22.«Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні және міндеттері. Зерттеу объктісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкес « Бастауыш оқыту педагогигасы мен әдістемесі» мамандығынан жоғары кәсіби педагогикалық білім алудың кажетті компоненті ретіндегі еңбекке баулу әдістемесі мен практикумы болып табылады.Әдістеме пән ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырарады.Педагогикалық ғылымда жалпы жәнежеке әдістемесі бар. Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен, ал жеке - әрбіроқыту пәнінің әдістемесін қарастырады. Әдістеменің зерттеу объектілері, міндеттері және әдістері болады.Оқыту мен дамытуда үш өзара тығыз байланысты процестер бар: оқытудың мазмұны,мұғалімнің қызметі – оқыту, оқушылардың қызметі – оқу. Әдістеменің мінднті – осы үш заңдылықтардың байланыстарың зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың, оқудың мазмұнының талаптарын құрастыру. Оқыту едістемесі әрдайым бір мақсатқа бағыттала-ды. Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды біліммен, білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылы-мен, жақсы эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған адамдарды дайындау.
Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибсні тсориялық жағынан қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақ-сы нәтижелер беретін оқыту әдістерін үсынады.
Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу пәніне және оны қүру жүйесінде ғы-лыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындала-ды, яғни оқу пөнінің логикасьш талап етеді.
23.«Көркем еңбек» пәні бойынша зерттеу жұмысын жүргізудің тиімділігі.Қазіргі уақыт талабына орай қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың бойында қиын мәселелерді шешу барысында баламалы көзқарастарды салыстыра отырып салмақты шешімдер қабылдай алатын және сыни тұрғыдан ойлай білетін қабілеттерін қалыптастыру.Шығармашылық жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері, шығармашылық ойлау, өздігінен құрай білу, ақпараттық кеңістікке бейімделе білу, сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттері жатыр. Жобалардың тәсілдерін қолдануда оқу барысының әр кезеңіндегі мектептегі білімді игеру барысында оқушылар білімді және білуді интегралдауға мүмкіндік алады.
Шығармашылық жоба бойынша жұмыстың кезеңі, шағын зерттеу жұмыстары бес кезеңнен тұрады.
1.Проблема. Бұл сатыдағы басты міндет – көптеген проблемалардың маңыздысын анықтау.
Проблемалық саланы ұғыну.
Ол үшін сұрақтарға жауап беру: проблема, қай салада маңызды?
Нақты қажеттілікті анықтау. I шағын зерттеу.
Үшінші кезеңнің басында жобаны орындау бойынша қандай мәселе тұрғандығы және қандай бағыт бойынша жұмыс жүргізу керектігі белгілі. Сонымен қатар нақты не қажет? Ол үшін I шағын зерттеу жүргізу керек. Үдеріс барысында «жобалау» қажеттілгі туындап, жағдайға байланысты деңгейі анықталып, шешу жолдары зерттеледі.
Барлық оқушы жобаның тақырыбын өзі таңдай алмайды. Осыған байланысты менде «жобалар банкі» қалыптасты. Оқушыларға шығармашылық жобалардың тақырыбын және қажетті ақпараттарды тез табу үшін ең қызықты материалдарды нұсқаулық карта түрінде ресімдеймін. Бұл жерде фотосурет немесе сурет беріліп, жұмыстың қысқаша мазмұны баяндалады.
4.Нақты міндеттің анықтамасы және оның тұжырымдамасы. Нақты қажеттіліктің болуымен нақты міндетті тұжырымдауға болады. Мәселен, оқушыға нақты кезеңде спорттық сөмке қажет болды делік, сонда міндет келесідей қалыптасады: құрастыру және сөмкені жасау.
Негізгі параметрлерді айқындау және шектеу.
Негізгі параметрлерді айқындау және жағдайға және тілекке байланысты бағытталатын белгілі бір өнімді шектеу,