1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Әлеуметтік, тәртіптілік, тұрақтылық және қамқоршылыққа келіп негізделетін басқару приципін дәлелдеңіз



бет71/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

72. Әлеуметтік, тәртіптілік, тұрақтылық және қамқоршылыққа келіп негізделетін басқару приципін дәлелдеңіз
Басқару принципі дегеніміз – менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Басқару принциптерін теориялық тұрғыдан айқындаған Ф.Тейлор, А.Файоль(20ғ.басы). Бұл ғалымдардың ұсынған принциптері: еңбек бөлінісі және мамандандыру, өкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы төлеу, т.с.с.
Басқару теориясының өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік менеджменттің қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа принциптер пайда болды. Олар басқару ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды.
Аталған принциптерді негізгі ала отырып, ғалымдар педагогикалық менеджмент теориясында бірқатар принциптерді ажыратып көрсетеді: мақсат нақтылығы (жоспарлау, ұйымдасытру, бақылау істерінің негізі ретінде); басқаруды гуманизациялау және демократиялау; біртұтастық және жүйелілік; ғылыми негізділік, объективтілік; т.б.
Принциптің аспектісі – басқару объектісінің нақты жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы; - ізгіліктік н/е гуманизм принципі – адамның тұлғалық құндылығын, оның құқығы мен бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді (өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беру);
- кешенділік – басқару функцияларының (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) толық орындалуын қамтамасыз етеді; (практикада жоспар жақсы жазылып, орындалуы ұйымдасытырылмайды н/е реттеу бақылау жүзеге асырылмайды);
- өзін-өзі жүйелі жетілдіру принципі – менеджменттің жаңа технологиялары мен озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді көздейді (қазіргі кезде аса маңызды).
2) Басқарудың арнайы принциптері:
- Басқаруды орталықтандыру мен өкілеттендіруді тиімді үйлестіру принципі – басқару шешімдерін қабылдауда өкілеттіліктерді дұрыс (тиімді) бөліп белгілеу;
- Бірыңғай басқару мен алқалық басқаруды дұрыс қолдана білу – түрлі деңгейдегі басшылардың пікірі негізінде ұжымдық шешім қабылдай білу;
- Ғылыми негізділік принципі – барлық басқару әрекеттері ғылыми бағыттар (ғылыми бағыт - НОТ, ғылыми фундамент, іріктеу; стратегиялық – келешекке бағыттау; антропоцентрлік – адамды құрметтеу, олардың сенімін, жауапкершілігін арттыру, потенциалының дамуына жағдай жасап барып,пайдалану) мен әдістерді (әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық) қолдану негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
- Жоспарлылық принципі – ұйымның келешекте даму жоспарын құру, оған жету жолдарын, бағыттарын, міндеттерді жоспарлау қажеттігі;
- Құқықтар мен міндеттердің, жауапкершіліктің үйлесімділігі – ұйымдағы әрбір қызметкердің атқаратын нақты іс-әрекеттері белгіліп, өз міндеттерінің орындалуы үшін жауапты болуы тиіс;
- Ынталандыру принципі – менеджер тарапынан мадақтау және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс- әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады:
- Басқаруды демократияландыру принципі – басқару ісіне барлық қызметкерлерді қатыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет