1-Билет: 1-Сұрақ: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе. Элемент атомдарының электрондық құрылысының ерекшелігі. Жай заттардың, оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі



бет13/29
Дата04.06.2023
өлшемі304,73 Kb.
#98581
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Бейіндік пәндер бойынша - 30

21 –билет:
1-сұрақ: Металдар мен бейметалдардың генетикалық қатары бойынша бейорганикалық
қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық қосылыстардың формуласын құру ережелері. Формула және теңдеу бойынша есептеу .

Бейорганикалық қосылыстар Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар. Металдарда ерекше өздеріне тән «металдық» жылтыры болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі. Бейметалдарда металдарға тән жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылумен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі барлық элементтер химиясын қамтиды. Органикалық қосылыстардың қасиеттері бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын алады. Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлык, қосылыстар мен көпэлементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі.
Бейорганикалық қосылыстардың кластарының арасындағы генетикалық байланыс
Жай (металл, бейметалл) және күрделі (оксид, қышқыл, негіз, тұз) заттардың барлығының өзара байланысы генетикалық байланыс деп аталады (генезис — шығу тегі).
Енді осы генетикалық байланыстарды тұздарды алудың мысалында қарастырайық:
1. Кейбір металдар мен бейметалдар езара әрекеттесіп (синтез әдісі) тұз түзеді:
2. Негіздік оксидтер мен қышқылдық оксидтердің өзара әрекеттесуі де тұз береді.
3. Қышқыл мен негіздік оксидтің әрекеттесуінен де тұз түзіледі.
4. Негізбен қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі де тұз тудырады.
5. Қышқылдар мен негіздер әрекеттесуі арқылы да тұз алуға болады:
6. Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі жаңа тұз бен жаңа қышқыл береді, тұз тұнбаға түседі:
7. Тұз бен негіздің әрекеттесуі жаңа тұз бен жаңа негіз береді, олардың біреуі тұнбаға түсуі керек.
8. Металл мен баска тұз әрекеттескенде де жаңа тұз бен металл түзіледі:
9. Тұз бен тұз әрекеттескенде жаңа екі тұз түзіледі, олардың біреуі тұнбаға түседі.
10. Металмен қышқыл әрекеттескенде тұз бен сутегі түзіледі.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына қышқылдар, негіздер және тұздар жатады. Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан қышқылдар ерітінділерде сутек ионын бөліп диссоциацияланатын заттар. Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан қышқылдар сутегі ионын беруге қабілеті бар заттар, яғни протондар донорлары. Қышқылдарға тән химиялық қасиеттері – олардың негіздермен әрекеттесіп, тұз түзу қабілеттері, мысалы:
Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан негіздер ерітінділерінде гидроксид-иондарды бөлу арқылы диссоциацияланатын заттар. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері – қышқылдармен (қышқылдық және амфотерлік оксидтермен) әрекеттесіп, тұзтүзу қабілеттері, мысалы:
Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан негіздер сутек иондарын қосып алуға қабілеті бар заттар, яғни протондар акцепторлары. Мысалы: аммиак – сутек протонын қосып алып, аммоний – ионын
түзеді. Негіздер тәрізді аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді:
Негіздермен (немесе негіздік оксидтермен ) әрекеттесіп, тұзтүзетін оксидтер қышқылдық деп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), қышқылдық оксидтер қышқылға айналады. Мысалы, күкірт (VI) оксиді
сумен әрекеттесіп, күкірт қышқылын
түзеді:
Кремний диоксиді
қышқылдық оксид. Ол сумен тікелей әрекеттеспейді, бірақ оған кремний қышқылы сәйкес келеді Қышқылдық оксидтерді алудың бір әдісі – сәйкес қышқылды сусыздандыру. Сондықтан қышқылдық оксидтерді ангидридтер деп атайды. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұзтүзетін оксидтер амфотерлік деп аталады. Ондай оксидтерге мысалы, жатады. Тұзтүзбейтін оксидтер қышқылмен де, негізбен де әрекеттескенде, тұз түзілмейді. Мысалы, азот (I) оксиді , азот (II) оксиді . Элементтердің оттегімен тағы да бір қосылыстары белгілі, олар құрамы бойынша оксидтер класына, ал құрылысы мен қасиеттері бойынша тұздарға жатады. Ондай заттардың мысалы ретінде металдар пероксидтерін айтуға болады. Мысалы, барий пероксиді , натрий пероксиді . Табиғаты бойынша металдар пероксидтері әлсіз қышқылдың сутегі пероксидінің
– тұздары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет