Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері
«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Танымдық белсенділігінің төмендеуі балаға қажетті мектептегі оқытудың алғашқы баспалдақтарында жасына сәйкес қоршаған орта, практикалық дағдылар туралы білім қорының шектеулілігін тудырады.
Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы тежелудің көріну деңгейіне және себептерінің әртүрлілігіне байланысты біртекті топқа жатпайды. Т.А.Власов, М.С.Певзнер, К.С.Лебединский т.Б. Жүргізген клиникалық және психологиялық зерттеулер балалардың психикалық тежелуін төрт топқа бөлуге мүмкіндік берді:
Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы тежелудің көріну деңгейіне және себептерінің әртүрлілігіне байланысты біртекті топқа жатпайды. Т.А.Власов, М.С.Певзнер, К.С.Лебединский т.Б. Жүргізген клиникалық және психологиялық зерттеулер балалардың психикалық тежелуін төрт топқа бөлуге мүмкіндік берді:
Конституционалды
Психогенді
Соматогенді
Церебралды-органикалық пайда болуы.
1.Конституционалды психикалық дамуы тежелуінің пайда болуы психофизикалық инфантилизм немесе психикалық синдром түрінде көрінеді. Психофизикалық инфантилизм көбіне жеке және эмоционалды жетілмеуі түрінде сипатталады. Психофизикалы – организмнің бүтіндей дамуы және жетілуінің тежелуімен сипатталады. Балаларда төлқұжаттық жасынан психикалық дамуының неғұрлым артта қалуы байқалады. Бұл сақталған танымдық әрекеті жөніндегі эмоционалды-ерік саласында басымырақ көрінеді.
Кіші мектеп жасында оқу әрекетінің тұлғалық компоненттерінің жетілмегендік белгілері байқалады:
Кіші мектеп жасында оқу әрекетінің тұлғалық компоненттерінің жетілмегендік белгілері байқалады:
оқудағы жетістіктері мен өзінің мінез-құлқына жауапкершіліктің болмауы;
туа біткен және кейін пайда болған ішкі органдардың (жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр және т.б.) дамуының кемістігі ;
ауыр самотикалық аурулар;
Өмірінің алғашқы жылдарындағы бас миының жарақатын көрсетеді. Ұзақ уақыт бойы ауыр өтетін созылмалы аурулар балалардың психикалық тонусын тез төмендетеді. Күші әлсіреген, енжар балалар мектептік сабақ процесінде тіпті өнімсіз болады. Мектепте осы санаттағы балалар ең алдымен жаңа жағдайға бейімделуде қиындықты сезінеді. Олар мектептік ұжымға ұзақ уақыт үйрене алмайды, жиі жылайды, үйін сағынады. Селқостығымен, жігерсіздігімен ерекшеленеді. Өздерін қорғай алмайды. Үлкендерге ізетті. Жағдайлармен бірдей санасады. Басқарушылығы ықпалсыз, ұйымдаспаған, мақсатқа бағытталмаған, дәрменсіз болады.
3.Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін тәрбиенің қолайсыз жағдайларынан туындайды. Ерте пайда болған, ұзақ әсер ететін және баланың психикасын жаралауға әсері тигізетін ортадағы қолайсыз жағдай, ең алдымен эмоционалды дамуындағы психикалық бұзылыстарға әкеледі. Мұнда тұлғаның патологиялық дамуы туралы сөз болып отыр. Психикалық тұрақсыздық түрі бойынша тұлғаны дамытудың нұсқасы күшті қамқорлыққа себепші болады. Осындай балаларға: аффективті елгезектік, ырықсыздық, жоғары иланушылық, мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білімнің жеткіліксіз деңгейі тән. «Отбасы пірі» түрі бойынша дамыту нұсқасы гипер қамқорлыққа себепші болады. Осындай балаларға: ерік күшіне аз қабілеттілік, өзімшілдік және дарашылдық, еңбекке теріс қарым-қатынас, үнемі көмек пен қамқорлық жасау тән. Оқытудағы қиыншылықтар еңбексүйгіштіктің болмауына, еркелікке, жоғары өзіндік бағалауға байланысты.
Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуін түзету жұмыстарының бағыты – бұл отбасының психологиялық ахуалын сауықтыру
Психогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуін түзету жұмыстарының бағыты – бұл отбасының психологиялық ахуалын сауықтыру
оқуға жалпы қабілетін дамыту үшін тиімді жағдай жасау және тұлғаның жағымсыз ерекшеліктерін түзету
эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыру
өз құрдастарымен қарым-қатынаста
ойында өз әрекетін тежеу қабілеті болып табылады.
Церебралды-органикалық шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі эмоционалды-еріктік орта сияқты танымдық қызметте де үлкен шыдамдылықты және бұзылысты көрсетеді.