1. Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап беріңіз


Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік



бет5/9
Дата10.11.2022
өлшемі46,61 Kb.
#49016
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. Бас ару психологиясы п ніні ма саты мен міндеттерін ж не ыл

7. Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік. Ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікпен қамтамасыз етуге тән. Ғылыми басқару, сонымен қатар жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті және міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенеді. Ф.Тейлор "ғылыми басқару" деген ой-пікірлерін "Ательені басқару" және "ғылыми басқарудың принциптері" атты екі шығармасында атап көрсеткен. Тейлор, ғылыми кәсіпкерлік саласында, қазіргі кезде де сөз етілетін "ғылыми басқарудың принциптерінің" мақсаттарын төмендегідей көрсетуде:
- қымбатқа соққан тиімсіз жұмыстарды және шығындарды қарапайым мысалдармен келтіру;
- осы тиімсіз жұмыстардың себебін, бірнеше төтенше күш пен адамдардың болмауынан емес, жүйелі басқару түсінігінің болмағандығын халыққа түсіндіру;
- ең тиімді басқарудың белгіленген заңдарға, принциптерге және ережелерге негізделіп, шын мәнінде ғылыми тұрғыда болғандығын дәлелдеу.
Тейлор осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі принциптерге сүйену қажеттілігін айтады:
- шын мәніндегі білімнің жетілдірілуі;
- жұмыс істеудің ғылыми тұрғыдан таңдалуы;
- таңдалған жұмыстың ғылыми түрде білім берілуі және жетілдірілуі;
- басқарма мен жұмысшылар арасында жақсы қарым қатынастар орнатылуы.
Алайда, Тейлор осы принциптердің қолданылуының да жеткілікті болмағандығын, белгілі бір маңызды түсініктердің мағыналы түрде топтастырылуы туралы сөз қозғаған. Бұның жүзеге асырылуы үшін де:
- саусақ есебінің орнына білімділік;
- тәртіпсіздіктің орнына үйлесімділік;
- жеке жұмыс істеудің орнына бірігіп жұмыс істеу;
- минимум шығыстың орнына максимум шығыс;
- әрбір жұмысшының ең жоғары деңгейдегі өнімділікке жетуі сияқты ұғымдарды жүзеге асыруы керек.
8. 9. Үйрету теориясы байланысты баяндап беріңіз.
И. П. Павлов, Д. Б. Уотсон, Б. Ф. Скиннер жұмыстары мадақтау мен жазалау жүйелеріне негізделіп (үйрету теориясы) орындаушының әрекеттерді ақылмен шешу қабілеті және басшы мен бағынушы арасындағы кері байланысқа құрылу қажеттілігімен анықталады. Үйрету теориясы негізінде рефлекс ұғымы, яғни тұлғаның сыртқы құбылыстарға жауап беруі жатады. Рефлекстер туылған (шартсыз) және тәжірибеден жинақталатын шартсыз рефлекстер болып бөлінеді. Туылған рефлекстер ессіз акты кезінде сезімнің, эмоциялардың, қалаулардың қиын толқынымен байқалып, шешім қабылдау мен еріктілік көрсететін кезде байқалады. Шартты рефлекс осы теорияны жақтаушылардың көзқарасы бойынша ойлау мен өзін ұстаудың стереотипын құрап, адамның алға ұмтылушылық жүйесінің бөлігі болып табылады.
Павловтың пайымдауынша адамның өзін ұстауда мақсат рефлексі басты болып саналады. Ол адамның еңбек жолында білімділігі мен тұрақтылығын айқындайды. Бұл күшті рефлекс өнертапқыштар, коллекционерлар, тіптен ғашықтарда да байқалады.
Белгілі тұлға теориясымен айналысушы неміс – америка психологы К. Левин басқару үлгісінің концепциясын құрастырып сипаттады. Ол тәжірибе жүзіндегі ақпарлары бойынша 3 негізгі үлгіні бөліп көрсетті:
Авторитарлық ( директивті);
Демократиялық ( әріптестік);
Нейтралды (босәурелік).
Басқарудың бір үлгісін екіншісінен айыратын критерий ол басшының шешім қабылдауы болып саналады. Шешім қабылдаудың әмірлі және демократиялық жолдары бар, бірақ ғалымдар екеуінің де тиімді жағынан қарастырғысы келеді. Біреулері демократиялық жол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп шешсе,біреулері кері пікірде. К. Левинның теориясы осыған орай өзінің қарапайымдылығы мен нақтылығына қарамастан бірнеше кемшіліктерге ие:
Демократиялық басқару үлгісі әрдайым әмірлі басқару үлісіне қарағанда тиімді бола бермейді. К. Левинның өзі екі үлгінің де өнімділік көрсеткіші бір деңгейде деп пайымдаған.
Кейбір жағдайда авторитарлық үлгі демократиялыққа қарағанда тиімді. Ол мынадай жағдайда болады:
А) тез арада шешім қабылдауда;
Б) жұмысшылардың кәсіптік дәрежесі мен мәдениет деңгейі төмен болғанда;
В) тұлғаның ерекшеліктері осыны талап еткен жағдайд




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет