285
Хан Жəңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай немене,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні! –
деген сөзі түсті.
Балуан Шолақ қатты күрсінді де, атын арқадан, тамақтан си-
пап, «отта енді, жануар!» деп, өзі от басындағы орнына қайтты.
Ақбоз Балуанның соңынан еріп кеп, қасында мелшиіп тұрды да
қойды...
– Жаныңды ұғам, жануарым, – деді Балуан, Ақбозға қарап жа-
тып, – ұққанда амалым қанша! Туған жеріңді сағынасың!.. Білем!..
Мен сағынбаймын ба?.. Сені де, мені жел айдаған қаңбақтай тағдыр
мұнда əкелді. Осы көреміз деген жеріміз бе еді екеуіміздің?!.
Сағынудан сыздаған жүрегі кеудесіне сыймай, Балуан демін
зорға алды. Ақбоз телміріп аз тұрды да, «жатып алдың» деп
Балуанға өкпелегендей, ұнжырғасы түсіп, сылбыр аяңмен қамысқа
қарай кетті.
Сексеуіл əлі маздап жанып тұр. Балуан сексеуілдің жуан тү-
бірін отқа қарай сырыңқырап қойды да, тағы жатты. Түннің қараң-
ғылығы қоюлана түсті, жел үдей түсті...
Балуан жатыр. Оны қоршаған ауыр ой маңына ұйқы жолатар
емес. Оның ойында – елін, жерін, туысқандарын, Ғалияны сағыну.
...Осы ойда жатқанда құлағына шыңғырған жылқының даусы
естілді. Орнынан атып тұрған оның ойына «Ақбоз жазым болар
ма!» деген қауіп түсті. Жылқы тағы шыңғырды. Сасқан Балуан
қарусыз қолмен тұра жүгірді.
Қалың қамыстың арасымен дыбыс шыққан жерге жүгіріп келе
жатқан оның құлағына əлдененің ырылдағаны естілді. Жүрегі
қобалжи түскен ол, қамыс арасындағы алапқа шығып еді, түнді
тескен көзіне ағараңдаған бірдеме көріне кетті.
Ағараңдап тыпырлағанға ол жетіп келсе – аты!.. Оның үстінде
қимылдай қараңдаған бірдемеге үңілсе, ұзын құйрық бір аңның
бөксесі!.. Бас жағы аттың кеудесіне кіріп кеткен. Бұл мақұлықты
жолбарыс деп жобалаған Балуан Шолақ, ұзын құйрықтың түбінен
шап беріп ұстай алды да, мықшия тартып зорға дегенде аттың
кеудесінен суырып алды... Жолбарыс!.. Ол қайырылып тап бе-
руге ыңғайланғанда, Балуан сілтей лақтырып жіберді... Ұшып
барып құлаған тайшадай жолбарыс, тұра сала Балуанға тап
бере ұмтылды. Екеуі айқаса кеткенде Балуанның қолы аңның
жұтқыншағынан ілікті. Қылқынған аң мұрны бырылдап, тілін сала
286
құлаш шығарып, аузын ақырайта ашып бұлқынып еді, Балуанның
қатып қалған уысы жазылмады. Жанталасқан аң Балуанның
денесін тырнақтарымен бүрді. Дес бергенде, киімі қалыңдау еді
оның, бүрген тырнақтардың шеңгеліне киім жентектеліп, етіне
кейбір тырнақтардың, істік ұшы ғана тиді... Тиген жерін ол ыстық
ұстарадай тіліп түсті... Сол кезде, жолбарыстың кеңірдегінен
қысқан қолы жазылып кете жаздады. «Өйтсем өлем» – деген ой
келді оған, – одан да айрылмайын!..
Буынған аң Балуанның қолы кеңірдектен айрылмасын сезген-
дей, бассауға қылмақ боп, сүйрелей қашуға тырысты, бірақ тыр-
мыса тартқан Балуанды əкете алмады, екеуі ұмар-жұмар жығылды.
Балуан алқымдағы уысын толғай түсті!..
Бір кезде жолбарыс қимылсыз сұлық жата қалды. «Енді өлген
шығарсың» деп ойлаған Балуан, аңның алқымынан уысын жазбас-
тан, басын көтерсе, таң сібірлеп келеді екен. Жарылған атын сон-
да ғана еркін көрген ол: «Оншадан мұнша жүріп, ажалың осында
жетті-ау, жануар!» деді күрсініп...
Жолбарыстың алқымын босатпай Балуан аяқпен шапқа, бү-
йірге, кеудеге теуіп көріп еді, қозғалмайды. «Өлген екен» деп Бал-
уан уысын жазайын десе – ашылмайды, қолы қарысып қалған!..
«Жаным-ау, біздің жолдастарға не болған?» деген оймен
Бал уан Шолақ: «а-ай!» – деп дыбыс берді. «А-ау!» деген дыбыс
естілді, қамыс арасынан. Іле, жүгіріп Шашубай шықты да, өлген
жолбарысты кеңірдектен ұстап тұрған Балуанды көріп, «мұнда!»
деп айғай салды. Қамыс арасынан өзгелері де шуласып шықты.
– Тірімісің? – десті олар Балуанның қасына жүгіріп келіп.
– Өлсем осылай тұрам ба? – деді Балуан масаттанғандай.
Оның қарысқан қолы жазылып кетті.
– Апыр-ай, құдай-ай, сақтай гөр! – деп қорықты, оның дене-
сіндегі жарасын көрген серіктері. – Ауыр жараланыпсың ғой өзің.
– Үрейленбейік! – деді Шашубай. – Тез сойыңдар жолбарыс-
ты! Бұл осы күні семіз, терісі шелді, Балуанды жылыдай теріге
орасақ – жараның уытын сорып алады.
Жолбарысты Балуанның жолдастары тез сойды да, терісін от
басына əкеп, Балуанды тырдай жалаңаш шешіндіріп, қан сасыған
жылы теріге орады. Тері Балуанның зор денесін еркін қаусырынуға
жетті.
287
31. АЛАТАУ АЯСЫНДА
Көріп пе едің қырғыздың Алатауын,
Бұлт ұялап, басында күнде жауын
Алыстағы аңсаған Ғалияның,
Біліп қайтсам, шіркін-ай, есен-сауын!
(Шолақтың өлеңінен)
Араб елінде мынадай ертегі бар. Мұхамбет пайғамбардың
күйеуі, əрі əскер бастығы Əзірет Əлі, алыстағы бір мемлекет-
те Дариға атты балуан қыз бар деп естиді де, əдейі іздеп барып,
күреседі. Балуан қыз мұнымен бірнеше күн алысып, кейде жығып
кете жаздап, ақыры, намыстанған Əлі əрең дегенде жығады.
Жеңілген қыз Əліге қосылып, екеуі аз күн тұрады да, Əлі мекеніне
қайтып, қыз жүкті боп үйінде қалып қояды. Айы-күні жеткенде
Дариғадан ұл туады да, атын Мəді қояды. Мəді қырық күнде қырық
кез боп өсіп, қырық бірінші күні əкесі Əліні іздеп жолға шығады.
Неше күн, неше түн жүрген ол, бір күні күресіп жатқан адамдармен
кездеседі. Мəді қастарына кеп қарап тұрса, күрестіріп жатқан орта
жасты, денелі адам, күресіп жатқан ылғи жастар, бəрі де балуан
жігіттер, Мəді оларға қызыға қарап тұрады да, «мен де күресем»
деп қолқа қылады. Басқарушы адам бұл тілекті орындағанда, Мəді
жастардың бəрін жығады. Сонда басқарушы ашуланып, «өзім
күресем» деп ұстай алғанда, Мəді «Я, əкем, Əзірет Əлі, қолда!»
деп, оның да тізесін бүгеді. Мосқал адам сасып қап: «Япырай, сен
Мəді емеспісің?!» дейді. «Иə, мен Мəдімін» дегенде, мосқал адам:
«Ендеше, мен əкең – Əлімін!» дейді. Мəді ұялып тұра қашады, Əлі
тұра қуады. Ақыры ұстайтын болған соң, «əкемнің жағасынан ал-
дым, енді оны көрер бетім жоқ, мені жасыр!» деп Мəді жерге жа-
лынады. Жер Мəдіні аяйды да, Əлі қуып жете бергенде, жарылып
кетіп, ішіне Мəді түскенде жасырып жабыла қояды...
«Ақырзаман боларда, – дейді ертегі, – Тажал деген шығып
дүниені жалмай бастайды, адамды сол апаттан, жер астынан
шыққан Мəді ғана құтқарады...»
Бұрынғы Жетісу атанатын Үйсін-Дулат елінде:
– Мəді шығып қапты! – деген хабар дүңк ете түсті...
– Қойшы!.. – десті елең ете қалған жұрт.
– Рас!.. Адамның арыстаны дейді. Түйені қозыдай арқалап
əкетеді дейді!.. Еті – темір дейді, тісімен жылқының ортан жілігін
кеміреді дейді!.. Денесі адамзатқа бітпеген дейді. Өзінің бір қолы
шолақ дейді!..
288
– Апырай, ақырзаман болып қалғаны ма онда?! – деп үрей-
леністі жұрт. – Молдадан сұрайтын екен. Мəдінің де қолы шолақ
па екен?
– Біреулер сұрапты. Молда «Мəдінің де бір қолы шолақ деген
кітапта рауаят бар» депті, – деген де хабар тарады.
Жаздыгүні Алатаудың биігіндегі бір жайлауда, Ордабаев Қали
деген байдың үйіне жиналып қымыз ішіп отырған біраз жұрт та
осы кеңесті айтып шуласып отырғанда, «сөйлес!» – деген дауыс
естілді үй сыртынан.
Қали менмендеу, тəкаппарлау кісі еді, сөйлес қып нығызсыған
адамды ұнатпайтын еді. Ол сырттан естілген мына дауысты да
ұнатпай:
– Уау, түсе бер, кім болсаң да!.. Саған сөйлеске баратын кісі
жоқ, түспесең тарта бер! – деді айғайлы дауыспен.
Аздан кейін үйге əлем-жəлем киінген оншақты жігіт кіріп келді.
Олардың ішінен Қалидың көзін өзге жігіттер қоршай кірген, сым-
баты өзгелерінен ерекше, қалың қара сұр мұртты, шоқша сақалды
адам ерекше тартты.
– Жоғары шық! – деді, ондай дауысты өз үйінде естіп көрмеген
Қали ұнатпай.
Қали оң жақ босағада, өзге қонақтарынан оғашырақ отыр еді.
Бұл елде оған тақала адам отырмайтын еді.
Қалидың ол «тəртібін» бұзған қонақ, қолдасып амандаспас-
тан дəл оң тізесін баса кеп отырды. Өзгелері төрдегі бос орынға
жайғасты.
Еркінсіген қонақтың қылықтарына іштей ыза болғанмен, Қали
сырттай сыр бермеді. «Сіз», «біз» деп сыпайысуына, киіміне, түріне
қарап, «алыстан келе жатқан қонақ болар жəне мына түрімен тегін
де кісі болмас» деген оймен, сөзін сыпайы бастап:
– Жол болсын, қонағым! – деді бұрыла қарап қойып.
– Жол болса əлей болсын!.. Жолдамақ сізден болсын!..
– Таныспадық па, қалай, қонағым!..
– Сөйлес қылмасақ айып бізде. Сөзге шықпасаңыз айып сізде.
Сыртта көрісіп, төс тақасып амандаспаған соң, енді жата-жастана
таныса береміз де...
Сөзден тосылғандай болған Қали:
– Əйтсек əйтерміз, онда, – деді де, жігіттеріне: – жолаушылар
сусаған болар, шұбат əкеліңдер! – деді.
Қышқылтым иісі мұрынды қытықтаған қоймалжың дəмді
шұбаттан қонақ екі-үш саптаяғын сіміре бір-бір-ақ тартып жіберді
де, маңдайынан шыққан терді саусағымен сыпырып тастап:
289
– Енді болдым! – деп шынтақтап жантая кетті.
Аңқасы кеуіп келген өзгелері салқын, тəтті шұбатты сап таяқ-
тарын алдарына ұстай отыра асықпай сімірді.
Қатар отырған қонақтың шұбат ішуі де, одан кейін қисая
кетуі де жаттау көрінген соң, оны аздап түрткілегісі келген Қали
жантайған денесіне бір қарап қойып:
– «Руын не құл, не қу жасырады» дейтін еді, қонағым, қайсысы
екеніңді жата-жастана білерміз. Ол жөніңді айтпасаң, мына жө-
ніңді айт: денең жақсы екен, балуан біреу емеспісің?
– Неге олай сұрайсыз?
– Денең жақсы екен...
– «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды» демей ме, атала-
рымыз? Денелінің бəрі балуан бола бере ме? Жəне ауызда емес,
күште сыналмай ма, балуан? Күштімін бе, жоқ па – сынасар жер
кез келсе көрерсіз!
Тағы да «мынау бір кесір сөйлейтін адам ғой өзі!» деп ойлаған
Қали, онымен ептеп сынаспақ болды. Денесі сидам жасырақ
кезінде ол кеуде балуанның біреуі боп жүрген еді де, семіргеннен
кейін ол «кəсібін» тоқтатып, күшін үйде көрсететін бір əдіс тапқан
еді: үйіне келген қонақтардан біреуді «осы ауыр» деп немесе
«мықты» деп ойласа, қасына отырғызатын еді де, оңынан солына,
солынан оңына көтеріп қойып ойнайтын еді. Оның сондай ойыны-
нан қорқып, кейбір аса семіз адамдар үйіне жоламайтын еді.
Қалидың мына қонағына да сол ойынын көрсеткісі келді. Аз
тым-тырыс отырғаннан кейін:
– Əу, қонағым! – деді ол.
– Ə, – деді қонақ басын көтеріп.
– «Ойында өрелік жоқ» деген мақалды сіздің ел айта ма?
– Сіздің елдің ғана сыбағасына тиген мақал емес шығар ол,
киіз туырлықты қазаққа ортақ мақал шығар. Əлде, мені қазақ емес
деп ойлайсыз ба?
Бұл сөзден де тосылып қалғандай болған Қали, онысын
сездіргісі келмегендей:
– Ендеше, бір ойыным бар еді, қонағым, сонымды көрсетсем
ерсі болмас па екен? – деді.
– Əрине, ерсілік болмайды. Айтыңыз, қандай ойын екенін!
– Оң жақта отырған қонағымды сол жағыма көтеріп қоятын
ойыным болушы еді...
– Оған мен əзір!..
– Ə, жарайды, онда! – деп, Қали оң жақта отырған қонағына
денесін икемдеді де, оң қолын сыртына орай, арғы тақымның
астына тығып жіберіп, өзіне бейімдей тартты...
290
Бұған дейін бұлай тартқанда, денесі қандай ауыр адам бол-
са да, орнынан қопара бастайтын еді де, лезде жұлып ап, екінші
жағына аудара салатын еді.
Ал мынау – кесек тастай, немесе жерге қаққан темір қазықтай,
отырған орнынан бүлк етпейтін бірдеме!..
Қали Қанша мықшыңдағанмен, қонағын орнынан қозғалта ал-
мады. Алқынған да, терлеген де ол, басқа айла істей алмауына көзі
жеткен соң, қонағын құшақтаған қолын алды да, ентіге сөйлеп:
– Тас екеніңді, темір екеніңді білмеймін, жарқыным, асау атты
да құйрығынан ұстағанда тырп еткізбейтін ем, қандай ауыр кісі
болса да шопақ құрлы көрмейтін ем, сені мен қозғай алмадым! –
деді.
– Олай болса, осы ойынды маған ойнауға болар ма екен? – деді
қонақ, – Сізді менің көтеруіме болар ма екен?
– Болуы болады ғой, бірақ сен мені көтере алмайсың, қонағым.
– Неге?
– Аттан күшті емес шығарсың сен. Мені ат та көтере алмайды.
Тек, нар түйе мен атан өгіз ғана көтере алады...
– Көтере алмасам, менен айып сұрамассыз. Ойын ортақ. Мен
ойнайын сізбенен.
– Онда өзің біл.
– Менің де ыңғайым – оңымда еді. Оң жағыммен көтеруге бо-
лар ма екен?
– Ықтиярың.
Қалидың сол жағына отыра беріп, қолын бөксесінен орай,
құшаққа сыймайтын жуан денесін өзіне икемдей, қонақ «һауп!»
деп жұлқи тартқанда, дауылдан құлаған жуан ағаштай еңсеріліп
қисая кетті... Сол бетінен оңалдырмаған оны, қонақ бос бөшкені
құшақтап көтере жөнелген баладай, ауыр жəне жуан денесінің
салмағын кеудесіне арта тұрып жүре берді.
– Қарным жарылды!.. Түсір!..– деген жалынышты даусы
шығып кетті Қалидың.
Босағаға көтеріп апарып түсірген қонағына:
– Апырай, кім ең? – деді ентіккен Қали.
– «Оны жата-жастана сұрастырармыз» демедік пе?
– Дедік... сонда да?..
– Сөз сертінен таймау керек...
Тағы да тосылған Қали, қонағын да орнына отырғызып, өзі де
отырып:
– Ал, жігіттер! – деді қонақты күтушілерге. – Кім де болса ке-
ремет біреу, мынауың. Жөнін кейін біле жатармыз, сендер бұның
сыбағалы асын даярлап, мал сойғызыңдар!..
291
Жігіттер бұйрықты орындауға кеткен шақта, əдемі киініп, дом-
быра көтерген оншақты адам үйге кіріп келді.
– Балуан Шолақ осында ма? – деді дөңгелек қара сақалды,
кі шірек имек мұрынды, шықшытты, дембелшелеу, орта бойлы
қызыл шырайлы кісі.
Үйдегілер біріне бірі қарады.
– Жаза баспасам Балуан Шолақ сен боларсың! – деп, əлгі кісі
домбыралы қолын қонаққа ұсынды.
– Болсақ болармыз, – деді қонақ.
– Ендеше, мен Дулаттың Сарыбасымын.
– Естіп ем! – деді қонақ түрегеп. – Кел, онда, төске төс тигізіп
көрісейік.
Екеуі құшақтасып көрісті.
– Атыңды естуші ек, – деді Сарыбас Балуан Шолаққа, – көруге
құмар ек. Ізіңді қуып жаңа таптық. Мына тұрғандар Жетісудағы
Үйсін, Дулаттың сені іздеген ақындары.
– Менің де іздегенім сендерсіңдер! – деді Шолақ, ақындарға
басын иіп.
– «Мəді шықты!» деп дүрлігіп едіңдер, – деді Сарыбас үй-
дейлерге (жұрт елегізіп қалды). – Сол Мəді – осы Балуан Шолақ!
Одан əрі мəжіліс басталып кетті. Қалидің ақ үйінің жаңа киізі
шұрқ-шұрқ тесіліп, айналасы көктегі жұлдыздан жиі сығалаған
көз боп кетті.
– Бұл қай бейбастақтық? Үйді қиратамысыңдар? Киізді
бүлдірдіңдер ғой. Жоғал көзге көрінбей! – деп аюдай ақырған
Қалидан жайшылықта қорқатын жұрт бүгін жасқанбады. Олар
бүгіннен қалса Балуанды көре алмайтындай боп, үйге сыймағаны
сырттағы киіздің тесігінен таласып, бірін-бірі басып кете жаздады.
– Жұрт лебізіңе құмартып тұр, əн бұлағы Көкшетаудан келдің.
Жетісуды сусындат! – деген өтінішті орындап, Балуан Шолақ бар
білгенін ортаға салды. Ол өлең-жырын:
Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға?
Ол даудан аман қалса, басың сауға?
Жетісу, жемісің мол ағаш едің,
Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға! –
деп бастап, аржағында бұл өлкеге неге келген жайларын, жол-
шыбай нелер көріп, нелерді естігенін сөйлеп кетті. Əн араласты-
ра айтқан өлең-жырларымен тыңдаушыларын ол жылатты да,
күлдірді де, сергітті де, күрсіндірді де...
292
Жетісу Балуан Шолақты айлап емес, жылдап жібермеді. Оның
күні де, түні де, қысы да, жазы да сауық-сайранмен өтті.
– Мəн-жайыңды естідік, – деді оған қайда барса да жұрт, –
ағайын іздесең: шыққан арғы тегің осы – Үйсін. – Жолшыбайғы
елдерден естіген сөздерін қайталады: – Үйсін болмаса да сені
жатырқайтын Жетісу жоқ. Артыңда аңдушың көп екен. Туған
жерің ыстық шығар, бірақ қайтып барам деме, жазым боларсың.
Осы елге орнық. Үстіңе үй тігейік, алдыңа мал салайық, қалаған
қызыңды берейік.
Шолақтың қайтпауын қолқалаған, əсіресе, ақындар мен əн-
шілер.
– Көкшетау – əннің бұлағы деп еститін ек, – десті олар,–
сол жақтан, Арқаның биік жонын, Бетпақтың жалпақ шөлін,
Балқаштың теңіз көлін аттап, əдемі нəзік үндер бұл маңайға
талықсып жететін еді, еркін естісек деп құмартатын ек. Сондай
сусаған шөлімізді сен қандырдың. Бірақ сенің əнің – дəмі айны-
майтын тəтті екен, сімірген сайын сусап барамыз. Өмірімізді сенің
əніңе бөлеп өткізейік. Аз жасты сайранмен бірге жасайық.
«Əне қайтам, міне қайтаммен» Балуан Шолақ Жетісуда он
жылдан артық жүрді. Алатаудың кең етегін жайлаған қалың елде
араламағаны жоқ. Балқаш көлінің батыс жағымен келіп, Əулиеата
қаласына барған ол, Алатаудың теріскей жақ бөктерін жайлаған
елді аралап отырып, Қытай шегіне барып тоқтады. Одан арғы
қазақ ауылдарын да аралауға ойлаған еді, үкіметтің шекаралық
орындары рұқсат бермеді.
Сонша елді аралағанда оның қыдырғыштығы ұстаған жоқ.
Ол қай ауылға барса да, алдыңғы ауылдардан іздеп кеп, «дəмге
шақыра келдік!» деп ілгері тарта берді. Жолы ұзап бара жатқанын
Балуан көрсе де, сыйлап шақырғандарға бармаймын дей алмады...
«Ел, елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» дегендей, Көкшетауда
туып-өскен Балуан Шолаққа Жетісу елінің əдет-ғұрпы, үй-
тұрмысы, киім-кешегі өз елінен басқаша көрінді. Балуанның
байқауынша, Жетісу елінде «атам заманның» əдеті көп сияқты.
Көкшетау елінің жазғы киіз үйі кең, биік болады. Жетісудың
үйі əрі тар, əрі аласа екен. Көкшетау елінің əлділері қыстыгүні
бірнеше бөлмелі ағаш үйде, əлсіздері орыс крестьяндарының
үлгісімен салған шым үйде отырады; Жетісу елі қысқы үй салуға
шорқақ екен, көпшілігі таудың етегін жырып жасаған «кепе» атты
үңгірді мекендейді екен, онда терезе болмайды, не төбесінен, не
қабырғасынан сығырайған кішкене тесік қойып, қойдың қарнымен
қаптайды екен. Көкшетау елі ыдыс-аяқты, үй жасауын көбінесе
293
базардан, фабрикада жасалған заттардан алады. Жетісудың ыдыс-
аяғы, үй мүлкі көбінесе ауыл шеберлерінің қолынан тұрпайы
жасалады екен. Көкшетау елінің киімі орыс я татар киімдеріне
ұқсастау ықшам, ыңғайлы келетін. Жетісу елінің киімі əрі мол, əрі
сиықсыздау олпы-солпы келеді екен...
Көкшетау елімен салыстырғанда, Жетісу елі аңқаулау, мо-
мындау сияқты. Жетісу елі еңбек бейнетін Көкшетау елінен
көбірек көретін сияқты, Көкшетау қазақтары егін салмайды,
астықты жақын жердегі орыс поселкелерінен сатып алады, Жетісу
қазақтарының көбі егінді өзі егеді екен, ол егінін арықтан суара-
ды екен; бұның бейнеті Көкшетаудағы егіншілердің бейнетінен
əлдеқайда ауыр, – Көкшетауда егіншілер жерді жыртып, тұқымын
себеді де, суды көктен тілеп, қашан егін піскенше күтіп отырады,
жетісулықтар егіні піскенше суарып дамыл көрмейді.
Алатау өлкесінің жері Балуан Шолаққа ұнады да, ұнамады да.
Ұнағаны: таудың өз бойы қасиетті, оған шықпайтын егін де, жеміс
те жоқ. Сондықтан да жергілікті ел: «Жетек ексең – арба өседі»
дейді екен. Алатау бойына шығатын жемістер Көкшетауда жоқ,
Көкшетаудың егістік мəдениеті де Алатаудан төмен. Алатаудың
Балуанға ұнамайтыны: бар қасиеті таудың өз бойы мен етегінде
ғана да, егер одан ұзап, 50-60 шақырымға барсаң, таздың басын-
дай тақыр. Көкшетаудың қай жеріне барсаң да, белуардан келетін
көкорай шалғын, түбіттей ұйысқан қалың бетеге!..
Жетісу елі қаншама құрметтегенмен, Балуан Шолақ туған
жерін, елін, ата-анасын, Ғалияны жылдан-жылға артық-артық
аңсады да, оншақты жыл аралағаннан кейін Жетісу елінен рұқсат
сұрады.
– Туған жеріңе қайтам десең – рұқсат, – деді Жетісу, – бірақ
күндердің күнінде патшаның қудалауына тағы да іліксең, пана-
латуға біз əзір...
Еліне беттеген Балуан, Жетісудың қай ауылына түсіп аттанса
да, бір ауыз өлеңмен қоштасты:
Алатау, аз күн жаттым аунап-қунап,
Дертіме дəрі бердің жүрген улап.
Көргенше енді айналып, қош-аман бол,
Ұлысы Ұлы жүздің – Үйсін, Дулат!
294
32. ӨЗ БЕЙНЕСІ
Алатаудан аттанар алдында Балуан Шолақ қасындағы нөкер-
лерін таратты. Олардың «еліңе шейін шығарып саламыз» деген
шын сөзін, егер «мақұл» десе, айтқандарын орындауына көзі жете
тұра, Балуан тоқтаулы сөз тапты.
– Өздеріңе белгілі, – деді ол нөкерлеріне, – мен бұл жаққа
өкіметтен қашып келген қоңыраулы кісімін. Сол қоңырауды елге
қаға қайтсам, думандата барсам, маған құлағын тігіп отырған
өкімет, «ə, мынау əлі де баяғы қылығын тастамаған екен» дейді де,
торын құрып қамай қояды. Оны істетпеу үшін, еліме мен үн-түнсіз
баруым керек те, елеусіз жүре беруім керек.
– Өйтсең, өкіметтің тимеуіне көзің жете ме? – деген сұрауға:
– Тиыш жүрген кісіде не ақысы бар оның? – деп жауап берді
Балуан. – Ғазиз ақынның «Елу бестен жасы асып кеткеннен соң,
жігіттіктің болмайды серуені» деген сөзін айтпадым ба өздеріңе?
Менің де жасым елу бестен өтті. Енді қылтың-сылтыңның керегі
жоқ маған. Оның үстіне көңіл де жүдеу. Мен ауылыма бара қақ-
соқтың бəрін қоям да, «айранын ұрттап, қойын құрттаймын, ұя
бөрік, жуан қоныш» адамның бірі боп күн кешем. Тағдырдың
менің маңдайыма ендігі жазғаны осы болуға тиіс.
– Тек, соны істей алсаң!.. – десті, Балуанның сөзін тоқтаулы
көргендер, қарсы дау айтудың ретін таба алмай.
– Істемегенде амал жоқ, – деді Балуан күрсініп. – Жанған отқа
көзсіз көбелек қана түседі.
Еліне жеке қайтуға нөкерлерінен рұқсат алған Балуан, «қойдан
қоңыр, қозыдан жуас болған соң біржола болайын» деді де,
үстіндегі сəнді киімдерінің бəрін естелік есебінде таратып беріп,
өзі жұпыны киімдер сұрап алды. Аты мен ер-тоқымын да қоңырқай
түрде сайлаған ол, нөкерлерімен жыласып қоштасты да, жалғыз
өзі Балқаштың батыс жағын жиектей, еліне бет алып жүріп кетті.
Бұл бетіндегі елді Балуан бұрын аралаған жоқ еді, соны пайда-
ланып ат шалдырған, түстенген, қонған жерлеріндегі танымайтын
адамдарға «пəлен жердегі туысыма барып келе жатқан жолаушы
едім» дей салды. Сақал-мұрты өскен, қоңырқай киімі, қоңырқай
ер-тұрманы, жобалғы аты бар оны ешкім де Балуан Шолақ деп ой-
ламады.
Осындай елеусіз түрде келе жатқан ол, Балқаштың Іле өзені
құятын сағасындағы «Топар» аталатын жердегі ауылдарға жетті.
Руы Сары Үйсінге жататын бұл ауылдарда, Балуан барған кезде,
əлдекім бай қызын ұзатып, ұлан-асыр той боп жатыр еді. Жобалғы
|