1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


«Көркем еңбек» сабағында АКТ-ны қамтудың тиімділігі



бет46/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
24.«Көркем еңбек» сабағында АКТ-ны қамтудың тиімділігі. Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.Бастауыш сынып оқушыларының АКТ-ға қызығушылықтары өте басым болғандықтан визуальды қабылдаулары өте жоғары еске сақталады.Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не?Пәндік білім — оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
Технологиялық білім- оқытудың қосалқы құралдары туралы білім.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.


25.Бастауыш сыныпта «Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. «Көркем еңбек» пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері; бұл жұмыстардың еріктілік қағида негізінде құрылуы; оқушылардың өз бетінше, өздігінен жұмыс істеуге, бақылап зерттеуге қажетті дағдылармен қарулануы; оқушылардың еңбекке бейімділігі мен бүкіл танымдық мүддесінің артуы; баланың өнерге, өнер туындыларына деген ыстық ықыластары мен қызығушылықтарын арттыруы; жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығы; көркем еңбек пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістерінің сан алуандығы.
Сыныптан тыс жұмыстарды көбірек үйымдастырудың тиімділігі: оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді; сыныптан тыс әр түрлі жұмыстардың түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады; сыныптан тыс түрлі жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егер де балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады; сыныптан тыс әртүрлі жұмыстардың формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпалетпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады. Қорытындысында үлкен шығармышылық әлеуеті дамыған, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан,әдемілікті көре,сезе білетін оқушыларды тәрбиелеу нәтижесіне қол жеткізуге ықпал етеді. Сонымен, «Көркем еңбек» пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны пәннің мазмұнымен байланысты және оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай іріктеледі және де сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда жергілікті жердің ерекшелігі мен ұлттық ерекшеліктерді ескеру маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет