1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Әдебиеттік оқуда мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар



бет23/49
Дата15.04.2023
өлшемі104,04 Kb.
#83203
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
2 емтихан

8.Әдебиеттік оқуда мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.
2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3.Шығарманы оқу.
4.Жоспар жасау.
5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Мәтін – баланы жан-жақты болуға, ой өрісінің дамуына, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып білуге, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.
Мәтіннің түрі көп. Мысалы: кейбір мәтіндер диалог ретінде берілсе, енді бірі өмірбаян ретінде, батырлардың ерлігі жөнінде, аңыз әңгіме ретінде т.б. кездеседі. Мұндай мәтіндерді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс-тарды мұғалім өз шеберлігіне байланысты түрліше өтуге болады.
Мәтін – бала үшін жабық ой. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасауға мұғалім алдын-ала дайындалғаны абзал


  1. Әдебиеттік оқудағы оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:
оқушының жеке пікірін тыңдау;
оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық және логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;
оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну және үлгісін көрсету;
әртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);
оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» және «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;
оқушылардың пән бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу;
оқушының өз білімін жетілдіруіне және бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;
түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекетті жүзеге асыру;
ізденуді және қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;
зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;
оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде және сыныптар арасында) ұйымдастыру;
жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет