1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет48/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

47. Басқару іс-әрекетіндегі беелсенді әрекеттер формасын Стивен Р.Кови. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері» еңбегі бойынша түсіндіріңіз.
1. Проактив болу
Адам табиғатының іргелі приниципін ашқан Франкл өзінің нақты жеке картасын сипаттап берді. Ол соның негізіне сүйене отырып, адамның кез келген жағдайда тиімділігі жоғары әрі ең маңызды - проактив болу дағдысын дамытты.
«Жауапкершілік» сөзінің түбірі «жауап» - болып жатқан оқиғаларға жауабымыз. Жасампаз жандар жауапкершіліктен жалтармайды. Олардың мінез- құлқы - сезіммен қабылданған айналадағы жағдайдың ықпалы емес, құндылықтарға сүйенген саналы таңдауының нәтижесі.
Біз табиғатымыздан проактивпіз. Өміріміз түрлі жағдайдың тұтқынына айналса, ол біздің саналы не бейсана таңдау жасағанымызды білдіреді. Яғни сол күштердің бізді билеп-төстеуіне өзіміз ерік бергенбіз.
Осындай таңдау жасау арқылы біз реактив боламыз. Реактив адамдар көбіне қоршаған ортаның физикалық жағдайына бағынышты. Күн райы ашық болса, олар өздерін жақсы сезінеді. Ауа райы жайсыз болса, көңіл күйіне, жүмыс істеу белсенділігіне әсер етеді. Проактив адамдардың ауа райы өз ішінде. Далада жаңбыр жауып түр ма, күн шақырайып тұр ма - оларға бәрібір. Мұндай жандарды құндылықтары алға жетелейді. Жұмысты жоғары деңгейде атқару құндылық саналса, ол ешқашан ауа райына тәуелді болмайды.
2. Түпкі мақсатыңызды жол басында елестетіп алыңыз
Екінші дағдыны өміріміздің көптеген жағдаяттары мен көріністеріне қолдануға болады, әйтсе де «түпкі мақсатты елестете отырып бастаңыз» деп ұран тастағандағы көздегеніміз - сіздің өміріңіздің түпкі мақсатының образын, көрінісін немесе парадигмасын бүгіннен қалдырмай көз алдыңызға келтіру. Өмі- ріңіздіңәр бөлігі - бүгінгі, ертеңгі, келесі аптадағы, тіпті келесі айдағы қам-қа- рекетіңіздің бәрі сіз үшін, шынында да, маңызға ие біртүтас дүние контексінде қаралуы мүмкін. Өзіңіздің түпкі мақсатыңыздың айқын бейнесін ойыңызда ұдайы сақтай отырып, кез келген әрекетіңіз өзіңіз ең маңызды деп санайтын талаптарға қайшы келмейтініне әрдайым есеп бере аласыз. Әр күніңіз, түтас алғанда, өз өміріңіз жайында түсінігіңізге үстелген мәнге толы үлес екеніне сенімді боласыз.
Шынында не маңызды екенін білсек, оны есімізден шығармасақ және соған сай күнделікті өмірде тек ең маңызды нәрсемен шұғылдансақ, өміріміз мүлдем өзгеше болар еді. Сатыны қателесіп қойсақ, баспалдақтағы әр қадамымыз бізді қажет жаққа жетелемейді. Біз өте жұмысбасты, жоғары өнімді болуымыз мүмкін. Алайда түпкі мақсатымызды елестете отырып бастаған кезде ғана ісіміз нәтижелі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет