келген үнмен.
– Егер қиғыңыз келсе, Балуан, маған өзімізден өзге ешкім
білмейтін ұрлықтың ойын-күлкісі емес, қалың ел білетін жария
ойын-күлкі керек.
206
– Ол қалай болады?
– Мысалы, бір əдемі атты əдемі сайманмен, əдемі тарантасқа
жегесіз, екеуіміз оған қатар мінеміз де базар аралаймыз жəне жəй
араламаймыз, сырнайлата, əндете аралаймыз, сөйтіп, базардың
думаны боламыз. Міне, бұл, жұртқа жария ойын-күлкіміз болады.
Жұрт та рахаттанады бұған, өзіміз де рахаттанамыз. Бұлай ойнап-
күлуге күйеуімді мен көндіре алам.
Екеуі осыған серт байласты. Серттің куəсі Біржан болды.
«Ғалияның алысқа жұмсауымен, – мен көз таса боп, Балуанға
кешке жолығу» деп күдіктенген ол, «барайын» деп аттанып кет-
кен еді де, былай шыға бой таса ғып, іңірде кейін оралып, атын
алысқа тұсап, талды жамылып кеп, Балуан мен əйелін аңдыған
еді. Ол екеуінің қалай жолығып, не кеңескенін қастарындағы
қалың талдың ішінде отырған Біржан түгел естіді. Əзірге бүлініп-
жарылған ештеңе болмағанмен, естіген кеңестері құлағына жаға
қойған жоқ. Бұл істің арты немен тынуына көзі жетпеген ол, ең
жақын міндетім деп, Балуанның бүгін түнде Ғалиямен қашуына
бөгет жасауды есептеді. Сол мақсатпен ол, үйі ұйқыға жатады-ау
деген кезде, алыс жолдан оралғандай, атын дүбірлете аяңдатып
кеп, дыбысын сездіргісі келгендей, үйінің сыртына қақырына-
түкіріне түсті.
– Иеміз келіп те қалды! – деді ол дыбысты таныған Ғалия,
іштей əрі қуанып, əрі ренжіп.
Реніші – бүгінгі түнді Балуанның құшағында өткізбек еді,
күйеуі ол үмітін кесті; қуанышы – бүгінге дейін адал келген неке
суына бүгін арам тамшы қосу, су орнына у ішердей жүрегін лоб-
лыта бастаған ол қиналудан күйеуі құтқарғандай болды.
Қасына жатқан күйеуімен сыбырласқан Ғалия, оны өз ырқына
көндіріп барып ұйықтады. Сондағы айтқан сөзінің тоқетері:
«Ойыным мен сауығыма бөгет болмауға басынан көнген едің ғой,
сен? Адал некемізге арам жұқтырмауға мен уəде берейін, Балуан-
мен базарда серуендеуіме бөгет болмауға сен уəде бер».
Осы тақырыпта айтылған ұзақ сөздің қорытындысы сияқтанған
бұл өтінішке Ғалияның дегенін екі етпеуге дағдыланған Біржан
қарсылық айта алмады. Оның тек қана айтқаны:
– Қайдам, жұрт көзіне ерсі көрініп жүрмесе, өзің біл!..
– Жұрттың не десе де еркі, – деді Ғалия, – ел аузына қақпақ
бола алмайсың. Бір бірімізге өзара сенсек болғаны. Мен саған
сендім. Ал, сен өзің маған сенесің ғой.
– Əрине! – дей салды Біржан.
Көкейінде «сенбегенде амалым қанша!» деген сөз тұр. Ол сөзді
сыртына шығара алмайды.
207
Ғалияның көңілін қалдыру былай тұрсын, кірбің салуға да
жоламай дағды алған ол. Неге екенін өзі де білмейді, – Ғалия
жоқ жерде оған өмір жоқ сияқтанады, онсыз күні – қараңғылық
сияқтанады, айы да, күні де Ғалия сияқтанады, оның көңіліне қаяу
салу айы мен күнінің бетіне кір жағу сияқтанады...
Бұған дейін сөйтіп келгенде, Біржанның жанын толқытарлық
қаупі болған да жоқ еді. Қазір олай емес. Мынау «Балуан Шолақ»
деген оның бұрын көрмеген «аңы». Бұрынғы «аң» деп жүргендері,
бұның қасында, арыстанның қасындағы борсық сияқты. «Бұл бір
жұтпас, – деп қорқады Біржан Балуаннан, – егер жұтса, түйені
түгімен, биені жүгімен... дегендей мол қылғыр!.. Бұның аузына
іліккенді суырып алу да қиын болар!..»
Осыны айтайын десе, «көңілін қалдырам ба» деп Ғалиядан
қорқады, айтпайын десе, «асап қою» қаупі бар!.. Ғалияның «маған
сенесің ғой?» деген сұрауына «сенем» деген нық жауап бермей,
«əрине» деп былқ ете түсуі сондықтан...
Ерінен рұқсат алуын Ғалия ертеңіне естірткенде Балуан Шолақ
қуанып кетті.
– Жігіт екен ғой, оның өзі! – деген сөз шығып кетті оның аузы-
нан. – Дос болуға да жарайтын жігіт екен ғой ол!.. Бірге серуенде-
сек қайтеді өзімен?
– Егер, көнсе.
– Неге көнбейді?..
– Артық жүріс-тұрысты ұнатпайтын адам...
Ғалияның сөзі тура шықты. Онымен базарда бірге серуендеу
үшін, жоғарыда аталған Құлақасқа жорғаны арба-сайманымен са-
тып алған Балуан, Біржанға бірге жүруді ұсынған еді, «бұндай іске
бейілім жоқ еді, Ғалияға берген ұлықсатым ұлықсат, өздерің сер-
уендей беріңдер!» деді.
Құлақасқаның фаэтонына мініп Балуан мен Ғалия жөнеле бер-
генде, ішінде лаулай жөнелген қызғаныш оты Біржанды да үйіне
отырғызбай, атына еріксіз қондырды. Оның ақылшысы – əрі бо-
лыс, əрі бай, ауылда да, Ақмолада да салығы бар ЬІспан дейтін
адам еді. Кеше де ол Ғалия жұмсаған жаққа бармай, сол Ыспанға
соғып, Балуан Шолаққа деген күдігін айтқанда:
– «Қасқырдың ұлығаны – жеймін дегені» депті аталарың, –
деді Ыспан, – Балуан Шолақ бекерге ұлитын қасқыр емес, ұлыса
жейтін қасқыр. Ұлыды ма, қатыныңа қарап – «жеді» дей бер оны.
Осы түннің өзінде жеп кетіп жүрмесін ол. Жемесін десең, ізіңмен
қайт үйіңе!
Қайтпақ болған Біржанға:
208
– «Аңдушы алмай қоймайды» депті аталарымыз, – деді Ыспан.
– Торуға кірісе, қапыңды табады ол...
– Таптырмау үшін не істеу керек?
– Оны кейін ақылдасайық. Бүгін үйіңе қайт. Əуелі Балуанның
үйіңе оралу-оралмауын біл, соған қарап айла жасайық.
Ертеңіне Біржан оралып кеп, естіген-білгенін айтқанда:
– Келді ме, жорамалым? – деді Ыспан, Біржанның салмағын
молайта түскісі келгендей.
– Дəл келді. Əулие екенсіз!..
– Енді бұдан құтылу оңай, – деді Ыспан.
– Қалай?..
– Оны кейін білесің. Саған тапсырарым – қатынның серуен-
деуіне бөгет болма...
– Со бетімен алып қашса қайтем?
– Оны істемейді Балуан Шолақ. Сертіне ол берік жігіт. Кешке
кеп үйіңе қонам десе, қонады ол.
Ендігі сөзді ертең кеңеспек боп, Ыспан Біржанды үйіне қай-
тарып жіберді. Оның Біржанға «кейін білесің» дегені, өткен күні,
Атбасарға жиналған болыстардың бəрін ояз шақырып алған еді
де, «Егор Пропадконың өгізін ұрлаған қашқын – Нұрмағамбет
Баймұрзин осы базарда жүр дейді, жалған аты «Балуан Шолақ»
дейді, халық өзін аса жақсы көреді дейді, олардың арасынан
ұстау да қиын дейді, ал, енді сол адамды қалай ұстаудың амалын
табыңдар» деген. «Табамыз» деп уəде берген болыстар. «Бірақ бұл
істі өте жасырын түрде істеңдер!» деп тапсырған ояз.
Осы əңгіменің ішінде болған Ыспанның құлағына Біржаннан
естіген хабар жаға кетті. «Көптің ішінен ұстау қиын еді, – деп
қуанды ол, – серуенде жүргенде ұстау оңай. Бұны оязға хабарлау
керек».
Біржанға бұл ойын айтпауы – «сөз тарап кетер» деп қорықты.
Хабар тиген ояз базарда тəртіп сақтау ісінде жүрген казачья
сотняға «қапысын тап та, қамап ұста!» деген бұйрық берді.
Ғалиямен қатар мініп, сырнайда тартқан əнге қосыла,
Құлақасқаның екпінді жорғасымен сілтеп келе жатқан Балуан
Шолақты кейі салт, кейі жаяу бір топ солдат алдын бөгеп тоқтатты
да, қоршап ала қойды.
– Бұ не пəле? – деді, түсі құп-қу боп кеткен Ғалия, дірілдеген
дауыспен.
– Пəле боп бізге не қылады? – деді Балуан. – Не ақысы бар
бізде, бұл солдаттардың?
Олардың Балуан Шолаққа не істеуін баяндардан бұрын, оқу-
209
шыларды «Казачья сотня» аталатын бөлімшенің хал-жайымен та-
ныстырып алайық.
Бұл сотняның тұрғылықты мекені – Көкшетау сыртындағы
Айдабол дейтін жер. Анда-санда адамы жаңарғанмен, сотняның
осы өлкеге пайда болуына көп жылдар өтті. Ол ең алғаш 1739
жылы, Абылай хан Россияға бағынуға ант бергенде құрылып,
«тəртіп сақтауға» хан ордасына жіберілді. Абылай ханды, оның
баласы Уəли ханды қолынан өткерген сотня «дала тиыштығын
сақтау» ісінде қалып қойды... Үкімет бұл сотняны Көкшетау, Ат-
басар, Ақмола – үш ояздың орталығы деп Айдаболға қойды. Атба-
сарда базар ашылғалы, сотняны жылда «базар тəртібін сақтауға»
жібереді.
Сотняның солдаттары соңғы жылдарда бірнеше рет жаңар-
ғанмен, атаманы көп заманнан өзгерген жоқ. Ол сөмпектеу келген
ұзын бойлы, ұрты ішіне кірген қушық бетті, иегінің ұшын ғана
қасқалап қырғаны болмаса, сақалы мен мұртын тұтас, ұзын ғып
өсірген, ойнақы кішірек қара көзді, қайқы мұрынды, кең танаулы,
ұзын қасты, сақал-шашы ағарған, қара сұр казак-орыс. Оның туып-
өскен жері Айдаболға жақын – Зеренді тауындағы казактардың
станицасы, тұқымынан байлар да, генералдар, полковниктер, ата-
мандар да көп шыққан. Біз сипаттап отырған атаманның аты За-
хар. Орыс та, қазақ та оның фамилиясынан гөрі атын жақсы біледі.
Қазақтар оны «Көктеке» дейді.
Көктеке өзімен теңдес біреу болмаса, өзгемен қамшы я жұды-
рықпен сөйлеседі. «Қолы тастан қатты» дейді таяқ жеушілер. Оңай
олжа табуға да шебер ол, жоқтан сылтау тауып, кім көрінгеннен
қорқытып пара ала береді. Станицада бай шаруасын қорқытып
ұстайтын жалшыларына тегін баққызады. Ол əсіресе қазаққа өш,
кез келген қазақты сабау – оның өміріндегі «бір рахаты»...
Көктекенің қаһарлы атын Балуан Шолақ та естіген. Зор-
лықшылдың бəріне өш Балуан, біреулер Көктекені жамандаған
əңгімелер айтқанда, «шіркін, маған бір кездесер ме еді?!» деп
кіжінетін еді, міне, енді, сол тілегі бола кетті, – оны солдаттар,
Көктекенің бұйрығымен қоршады, өзі ішінде тұр. Балуанды ол –
ояздың «ұстап бер!» деген əмірімен қоршады.
Ол да Балуан Шолақ туралы көп əңгімелер естіген еді жəне ол
əңгімелер Көктекеге ертегі сияқты боп жеткен еді. Қара күші бол-
маса, сана-сезімі топас ол, Балуан туралы ертегілердің біразына
нанған сияқтанып, көруге құмартып жүретін еді.
Міне, енді «ертегінің ерін» алдынан тосып тоқтатқан ол,
қазақша шалағай білетін сөздерімен тіл қатпақ боп, солдаттарды
кимелей Балуанға жақындады.
210
– Кімдікі парен сен? – болды оның бірінші сөзі.
– Мен – Балуан Шолақ! – деді ол мұның кім екенін жорамалдап.
– Aha!.. Понимаю!.. Естіген!.. Сен улкон казак!.. Здоровый!..
Молодчина!.. Қайда барады, сен?..
– Базар аралап жүрмін...
– Сені ояз шақырған, мен соған тоқтатқан...
– Менің оязда жұмысым жоқ.
– Оныкі жұмыс сенде бар...
Көктеке қылжақ қылып тұр екен деген оймен, Балуан атының
басын кейін бұрайын деп еді, божысынан Көктеке ұстай алды...
– Жібер! – деді Балуан, божыны жұлқып.
– Жоқ, мен сені жібермейді, оязға апарады! – деді Көктеке
түсін суытып ап.
– Жібер! – деп божыны тағы жұлқығанда, қолына жармасқан
Көктекені кеудеге салып кеп жіберді.
Көктеке шалқасынан түсті. Сол ашумен атты құнтпен тар-
тып-тартып жібергенде, жаны ышқынған ат, қамаған солдаттарды
кеудесімен қағып, тарта жөнелді. Арба жалтарған шақта Ғалия
төңкеріле құлап түсіп қалды... Оны байқаған Балуан атын тежей
беріп еді:
– Қарама маған! Өзің құтыл! – деп Ғалия айғай салды.
Содан ба, əлде қызған ат киіп əкетті ме, Балуан Шолақ жөнеле
бергенде:
– Ат! – деген дауыс естілді.
Бірнеше мылтық қатарынан гүрс ете түсті. Құлақасқа омақата
құлады. Арба төңкеріліп түсті, Балуан ұшып кетті.
– Өлді!.. – деп шу ете қалды қарап тұрғандар...
Балуан Шолақ тұрып үлгермей, солдаттардың қоршауында
қалды...
Солдаттар оны құрғақ қолмен емес, найзалары сүйриген мыл-
тықты қолмен қамады, егер құрғақ қолмен қамаса, алыса кеткенін
ұшырып жіберер еді де, денесіне қол дарытпай, сытылып шыға ке-
лер еді. Мылтыққа амалы болмай қалды оның. «Батыр – бір оқтық»
деген аталарының мақалы түсті оның есіне. Дəрменсіздігін көрген
ол, солдаттарға «ұста да, байла!» дегендей, артына қайырған
қолдарын тоса берді...
***
Ертеңіне Балуан Шолақтың аяқ-қолына кісен салынды да,
пар атқа жеккен күймелі арбамен, салт мінген елу солдаттың
қоршауында, Көкшетауға айдалды.
211
Балуанға жаны ашитын жігіттер «жолда тосып тұрып тар-
тып аламыз» деп еді жəне ол ойларын орындамақ боп əр жерге
тосқауыл да қойып көріп еді, нақ «иə, бəсеге» келгенде, мылтыққа
қарсы шаба алмады. Олардың да күрсіне айтқан сөздері – «батыр –
бір оқтық» деген рас екен-ау!..
17. АБАҚТЫДА
Абақты – азап орны, жайнаған шоқ,
Басқаным от сияқты, ішімде дерт.
Кіргізген камерына қарап тұрсам,
Ішінде менен басқа адам да жоқ.
Өнерсіз атқа мініп неге керек!
Тудым мен өнерпаз боп елден ерек.
Есікті шегіншектеп сүзгенімде,
Ұшырдым тақтайларын төртке бөлек.
(Балуан Шолақтың өлеңінен)
Балуан Шолақ Көкшетау түрмесіне жабылды. Оны оңаша
бөлмеге қамады. Балуан ішіне кіре төңірегін көзімен шолса,
темір мен торланған биік, кішкене терезесі бар, кірлеген қара сұр
қабырғалы, төбесі тапал, сəкіге винттеп тастаған темір кроваты
бар, оның үстіне кір кенеппен тыстаған көрпе тастаған, босағасына
«үштік» аталатын кішкене керосин лампы ілген, сəулесі күндіз де
күңгірт бөлме екен.
Тар бөлмені қамаудағы арыстандай күңірентіп Балуан Шолақ
аз жүрді де, кроватқа келіп отырды. Көрпе дегені сабан екен.
Не істерге білмеген Балуанның көзіне бөлменің қалың қарағай
тақтайдан жасалған есігі түсті. Бір оқиға есіне кеп кетті оның.
Бұдан бірнеше жыл бұрын, күзге қарай, ауылда шілдехана бол-
ды. Ойынға Шолақ та қатынасты. Жақын арада қарағайдан қиған
жалғыз ғана бөлме еді бұл. Шілдеханаға жиналған жұрт ішіне əрең
сыйған үйге ас та даярланған соң, іші ысып кетті де, жанып тұрған
керосин лампы сөніп қалды. Оны тұтатпақ боп əркімдер əуре боп
жатқанда, үйдегілердің тынысы тарылып, дем алуға болмай қалды.
– Тұншығып барамыз, – десті əркімдер, – есікті ашатын екен!
Біреулер ашайын десе, жасаң қарағайдан жасалған есік ісініп,
тас боп бекіп қапты, тепкілейді – ашылмайды, балтамен ұрады –
ашылмайды!..
– Енді қайттік?! – деп үйдегілер сасқанда:
– Жол беріңдер маған, – деді біреу.
212
– Кімсің?
– Балуан Шолақпын. Есікті мен ашып берейін.
– Ал, аш! – деп, есік жақтағылар сырыла бастады.
Қараңғы жолында əркімге соқтығып, жығыла-сүріне есікке
жеткен Балуан, қолымен толғап еді, есік болар емес! Өкшемен
теуіп еді қозғалмайды. «Мынау қайтеді?» деп ерегіскен ол, шегіне
беріп, төбесімен сүзіп қалды. Есік жалп етіп шалқасынан құлады.
Содан кейін от та жанды, лампы да тұтанды. Жұрт далаға шығып
қараса – есіктің топса темірі омырылып кеткен екен!
Абақтының тар, күңгірт бөлмесінде отырып осы оқиға есіне
түскен ол, жұдырығын түйіп алып есікті қойып кеп жіберді. Қалың
қарағай есік, екпінді күштің тегеурініне шыдамай, орта тақтайлары
омырылып, шалқасынан түсті.
Торды үзген арыстандай ол сынған есіктен сып беріп шыға кел-
се, кең коридордың екі жағынан да мылтықты күзетшілер жүгіріп
келеді екен.
Таныс мылтық!.. «Батыр – бір оқтық!»
Балуан Шолақ қарсыласпады. Күзетшілер оған сөзі жеткенше
ұрысты да, басқа бір бөлмеге тағы кіргізді. Ол кең бөлме екен. Іші
лық толған адам: біреулер отыр, біреулер жатыр, біреулері түрегеп
жүр... Бəрінің кескін-кейіптері абақты бөлмесінің қабырғасындай
қара сұр, бəрінің де көздері абақты бөлмесіндей күңгірт.
Балуан Шолақ кең бөлмеге кіргенде, оны бір топ адам қоршап
алды. Бəрінің сұрауы біреу: «Кімсің? Жазығың не?»
Сазарған Балуан жауап бермей, жаңа ұсталған жолбарыс-
тай жан-жағына қабағын түйе, тесірейе қараса, қоршағандар –
түгелімен арық, түгелімен желқом –жыртық киімді. Бұның үстінде
ылғи жаңа жəне жақсы киімдер...
Жыртықтардың бір тобы бұған қадала қарап қоршай қалғанда,
еңгезердей біреуі таянып келді де:
– Шеш киімдеріңді! – деді.
– Неге?! – деді Балуан таңданған кескінмен...
– Біз киеміз.
– Өзім қайтем?..
– Сен мына, біздің киімді аласың!..
– Иə, біздің киімді аласың! – деп ду ете күлді қоршағандар,
құрсауын тарылта жақындап.
«Мыналар қайтеді?!» деп сескене бастаған Балуан, ығысың-
қыраған бейнемен:
– Əй, естерің дұрыс па, өздеріңнің?!.. Жыным бар ма менің
жақ сы киімдерімді сендерге беріп, өзім сендердің құрымдарыңды
ілетін?
|