Масса Өте төмен температурада металл кедергісінің күрт кеміп, жойылу құбылысы: Асқынөткізгіштік



Дата10.12.2023
өлшемі21,45 Kb.
#135685

1.Денелердің инерттілігінің өлшемі бола алатын физикалық шама: Масса
2.Өте төмен температурада металл кедергісінің күрт кеміп, жойылу құбылысы: Асқынөткізгіштік
3.Инерция заңын ашқан ғалым: Г.Галилей
4.Іштен жану қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті: механикалық энергия үлесін білдіреді.
5.Кристалдану кезінде дене температурасы: Тұрақты болады
6.Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы: Шу
7.Электролиз кезінде электродтарда бөлініпа шыққан зат массасын анықтайтын заң: Фарадей заңы
8.Электрон антибөлшегі: Позитрон
9.Жылжымайтын блок: күштен ұтыс бермейді.
10.Жылжымалы блок: күштен 2 есе ұтыс береді.
11.Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал: психрометр
12.Дыбыс биіктігін анықтайды: Тербеліс жиілігі
13.Кез келген инерциялық жүйеде барлық физикалық құбылыстар бірдей жағдайда бірдей өтеді. Бұл тұжырымдама: Эйнштейннің 1-ші постулаты
14.Тербелмелі контур: катушка және конденсатордан тұрады
15.Атом ядросының құрамы: Протон және нейтрон.
16.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде: жылдамдық тұрақты
17.Дене импульсінің өзгерісі: күш импульсына тең.
18.Идеал газ жұмысы нөлге тең процесс: Изохоралық.
19.Изотермиялық сығылу процесінде идеал газдың ішкі энергиясы: өзгермейді
20.Электрон мен протонның заряд таңбалары: электрон-теріс, протон-оң
21.Дененің шын және кішірейтілген кескінін беретін оптикалық аспап: фотоаппарат
22.Герметикалық жабық ыдыстағы идеал газдың ішкі энергиясы кемитін процесс: изохоралық салқындау
23.Егер біратомды идеал газ тек алған жылу есебінен ғана қызатын болса, онда газда жүретін процесс: Изохоралық
24.Механикалық қозғалыс: дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі
25.Броундық қозғалысты түсіндіруге болады: тек қана молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде
26.Вакуумда электр зарядын тасымалдаушылар: тек қана электрондар
27.Сұйықтықта электр зарядын тасымалдаушылар: оң және теріс иондар
Газдада электр тогын тасымалдаушылар: электрон және оң,теріс иондар
28.Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар: электрондар
29.Жартылай өткізгіштердегі электр зарядын тасымалдаушылар: кемтіктер мен электрондар
30.Көз бұршағының көмегімен алынған кескін: шын, төңкерілген, кішірейтілген
31.Электромагниттік процесс кезінде пайда болған индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже: Ленц ережесі
32.Ампер күшінің бағыты:тік жоғары
33.Бірлік зарядты тасымалдау үшін бөгде күштер жұмысымен анықталатын шама:ЭҚК
34.Бірлік заряд бергенде потенциалдар айырымы 1 В-ке өзгертетін:электр сыйымдылығы
35.Бірлік көлемдегі молекула саны:молекула шоғыры
36.Толқын ұзындығы ең үлкен сәуле:радиотолқын
37.Дискінің айналасында пайда болған түрлі түс:интерференция
38. Көлік майының су бетіне түсіп түрлі түске боялуы: интерференция
39.Массаслық сан дегеніміз: ядродағы нуклондар саны
40.Вакуум арқылы ток өткенде электр тогының қандай әрекеттері байқалады:тек магниттік
41.Салқын күйде абсолют қара дене жұтатын сәуле:барлық түсте
42.Жарық интенсивтілігі 3 есе артса, максимал кинетикалық энергиясы:өзгермейді
43.Айнымалы ток кернеуін түрлендіру үшін қолданылатын аспап:транформатор
44.Механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін құрылғы:генератор
45.Электромагниттік өріс:құйынды өріс
46.Радиоактивті сәулелердің ішіндегі ең көп иондалатыны:альфа
47.Диффузия құбылысы ең жылдам тарайтын орта: газ
48. Газдың берілген массасы үшін тұрақты температурада жүретін процесс:изотермалық
49. Вакуум арқылы ток өткенде электр тогының қандай әрекеттері байқалады:тек магниттік
50.Кризистік температурадан төмен температураға дейін суығанда, кедергісі күрт жойылатын құбылыс: асқын өткізгіштік

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет