76. Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысын анықтаңыз Адамға көңіл бөлетін басшының алғашқы міндеті – адамдар болып табылады. Ол еңбек өнімділігін көтеруде, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жолына көп көңіл бөледі.
Дұрыс ұйымдасқан басшылық қатынас жақсы басшылықтың катализаторы болып есептеледі. Керісінше басшылық қатынастың болмауы басшы мен жұмысшы арасындағы қатынасқа зиян келтіре отырып, ұйымның жұмыс өнімділігін төмендетеді. Басшы болу үшін екі шартқа сәйкес болуы қажет: оның көмегімен басшылық мәселелер шешіледі; оған қатысушылар өзін жетілдіруге, жетістікке жетуге мүмкіншілік алады. Басқарудағы осы екі шартты орындағанда ғана қатынас тиімді болады. Атақты психолог А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының маңыздылығы жұмысшының басшысы не қалайтынын түсініп, өзін басшысының орнына қойып үйренеді. Бұл жағдайды А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының бірінші заңы деп атаған. басшы жұмысшылармен ең алғаш қатынасу кезінде басшылық қатынастың екінші заңына бағынуы тиіс: тең қатынасты жағдайда адам өзі эмоционалды оң қатынастағы адамның позициясын ұстанады, және керісінше эмоцианалды теріс қатынастағы адамның позициясын құптамайды.
Адамдармен тиiмдi басшылық ету қабiлетi, әдептiлiк талаптарды қадағалау келесi факторлардан негiзделедi: - өзiн басқара бiлу қабiлетi; - жекелей анық мақсаттар; - үнемi жекелей көтерiлiм тiрегi; - мәселелердi шеше бiлу; - инновацияға қабiлет және өнерпаздық; - қоршаған орта әсерiне үлкен қабiлет; - қазiргi басқару келiстерiн бiлу; - қызметкерлердi басқару қабiлетi; - бағынушы адамдарды дамыту және оқыта бiлу; - тиiмдi жұмыс топтарын құру және дамыту.
77. Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде негіздеңіз. Менеджер имиджі – беделділіктің негізгі құрамдас бөлігі. Имидж түсінігі басшының сыртқы бейнесіне қойылатын қазіргі талап. Өйткені, басшы тек қана қызметкерлері мен ғана қарым-қатынас жасап қоймай, оған сеніп тапсырылған топты басқа әлеуметтік ұйымдар алдында көрсететін адам, яғни өз ұйымының мәртебесін көтеруші. Сондықтан, басшының сырт бейнесі, сөйлеу мәдениеті, мәнерлері, түрі және киімінің мәдениеті –барлығы имидж элементтері.
Қазіргі кезде бұл саладағы мамандар жоғары деңгейдегі басшылардың бейнесін жасап жұртшылықтың өзін-өзі күтулеріне сәйкестендіреді. Олар шаш қою, киім кию, мимика, өзін-өзі ұстау мәнерлерінің тартымды бейнесін жасау арқылы басшы имиджін жасайды.
Имидж астында (ағылш. image-сурет) әдетте айналасындағыларға белгілі бір әсер ететін құндылықтық сипаттамалар мен қасиеттер ерекшеленетін іскер адамның (ұйымның) қалыптасқан бейнесін түсінеді. Имидж адамның жеке байланыстары барысында, ол туралы қоршаған адамдар айтқан пікірлер негізінде қалыптасады.
Тартымды имиджге ие болу өзі мақсат емес, бірақ оны меңгеру өте маңызды жеке және кәсіби мінезді құрайды. Имиджге көбінесе нақты адаммен немесе фирмамен ынтымақтасу ниеті байланысты. Тартымды имидж-іскерлік табысты анықтайтын факторлардың бірі.
Имиджге деген назар соңғы жылдары адам алдында пайда болған таңдау проблемасы, яғни саяси партиялар және қоғамдық мекемелер, көшбасшылар және басшылар, және де түрлі тұтынушы, саяси және басқада нарықтардағы бәсекелестіктің пайда болуынан туындады. Тауарды, қызмет түрлерін сату, дауыс берушілерді өз жағына қарату, нарықта сәтті бесекелес болу үшін фирма, қоғамдық мекеме, университет немесе банк өздеріне сай болмысты қалыптастырулары керек.