Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
68. Жарнамапсихологиясын сыни бағалаңыз Жарнама іс-әрекеті қазіргі таңда енді зерттеліп келе жатқан тың зейін қоятын психологияның ерекше саласы. Жарнама психологиясы туралы Ресей және шетел ғұламалары жазған оның ішінде Лебедев А.Н. «Психология рекламы» атты еңбегі және Сэндидж Ч., Фрайбургер В., Ротцолл К. «Реклама: теория и практика» сонымен қатар Мокшанцев Р.И. «Психология рекламы», Мануйлов М.А. «Психология рекламы», Фридленгер К.Т.«Путь к покупателю» атты еңбектерінде жарнаманың психологиялық тұрғыдан қарастырған, жарнаманы қабылдаудағы психикалық процестер туралы толық мәліметтер қамтылған.
Жарнама -бұл сатып алу керектігіне сендіру, тауарлармен таныстыру, халыққа тауар туралы ақпарат беру процесі. Жарнама бұл маңызды және жіңішке нарық құралы. Дамушы нарық жағдайында, жоғары бәсекелестік бар жерде әрбір сатушы пайдаланушының қажеттілігін максималды қанағаттандыруға тырысады, онда жарнама бәсекелес күресінің шешуші факторы болуы мүмкін.
Жарнама компаниясы - бұл жарнаманың әртүрлі түрлерін және көпшілікке тарату құралдарын қолданумен бір немесе бірнеше агенстваларды өзіне тартумен және жарнама берушілермен жүзеге асатын жиынтық.
Жарнама – бұл бәрінен бұрын қарым – қатынас философиясы. Ол адамдар арасындағы байланысты нығайтады, бұл оның ролі осылайша бағаланады.
Ықпал ету тәсіліне байланысты жарнамалық хабарландыру рационалды және эмоционалды болуы мүмкін.
Рационалды (пәндік) - жарнама потенциалды пайдаланушының ақылына қарай ақпарат береді. Олар айтылған сөзден әсер қалдыру үшін сурет немесе сызулар қолданады. Сөзбен баурайды және сендіру үшін аргументтер келтіреді.
Эмоционады (ассоциативті) - жарнама еске түсіреді. Ол ойды туралайды, сезімге, эмоцияға бейсаналы қатысады. Ассоциация арқылы идеяға және елестетуге ықпал етеді. Оның ең тиімді құралы-сурет,түс және төменгі дәрежеде дауыс.
Тәсіліне қарай жарнама «қатты» және «жұмсақ» болып бөлінеді.
«Қатты» жарнама өзінің жаны бойынша өнімді ынталандыруға жақын. Мұндай жарнаманың аз уақытты мақсаты бар. Ол объектіге былай ықпал етеді: хабарландырудың сыртқы тиімділігіне сүйенетін айқайлаушылардың көмегімен оны сатып алуға назар аудартады.
«Жұмсақ» жарнаманың мақсаты тек тауар оның мақсаты туралы хабарландыру емес, сонымен қатар бұл тауардың айналасында жағымды атмосфера құру болып табылады. Көбіне бұл терең мотивтің символикасында ойнайтын эмоционалды жарнама. Ол пайдаланушыларды қандайда бір тауардың тиімділігі негізінде сатып алуға іштей дайындықты қалыптастыра отырып өзгертеді.