9-билет 1.Биотехнология. Биотехнологияның даму болашағы. Биотехнология – белгілі өнім алуға бағытталған адаммен ұйымдастырылған микроорганизмдердің іс-əрекеті.Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
Биотехнологияның даму тарихы.
Биотехнология ежелгі заманнан басталды. Биотехнологияның даму тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді:
1. Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін).Бұл кезендебиотехнолгиялық тəсілмен вино, қымыз, нан, айран, қатық сияқты ферментативті тағамдар жасалған.
2. Пастер эрасы (1865-1940ж.ж). Продуцент микроорганизмдері белгілі болып этанол,бутанол вакциналардың өндірісін жүргізуге, ағынды суларды аэробты микроорганизмдер арқылы биологиялық тазартуды ұйымдастыруға мүмкіндік туды.
3. Антибиотиктр эрасы(1940-1960ж.ж).Пеницилин, стрептомицин жəне т.б. антибиотиктер ашылып, жануарлардың клеткаларын культивациялау технологиясы тағайындалып вирустық вакциналар алынды жəне гормондардың биотрансформация технологиясы ашылды.
4. Постантибиотикалық эра (1960-1975ж.ж). Аминоқышқылдардың, микробиологиялық белокты мұнай парафиндерін алу, кір жуатын ұнтақтарда пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды.
5. Жаңа биотехнологиялық эрасы (1975 жылдан кейін). Микроорганизмдердің генін өзгертуге, оларға өсімдіктер мен жануарлардың жақсы қасиеттерін көшіруге мүмкіндік беретін гендік инженерияның дамуымен сипатталады.
Антибиотиктер өндірісі. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.
Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған.
Антибиотиктер қолданылады: Тамақ өнеркәсібі
Микробиологиялық өндіріс
Медицина
Ауыл шаруашылығы
Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу әдістері :
2.Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері: жанама Этил спирті (этанол) -78,30C-та қайнайды. Ауамен (30% С2Н5ОН бу күйінде) араласқанда қопарылғыш қоспаға айналады. Суда жақсы ериді жəне онымен 95,6 % С2Н5ОН азе- отропты қоспа түзеді.
Этанол тамақ, медицина жəне каучук өндірісінде кеңінен қолданылады, сонымен қатар ракетаның сұйық отынының, антифриздің т.б. компоненттерінің бірі.Этанол, əсіресе, органикалық синтезде өте көп мөлшерде еріткіш ретінде жəне жартылай шикізат ретінде, мысалы, күрделі эфирлерді, хлороформды, ацетальдегидті, сірке қышқылын бутадиенді жəне басқа өнімдерді өндіруде пайдаланы- лады. Бұрын этил спиртін ағашты гидролиздеу арқылы жəне тамақтық шикізаттан алатын, ал қазіргі кезде этил спиртін синтетикалық жол- мен: тікелей гидраттау жəне жанама (этиленді күкірт қышқылының қатысуымен гидраттау) сияқты екі əдіспен алады:
Жанама əдіс. А.М.Бутлеров ашқан күкірт қышқылы əдісі: этилен күкірт қышқылына абсорбцияланып күкірт қышқылды эфирдің түзілуі; эфир гидролизденіп спирттің түзілуі; спиртті бөлу жəне оны ректифи- кациялау; күкірт қышқылын концентрлеу сияқты төрт сатыдан тұрады: Күкірт қышқылымен этиленнің əрекеттесуі екі сатыдан тұрады: біріншісі–этиленнің күкірт қышқылында еруі, екіншісі–екі компоненттің гомогенді əрекеттесуі нəтижесінде, алкилсульфат түзілуі:
CH2 = CH2 + HOSO2OH CH3-CH2OSO2OH C2H5OSO3H + C2H4 (C2H5O)2SO2