1-билет
1,Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу.
Ацетилен- әлсіз, эфир иісі бар,түссіз газ. Қайнау темп. 83,8, балқу темп. +35,5. Ацетилен – алкинде тобына жататын, түссіз газ болып табылады. Ацетилен өндірісінің қазіргі күнге дейінгі өз
мәнін жоғалтпаған тәсілі ол кальций карбидінен алу. Ол төмендегі реакция арқылы жүзеге асырылады.
СaO + 3C = CaC2 + CO
CaC2+ 2H2O = C2H2+ Ca(OH2
Ацетиленді
көмірсуларден алу өндірісі 20 ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасабастады. Метан және басқа парафиндерден жоғары температуралы пиролиз қатысында ацетилен алады:
2СН4 = С2Н2 + Н2
Ацетиленнің өнеркәсіптік қолданылуы. Егер бұрын ацетиленді негізінен
автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады. Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар және каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттекқұрамды өнімдерді алу үшін
пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар.
Өнеркәсіпте ацетилен тек жанғыш зат ретінде ғана қолданылмайды. Органикалық заттарды синтездеу үшін шикізат ретінде қызмет етеді: сірке қышқылы, этил спирті, пластмасса, еріткіштер. Оның 70% химия өнеркәсібінің қажеттіліктеріне жұмсалады және 30% металдарды дәнекерлеу және кесу үшін қолданылады.
2,Каучук және резеңке. Медицинада қолданылуы.
Каучук —
эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады.Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы.
Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді.
Температура жоғарылағанда —каучук
жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді.
Алыну жолы. Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында қыздырады.
Каучукты вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады.
Резеңке (лат. resina «шайыр»)—каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал. Резеңке – майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құндыматериал болып табылады.
Колданылуы. Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады. Резеңке шаруашылығының жарты көлеміне
жуығын автокөліктің шиналары, резеңкелік шаруашылығын шығарудың көптеген бөлігін резеңкеден жасалған аяқ-киім және басқа да халыққа қажет бұйымдар құрайды.