16.Сабақта музыка тыңдау мағынасын кеңейту
Музыка деген не?
Тыңдаған ән, күй, орындаған әндерден біз әуен, музыка естиміз. Әр музыкалық шығарманың тақырыбы мен мазмүнына байланысты әуені, ырғағы болады. Домбыра, рояль, кобыз, асатаяқты, т.б. ойнағанда әуен естиміз. Әр аспаптың өзіне тән, бір-біріне ұқсамайтын дыбыс бояуы, үні, луепібар.
Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу.
Музыкалық сауаттылық.. Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,ойнақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу.
17.Балалардың музыкалық қабілетін дамытудағы шығармашылық құндылығын анықтаңыз
Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан өткізетіндей балалардың музыкалық әндету ерекшеліктерін зерттейтін анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұғалімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады (музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты). Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке өзіндік қасиетін тереңұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да жағдайлар кездеседі. Кейбірдарынды балалар музыкалық тексеру кезінде сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе тамағының ауырып қалуы жәнет.б.Ал келесі сабақта ол оқушы өзін жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.
Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән бермейміз.Музыка сабағының және мектеп жанындағы түрлі көркемөнер үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор. Республикамыздың көптеген бастауыш, тоғыз жылдық және орта мектептерінде музыка көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу әдетке айналған.Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа, жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы дарынын ашуға көмектеседі. Музыка сабағының үстінде үйренген әндерді, музыкалық шығармаларды сабақтан тыс уақыттағы тақырыптық кештерде орындатып отырса балаларды қызықтыра түседі. Мұндай музыкалық кештерді әр тоқсан сайын бірнеше сынып балаларының басын қосып өткізуді дәстүрге айналдырған дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін шыңдап, білімін тереңдетіп, оларды әсемдікті сезінуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді.Мектеп балаларын ұйымдасқан түрде концерттерге, театрға апару олардың өнерге деген құмарлығын арттырады. Бұнымен қоса белгілі әнші-бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың немесе олар туралы қызықты әнгімелер өткізудің де мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: |