1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

1
БАЛУАН ШОЛАҚ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
(Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз)
Құрастырған Балжан Хабдина
Алматы
2014

2
Балуан Шолақ. 
Шығармалары. Əндері, өлең-жырлары. Есте ліктер, мақалалар, 
аңыз / Құраст.  Б.  Хабдина. – Алматы: «Рух  БГ»  баспасы, 2014. – 
320 бет.
ISBN 978-601-06-3096-3
Бұл  кітап  халқымыздың  мəдениетінде  ерекше  орын  алатын  əйгілі 
əнші-композитор, ақын, қазақ сал-серілер дəстүрін жалғастырушы Балуан 
Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының (1864–1919) туғанына 150 толуына 
арналып отыр. Қазақтың жауырыны жерге тимеген атақты балуаны, халық 
композиторы  туралы  оқырман  назарына  ұсынылып  отырған  бұл  жинаққа 
балуанның өмірбаяны, артында қалған шығармашылық мұрасы, ол туралы 
жазылған естеліктер мен атақты жазушы Сəбит Мұқановтың повесі енген. 
УДК 821.512.122 
ББК 84 (5 Қаз)-5
         Б 22 
УДК 821.512.122 
ББК 84 (5 Қаз)-5
ISBN 978-601-06-3096-3
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
© Хабдина Б., құрастырушы, 2014
© «Рух БГ» баспасы, 2014
Б 22

3
АҢЫЗ-ҒҰМЫР
Жастайынан жұрт назарына ілігіп, есімі шартарапқа жайыл ған 
қазақтың атақты ұлы Балуан Шолақ дүниеге келгелі бір жарым ғасыр 
болды. Жауырыны жерге тимеген палуан, ауыр салмақ көтеріп өнер 
көрсеткен алып күш иесі, ат құлағында ойнаған, шауып келе жатқан 
ат үстінде күрделі цирктік көріністер жасай беретін, ат ойынының 
түрлі  тəсілін  меңгерген  спортшы-өнерпаз.  Жəне  адуынды  ақын, 
ғаламат əнші-сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы тарлан. Оның аты көзі 
тірісінде-ақ аңызға айналған еді. Бір басындағы осынша өнер түрін 
ол жігіт шағынан қатар дамытып, ерен қабілетімен жұрт көзіне ерте 
түсті.  Əуелде  қара  күшімен,  белдесіп  күресудегі  шеберлігімен  та-
нылды.  Сосын  əн  шырқауға  құмарлығын  көрсетті.  Одан  салдық 
құрып, ел аралады. Қасына қилы өнер дарыған талантты жастарды 
жинады. Сөйтіп, əнші, күйші, палуандар тобымен ауылдан ауылға 
ауысып, сауық-сайран жасап жүруді дəстүрге айналдырды. 
Оның күреске он төрт жасынан түсіп, небір алып қарсыластарын 
жығып  жүргенін,  шауып  келе  жатқан  жүйрік  ат  үстінде  шалқалап 
жататынын, ер үстінде түрегеп тұрып, немесе аяғын көкке көтеріп 
төбесімен  тұрған  қалпы  шабатынын,  жүйткіген  аттың  біресе  оң 
жағынан,  біресе  сол  жағынан  жерге  түсіп,  қайта  мінетінін,  ат  ба-
уырынан жеңіл айналып өтетінін жұрт тамсана əңгімелейтін. Оның 
цирк  өнеріне  тəн  спортшылық  ептілікті  шебер  игергендігімен 
қоса,  бойындағы  күштің  жойқындығын  неше  түрлі  амал-тəсілмен 
көрсететіні, елу бір пұт кір тасын көтергені, орыстың əйгілі кəсіби 
палуаны Кореньді (өз айтуында – Каронды) жығуы мысал етілетін. 
Ол Көкше алқабының дүлдүлдері Біржан сал мен Ақан серіні ұстаз 
тұтты.  Олардың  əндерін  нəшіне  келтіре  орындады.  Өзі  де  өлең, 
əн  шығарып,  əуелете  шырқады.  Оның  даңқы  Көкшетау  өңірінен 
асып,  күллі  қазақ  өлкесіне  тарады.  Шартарапта  барша  жұрт 
оны  құрметтеп  қарсы  алып,  төбесіне  көтерді.  Өнеріне  сүйсінді. 
Көргендерін,  естіген-білгендерін  аңыз  етіп  айтып,  ауыздан-ауызға 
жеткізді. Сөйтіп, ол көзі тірісінде-ақ аңызға айналды.
Оның  шын  аты  Нұрмағамбет  болатын.  Баймырза  баласы 
Нұрма ғамбет.  Балалық  шағында  бір  оқыс  оқиғаға  ұшыраған  екен. 
Құрбыларымен  алау  басында  арқан  тарту  ойынын  ойнап  жүрге н- 

4
де, арқанның екінші ұшынан тырмыса тартысып тұрған құр быларына 
бір  өзі  дес  бермей,  қарсыласып,  арқанды  қатты  жұлқып  қалғанда 
бар екпінімен отқа құлап, бір қолының саусақтарын күйдіріп алған 
көрінеді. Күйген қолы көпке дейін жазыла қоймай, шаруаның бəрін 
бір қолымен істеуге мəжбүр болған. Сонысына қарап балалар оны 
Шолақ деп атап кетеді. Ал одан көп ұзамай, белдескен теңдесінің 
бəрін,  тіпті  өзінен  үлкен  жігіттерді  де  күресте  емін-еркін  жығып 
көзге түскенінде, əуелде құрбы-құрдастары, сосын ересек əлеумет 
те  əлгі  атауға  Балуан  деген  анықтаманы  қосып  айтатын  болған. 
Сөйтіп,  Нұрмағамбет  Баймырзаұлы  осылай,  замандастарының  ау-
зымен, жас шағынан-ақ Балуан Шолақ атанып кетіпті. Бір аңыз бо-
йынша, ол бозбала шағында ересек ағайынымен бірге тау етегінен 
қанат  жайған  базарға  келеді.  Əлдебір  жаршы  қатты  айқайға  ба-
сып,  өзі  арнайы  ертіп  əкелген  орыс  палуанымен  күресуге  тəуекел 
ететін та лапкерлерді шақырып жатқан. Бəске бір қойдың құны – бір 
сом  тігіледі.  Шолақ  ойланып  жатпастан  ортаға  ұмтылады.  Бірақ 
палуанның  алдына  жете  бере  киімінің  етегіне  шалынысып  құлап 
түседі.  Сөйтіп,  күреспестен  ұтылады.  Намыстанып,  ертеңіне  тағы 
келеді. Сонда оны мұқатпақ болған палуан бəс мөлшерін күрт сегіз 
сомға көтереді. Бала оған тоқтамай, шапанын шешіп тастап, белде-
суге шығады. Шығады да, палуанды лезде жерге алып ұрады. Жұрт 
риза болып шу ете түседі, шапан үстіне ақшаны үйіп тастайды. Со-
дан,  базарға  шартараптан  келген  көпшіліктің  арқасында,  Балуан 
Шолақтың даңқы қырды жайлап кетеді... 
Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы 1864 жылы туған. 
Алғашқы  ресми  анықтамалықта  (Қазақ  совет  энциклопедия-
сы, 2-т., 1973, 140-б.)  еліміздің  оңтүстік  өңірінде – қазіргі  Жам-
был  облысы  аумағындағы  Хан  тауының  маңында  дүниеге  келді 
деп  көрсетілген  екен.  Алайда  бірқатар  зерттеушілер  (Е.  Мырзах-
метов,  З.  Қоспақов,  Ж.  Бектұров,  Б.  Қыдырбекұлы) 1998 жылы 
жарық  көрген  «Балуан  Шолақ»  жинағына  (құрастырған  С.  Оспа-
нов)  ен ген  жұмыстарында  бұл  деректің  жаңсақтығын  дəлелдейді. 
Көз көргендердің  естеліктеріне  сүйене  отырып,  нақты  дəйектер 
кел тіріп, оның Сарыарқа тумасы екенін əңгімелейді. Мəселен, жа-
зушы Жайық Бектұров: «Балуан Шолақ өлгенде біз сегіз-тоғыздағы 
естияр баламыз. Ауыл арасы жақын. Шолақтың есімі де, ат үстіндегі 
тұлғалы елесі де біздің көзімізге, көкірегімізге ерте қонған» дейді. 
Оның жазуынша, Балуан Шолақ Ақмола облысының Макин (бүгінгі 
Бұланды)  ауданы  аумағында  туып-өскен.  Бурабай  мен  Ақкөл  ара-
сында  ертеде  Үйсін,  Жағалбайлы,  Жалайыр,  Алшын,  Естек  ауыл-
дары  болған.  Солардың  ішіндегі  Үйсін  ауылы  Елтай  теміржол 

5
стансасы  сыртындағы  Тастыөзек  деген  шұрайлы  қойнаудан  орын 
тепкен. Балуан Шолақтың атамекені – сол. Кезінде кіндігі кесілген, 
шаңырағы орналасқан орынға кейін Қызыл кордон селосы салынған 
көрінеді.  Дегенмен  «қарағайлы,  қайыңды  орман,  бұлақты  өзек 
қойнауындағы» Балуан Шолақ туып-өскен «ауылдың орны, көңі əлі 
күнгі көп төмпеш болып сайрап тұр». Балуан Шолаққа туыс болып 
келетін нағашы атасының əңгімелерін жазушы Естай Мырзахметов 
еске алады. Көптен естіп-білгендерінің жоғарыдағы пікірге саятын 
негізгі арқауын алға тартады. «Балуан Шолақ атына бала жасымнан 
құлағым қанығып та, сол бір қызыл нардың əруағына тəңірдей табы-
нып та өскен жанның бірімін», – дей келе, өзінің көп жəйтке жаста-
йынан куə боп өскендігін көрсетеді. Əулеттік естеліктерді келтіреді, 
белгілі зерттеушілердің қателескен тұстарын дəлелді сынға алады. 
Жетісуға  келген  сапарында  Балуан  Шолақты  көрген  адамдардың 
əңгімелерін  жазушы  Балғабек  Қыдырбекұлы  жас  кезінде  көп 
тыңдаған  екен.  Сондағы  естігендерін  шежіре  деректерімен  бай-
ланыстыра  отырып,  Балуан  Шолақтың  бабаларының  «Арқаға  Шу 
бойынан көшкенін», ал «онда туған төртінші ұрпақ» Шөкең екенін 
айтады. Балуан Шолақ «Көкше баурында дүниеге келген» дейді ол 
сенімді түрде. Бұған бұлтартпас дəлел ретінде ақын-сазгер-əншінің 
өз  сырына – Жетісуда  қалған  өлеңіне  сілтеме  жасайды.  Сондағы: 
«Қотыр-Шортан  мен  туған – жердің  құты»  деген  жол  Шолақтың 
кіндік қаны қайда тамғанын анық көрсетеді...
Осындай дəйек-дəлелдер нəтижесінде болар, 1999 жылы шық-
қан  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясында (2-т., 128-б.)  Балуан 
Шолақтың туған жері Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы деп 
түзетілген.  Сонымен,  Балуан  Шолақтың  туып-өскен  өңірі – Арқа, 
Көкше  аймағы.  Бұл  жаққа  аталары  оңтүстіктен  бірер  ғасырдай 
ілгеріде көшіп келген. Əкесі Баймырза өз төңірегіне танымал ағаш 
шебері болыпты. Тапсырыс берушілерге шаруашылықта, тұрмыста 
қолданылатын түрлі жабдық, құрал-сайман, бұйымдар жасап беру-
мен  шұғылданса  керек.  Шешесі  Қалампыр  үй  шаруасымен,  бала 
тəрбиесімен  айналысқан,  əйел  болғанмен,  ерге  бергісіз  күші  бар 
қарулы кісі екен. Балуан Шолақтың теңдессіз күш иесі болуы осы-
нау анасына тартқандығынан деседі. 
Жоғарыда  айтқанымыздай,  азан  шақырып  қойылған  есімімен 
Нұрмағамбет аталып жүрген жеткіншек кезінде-ақ оның есімі ел ау-
зына палуан ретінде ілігеді. Өйткені өз қатары түгіл, жиыр малардағы 
жігіттерді  де  күресте  жығып  кете  берген.  Палуан дығына  қосым-
ша, ат үстінде цирк ойыншыларынша өнер көрсететіні де жұртты 
разы  ететін.  Мəселен,  шауып  бара  жатқан  атқа  тұра  ұмтылып, 

6
көз  ілеспес  жылдамдықпен  мініп  алатын  да,  ат  үстінде  түрегеліп, 
қаққан қазықтай қадалып тұра қалатын. Шапқан беті аттың бауы-
рынан  айналып,  алқымын  орап  өтетін.  Аңыз-əңгімелердің  бірінде 
Балуан Шолақтың қалың топ алдында өзіндік бір өнер көрсеткені 
баяндалады.  Шабандоз  атпен  шауып  келе  жатқан  бойы  үстіндегі 
сырт  киімін  шешіп,  жан-жағына  лақтыра ды  екен.  Сосын  айылды 
ағытып, астындағы ер-тоқымды жерге тастайды. Сөйтіп, жайдақ ат-
пен шапқан бойда топ алдына келеді де, кері бұрылады. Əлгінде əр 
жерге шашып кеткен əбзелдерді іліп алып, шауып келе жатқан беті 
атын ерттейді, киімдерін жинастырып, ат үстінде киінеді...
Балуан  Шолақ  дала  жұртын  осындай  ептіліктерімен  таңғал-
дырған.  Оларының  үстіне,  əн-күйге  деген  құштарлығы  да  ерте 
оянуы  себепті,  əншілігімен  де  тез  танылды.  Ол  даңқтары  жалпақ 
ел-жұртқа кең жайылған жерлестері Біржан сал, Ақан сері іспетті 
жарық жұлдыздардың əндерін бабына келтіріп, тамылжыта орын-
дауымен  көпшілік  көңілінен  шыққан  екен.  Яғни  əнші  ретінде  де 
халықты  жастайынан  аузына  қаратқан.  Ол  осындай,  бір  бойына 
бірнеше  өнерді  жинақтаған  талант  ретінде  танылады.  Сан  қырлы 
дарыны  дами  келе,  қасына  кілең  өзіндей  өнерпаз  жастарды  топ-
тастырып,  бейне  бір  ансамбль  іспетті  өнер  көрсетеді.  Ауылдарды 
ұжым боп аралап, думандатып, ойын-сауық жасауды əдетке айнал-
дырады. Өзінің сауықшыл жігіттерімен бірге ел ішіне жиі шығады. 
Əн-күйді  шалқытып,  Сарыарқа  төсінде  сал-серілерше  сайрандай-
ды. Қараөткел, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Семей өңір лерін, 
Сарысу бойын мекендеген ауылдарды аралап, əн шырқайды, өнер 
көрсетеді. Барған аймақтарында жергілікті небір өнер адам да рымен 
танысып,  шығармашылық  жəне  орындаушылық  жетістік терінің 
қыр-сырларымен бөліседі. 
Ол Арқа өнерпаздарының қалың жұртшылықтың ыстық сүйіс-
пеншілігіне  бөленген  əншілік-шығармашылық  дəстүрлерін  берік 
ұстанды.  Біржан  мен  Ақан  секілді  аға  ұрпақ  əндерінің  үздік 
орындаушысы,  тиісінше  теңдессіз  насихатшысы  болды.  Əрі,  ел 
қадірлеген ақын-сазгерлердің əндерін əнші ретінде сүйіп орындау-
мен  шектелмей,  өз  жанынан  да  өлеңдер  мен  əндер  шығарып  айта 
бастайды.  Оның  «Көкшетау», «Желдірме», «Ащылы  айырық», 
«Дікілдек», «Қос перне», «Құлан кісінес», т.б. көптеген əндері Арқа 
өңіріне кеңінен тарап кетеді. Халық Балуан Шолақтың музыкалық 
шығармашылығын  ыстық  ықыласпен  қабыл  алады.  Өйткені  оның 
əндерінің əуезі өзгеше еді, оның əндерінің өзегінен автордың өзінің 
асқан зор күшін, қайратын, батылдығын паш ететін жігерлі сарын, 
құштарлық лебі есетін. Сондықтан да өршілдік танытатын əуеннен 

7
түзілген  бұл  əндер  тыңдаушысын  бірден  елең  еткізіп,  тез  баурап 
алатын еді.
Өмірінің  елеулі  кезең-белестерін  Балуан  Шолақ  əрдайым 
əндеріне  қосып  отырған.  Солардың  ішінде  өзінің  күш-қуатын 
мақтан ететін тұстар да бар. Бұл ретте үлкен жиында 816 килограмм 
салмақ  көтеріп («Кешегі  сентябрьдің  базарында  Көтердім  елу  бір 
пұт  кірдің  тасын»)  жұртты  таңырқатқаны  жəне  бəс  тігіп – өз  жа-
нынан үлкен қаржы шығарып – орыстың əйгілі палуанын жыққаны 
(«Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып, Сындырдым Карон бал-
уан қабырғасын») көбірек айтылады. Зерттеушілер бұл оқиға 1899 
жылы орын алды деп есептейді. Балуан Шолақ орыс палуаны Иван 
Кореньмен  белдескенінде 35 жаста  еді  деп  түйеді.  Ықтимал.  Де-
генмен ақын-сазгердің бір өлеңінде («Балуан Шолақтың əні», 4-ші 
түрі)  өзінің  мақтан  сөздерін: «Бұл  күнде  жиырмада  менің  жасым, 
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын», – деп бастап, жырын одан 
əрі қарай əлгі жоғарыда келтірілген жолдармен шумақтайтыны да 
бар. Егер аталмыш зілмауыр тасты көтеруі мен атақты палуанмен 
күреске  түсуі,  сол  əнінде  айтқанындай, 20 жасында  орын  алған 
болса,  онда  бұл  оқиға 1884, яки 1885 жылға  сəйкес  келеді.  Осы 
жылдардың бірінде оның елді таңырқатарлықтай күш-қуат көрсетіп 
қалуы ғажап емес. 
Ел  аузындағы  əңгімелерде  Балуан  Шолақ  «Сағынайдың  асын-
да  ешкім  беттей  алмаған  Түйе  палуанды  жыққан»  деген  мəлімет 
айтылады.  Мұны  бертінгі  зерттеушілердің  қисынсыз  деп  білетіні 
де мəлім. Өйткені ол кезде Шолақ тым жас деген уəж келтіріледі. 
Алайда  «шығыны  Тəж-Маһал  құрылысына  жұмсалған  қаржыға 
парапар  болған»  деп  дəріптелетін  əйгілі  ас 1886 жылы  берілген 
болса,  бұл  уақытта  Шолақ 22 жаста  ғой.  Яғни  нағыз  күші  тасып 
тұрған  шағында  деп  санауға  əбден  болатын  жаста.  Əрі,  оның  өз 
əндеріндегі  сыр  шашуларына  сүйенсек,  жойқын  күшке  жаста-
йынан  ие  екендігін  ол  жоғарыдағыдан  басқа  өлеңдерінде  де  ай-
тады.  Мəселен, «Дікілдекте»: «Он  сегізде  атандым  Шолақ  дəу 
деп... ...Оязнайдың бас қосқан съезінде Кірдің тасын көтердім елу 
бір  пұт», – деген  сөздерді  əнге  қосып  шырқайтыны  бар  емес  пе. 
Алайда қосымша дəлеліміз жоқ болуы себепті, біз мұны – «Карон 
балуан»  екеуінің  күрескен  уақытын 1884 жылға  қарай  жылжы -
туды – жорамал қалпы қалдырамыз...
Балуан  Шолақтың  өгізді  көтеріп  жүре  беретіндігі,  жеті  жасар 
бұқаны сұлатқаны, жəрмеңкелерде өнер көрсеткенде жиырма жігіт 
жабысқан бөренені иығына асып тұратыны туралы, т.с.с. деректер 
ауызша  əңгімелерде,  мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарияланып 

8
жүрген  мақалаларда  жиі  айтылады.  Жетісуда  болған  сапарында 
салмағы 1050 кило  тартатын  зілмауыр  тасты  көтерген  көрінеді. 
Əлемдік  өрмектор  желілерінде,  сондай-ақ  «Омбы  қаласындағы 
тақ  мұрагерінің  (яғни  болашақ  ІІ  Николайдың)  келуіне  байланыс-
ты  өткен  жарыстарда  белгілі  палуан  Севрдің  жауырынын  жер-
ге  тигізді» (http://ru.wikipedia.org/wiki/Балуан_Шолак)  деген  ха-
бар  да  бар.  Соңғы  дерек  Балуан  Шолақтың  өзінің  поэзиялық 
мұрасындағы: «Омбыға  патша  келді  Руссия,  Əмірін  айта  келді 
халқын  жия.  Сібірден  сонда  күшім  асып  кетіп,  Мен  болдым  жан 
шықпайтын биік қия», – делінетін шумақта көрініс тапқан. Википе-
дия ақпаратына қарағанда, Балуан Шолақпен күрескен палуанның 
есімі – Севр,  ал  əнші-ақынның  «ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ 
ақындарының  шығармалар  жинағында» (1963) жарияланған  атал-
мыш  өлеңінде  бұл  есім  Сібір  деп  аталған  (дегенмен  өлеңнің  Ах-
мет  Жұбанов  белгілі  зерттеу  мақаласында («Замана  бұлбұлдары», 
1963)  келтіретін  нұсқасында – Севр).  Тағы  бір  айта  кететін  жəйт, 
сол  өлеңнің  «Сібірден  сонда  күшім  асып  кетіп,  Мен  болдым  жан 
шықпайтын  биік  қия»  деген  жолдарына  жітірек  зер  салар  болсақ, 
аңғаратынымыз – Шолақ Сібір-Севрмен күрескеннен гөрі, басқаша 
жолмен күш сынасқан сыңайлы. Бірақ, қалай болғанда да, Балуан 
Шолақтың  болашақ  ІІ  Николай  патша  Омбы  қаласына  келген  та-
рихи  күндерде  сайысқа  түскені,  əрі,  кіммен  болса  да,  спорттың 
қай түрінен сынасса да, жеңіс шыңына көтерілгені айқын. Ендеше, 
палуанымыздың даңқын асырған сонау сайыстың өткен мерзімін де 
дəлірек атауға болады...
Европа  ақсүйектері  балаларының  білім  алу  кезеңін  қоры тын-
дылау мақсатымен оларға міндетті түрде «гран-тур – үлкен саяхат» 
жасататын. Осы үлгі бойынша тұңғыш рет император ІІІ Петр мен 
оның зайыбы, болашақ патшайым ІІ Екатеринаның баласы цесаре-
вич Павел (тақта отырған қысқа мерзімі ішінде қазақтарға Еділ мен 
Жайық арасындағы байырғы қонысына қайта оралуға рұқсат беріп 
үлгерген кəдімгі І Павел патша) Европа елдерін бір жылдан астам 
уақыт бойы аралап, ұзақ сапар шекті. Бұл саяхат 1782 жылы болған-
ды.  Содан  бастап  орыс  патшалығында  тақ  мұрагерлерінің  бəрін, 
түрлі  ғылым  негіздерін  оқып-білуді  тамамдағаннан  соң,  арнайы 
ұзақ саяхатқа шығарып алу дəстүрі қалыптасқан еді. Ол негізінен 
екі түрлі бағдарламамен жасалатын: бірінде – империяның өз ішінде 
үлкен саяхат жасау, екіншісінде – Европаны аралау көзделетін. Осы 
тəртіп  І  Павелден  ІІІ  Александрға  дейін  бұлжытпай  орындалып 
келе жатқан. Бірақ бұл жолы оған өзгеріс енгізілді. Император ІІІ 
Александр өзінің мұрагер баласы цесаревич Николай үшін мүлдем 

9
өзгеше,  өте  ұлан-ғайыр,  əдеттегі  екі  түрлі  саяхатты  біріктіретін, 
теңізбен  де,  құрлықпен  де  сапар  шегетін – іс  жүзінде  бірнеше 
құрлықты айналып шығатын, сан алуан елді аралайтын үлкен турне 
жоспарлатты. Империяның биік шенді шонжарлары 22 жасар Нико-
лай Александрұлы шекпек сапардың бағыт-бағдарын бүге-шігесіне 
дейін ойластырып, мұқият дайындады. 
Жолға  тақ  мұрагерімен  бірге  биліктің  жоғарғы  эшелонындағы 
аса  жауапты,  өте  ықпалды  чиновниктер  шықты.  Олардың  сая-
хаты  тоғыз  айдан  астам  уақытқа  созылды. (Шежірешілерінің 
есептеуінше, осы уақыт ішінде 51 мың шақырым, яғни жер шарын 
айналып  өтетін  қашықтықтан  да  көп  жол  жүріліпті.  Саяхатшы-
лар оның 15 мыңын теміржолмен, 5 мыңын пəуескемен, қалғанын 
кеме  үстінде  өткізген: 9 мыңнан  астамын  өзендер  бойымен, 22 
мыңдайын  теңіздермен  жүзген  екен).  Саяхатқа  толық  мəніндегі 
дипломатиялық,  яки  ресми  сипат  берілген  жоқ.  Цесаревич  Нико-
лай  əлдебір  маңызды  қағаздарға  қол  қоюға  немесе  экономикалық 
байланыстар  орнатуға  өкілетті  емес  болатын.  Оның  жекелеген 
мемлекеттердің  билеушілерімен  кездесуі  жалпы  танысудан  аспай-
тын  рəуіште  ғана  өтті.  Салтанатты  қабылдаулар  сыйлықтар  алма-
сумен аяқталып жатты. Тақ мұрагерінің алдына тақау жылдарда Ре-
сей мүддесі үшін тығыз байланыс жасау көзделіп тұрған Шығысты 
тікелей  көріп-білу  мақсаты  ғана  қойылғандықтан,  осындай  шара-
лар  жеткілікті  еді.  Болашақ  патша  осынау  ұзақ  сапарына  Санкт-
Петербургтен 1890 жылғы қазан айының басында шыққан-ды. Вар-
шава, Вена арқылы Триест портына келіп кемеге отырып, Адриат 
теңізімен,  Жерорта  теңізімен,  Суэц  каналымен  жүзді.  Австрия, 
Италия,  Грекия,  Ежелгі  Мысыр  ескерткіштерін  көрді.  Бомбейге 
жүзіп  жетті  де,  құрлыққа  түсіп,  Үндістанды  аралады.  Цейлоннан 
өтіп, Сингапур арқылы Бангкокқа барды. Қытайға тоқтады. Ақыры, 
орыс флотының алты кемесі жан-жағынан қаумалай жүзіп ортасына 
алған фрегатпен 1891 жылғы сəуірдің 15-ші жұлдызында Жапо  ния-
ға келді. Осы елде цесаревичке қастандық жасалды. 27-ші сəуірде. 
40 шақты пəуеске Оцу қаласының адамдарға лық толы көшесімен 
баяу  қозғалып  келе  жатқан  шақта.  Сол  кезде  көшедегі  тəртіпті 
сақтауға жауапты полицейлердің бірі ұзын самурай семсерімен орыс 
тағы ның  мұрагерін  екі  рет  басынан  соғып  үлгереді.  Қылмыскер, 
əрине, тез залалсыздандырылған. 
Осы жағымсыз оқиғаға байланысты, жарақат жеңіл болғанмен, 
сапар бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Өйткені жағдайды естіген 
ІІІ  Александр  патша  Санкт-Петербургтен  жеделхат  жолдап,  бала-
сының  шұғыл  кері  оралуын  талап  етеді.  Сондықтан  мұрагер  Жа-

10
понияда  болу  мерзімін  қысқартады. 23 жасқа  толған  туған  күнін 
6  мамырда  фрегат  үстінде  атап  өтеді  де,  артынша  желкен  көтеріп 
Владивостокқа  беттейді.  Құрлыққа  аяғы  ілінісімен  Ұлы  Сібір 
теміржолының  құрылысын  бастау  рəсіміне  қатысады.  Сосын  сая-
хатын  Қиыр  Шығыстан  бермен  жалғастырады.  Том,  Тобыл,  Сур-
гутта болады. Ақыры, Омбыға келеді. 1891 жылдың 14 шілдесінде. 
Белгіленген  мерзімнен  бір  апта  бұрын.  Тиісінше,  патшазаданың 
келу  құрметіне  алдын  ала  жоспарланған  көл-көсір  мерекелік  іс 
шаралары – солардың  ішінде  қазақ  халқының  тыныс-тіршілігін 
көрсетуді  көздеген  көрме-ауылдың  ашылуы  да,  Балуан  Шолақ 
сайысқа  түсетін  спорт  жарысы  да – жоғары  мəртебелі  мейманды 
қарсы алу мейрамына əлдеқашан əзір халықтың қуанышына орай, 
сонша уақыт ерте басталады. 
Бұл кезде Дала генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола, 
Семей,  Жетісу  облыстары  кіретін  еді.  Генерал-губернаторлықтың 
басқармасы жыл басынан бері патшазаданы қарсы алуға дайындық 
жұмыстарын жүргізіп жатқан. Алдын ала əзірленудің нəтижесі сол, 
қазақтың көкірегі ашық игі жақсылары өлкенің шартарабынан жаз 
шыққалы уəлаят астанасына арнайы керуендер жөнелтіп, Ертістің 
Омбыға  дейінгі  жоғарғы  ағысының  сол  жағасына  айрықша  ауыл 
қондырған-ды. (Дала  өлкесіне  патшазаданың  келуі  нақ  патшаның 
өзі келгенге барабар еді. Мұны Балуан Шолақ өлеңіндегі: «Омбыға 
патша келді Руссия, Əмірін айта келді халқын жия», – деген жолдар 
анық аңғартады.) Сөйтіп, сонау əдейілеп тігілген үйлерде уəлаятта 
өмір  сүріп  жатқан  қазақ  халқының  тұрмысын,  тыныс-тіршілігін, 
жер-су байлығын, кəсібін, мəдениетін жан-жақты көрсетуді мақсат 
ететін  көрмелер  жайған.  Не  керек,  мерекелік  рухта  безендірілген 
ауыл үйлері патша баласы келерден екі апта бұрын, шілде айының 
басында-ақ көздің жауын алатын сəн-салтанатымен жарасым ды сап 
түзеп үлгерген. Сол күндерден-ақ Балуан Шолақ пен оның ансамблі 
сынды  жан-жақтан  бас  қосқан  өнерпаздар  тамылжыған  əн-күй, 
жыр,  билерін  шалқытып,  мерекелі  ауылдың  ажарын  аша  түскен. 
Яғни мейрамды цесаревичтің саяхат кестесінің өзгеруіне орай ерте-
рек бастап жіберуге олар əзір болатын. 
Өлке  қазақтарының  осынау  көрме-ауылына  тақ  мұрагері  Ом-
быға ат басын тіреген күннің ертеңіне – 1891 жылғы 15 шілдеде – 
Ертіс айдынын кербез сызған «Николай» откемесімен түс əлетінде 
жүзіп  келді.  Биік  мəртебелі  мейман  мен  оның  қасындағы  уəлаят 
ұлықтарын  жағаға  жиналған  жұрт  шат  көңілмен  қарсы  алды.  Көп 
аялдамай,  орыс  қаруының  күшіне  мойынсұнған,  орыс  туы  астын-
да  өмір  сүруге  көндіккен  көшпенді  жұрттың  хал-жағдайымен 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет