1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Бастауыш мектептегі «Қазақ тілін» оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер



бет20/49
Дата15.04.2023
өлшемі104,04 Kb.
#83203
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
2 емтихан

3. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілін» оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер
Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының, сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана жəне сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте мұғалімнің дұрыс қойған талаптары мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тəртіптелген жүйесі оқушыны саналылықпен білім алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы толыққанды жүзеге асуында келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілінің жазу жəне сөйлеу заңдылықтарын іс-тəжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады жəне біртіндеп дамуына ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша жəне жазбаша тілі даму үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жана сатыдағы дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқытушының басшылығымен меңгерілген танымдық əдістермен тоқтап қалмай, оларды қолдау мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауы мен сөйлеу тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болып табылады. Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа алынады.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алып үйрену» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді); дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді); уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау); оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді); саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет