2.Медицинада пайдаланылатын талшықтар
Медициналық талшықтар қазіргі уақытта кең ассортиментте таралған. Медициналық талшықтарға келесілер жатады:
Антимикробты (бактерицидті)
Гемостатикалық
Тігісті
Анестезиялық
Радиоактивті және қабынуға қарсы талшықтар
Медициналық талшықтарды алу үшін көбінесе полимерлер жарамды, өйткені олардың құрамында реакцияға қабілетті топтар болады.
Мысалы целлюлоза немесе ПВС, олардың гидроксильді топтары жеңіл дәрілік препараттар немесе биологиялық активті атомдарға және топтарға байланыстырылады. Гидратцеллюлозды талшықтардың гидроксильді топтарының анықталған сандары СООН, топтарына дейін тотығып содан соң Аg немесе Нg тұздардың сулы ерітіндісімен өңделгеннен кейін бактерицидті болады. Медицинада көп қолданылатындар: Целлюлозаның боялған (сабындалған) ацеттатарынан алынған тігістік жіптер
Беріктігі жоғары жіптер және ПЭТ талшықтарынан
алынған протезді материалдар
ЖМҚ-ны алу әдістері. Целлюлозаны алу жолдары.
Целлюлозаны өндіру
Целлюлоза көмірсулар тобына жатады. Көмірсулар деп аталу себебі - олардың ең алғаш зерттелген өкілдері көміртегі мен судан құралған тəрізді болған.
Целлюлоза немесе клечатка барлық өсімдіктің құрамында болады, ол клечаткалар қабықшасын түзеді. Оның аты да осыдан шыққан (“целлула”- клетка).
Целлюлоза табиғи үлкен
молекулалық қосынды, суда ерімейтін полисахариттер. Молекулалық массасы 50000-нан бірнеше милионға дейін болады.
Мақта талшығында 98%-ға дейін целлюлоза болады, зығыр жəне кендір талшықтары да негізінен целлюлозадан тұрады. Қағаз, маталар – целлюлозадан жасалған бұйымдар. Целлюлозаның ең таза үлгілері – ақ мақта жəне сүзгі қағаз тазартылған мақтадан алынады. Табиғи матералдардан алынған целлюлоза суда да, кəдімгі органикалық еріткіштерге де ерімейтін талшықты қатты зат. Целлюлоза – табиғи полимер. Құрылымдық буыны – (С6Н10О5)n. Целлюлозаның молекуласы тек сызықтық құрылымдық қана болады: С6Н10О5- С6Н10О5-С6Н10О5-С6Н10О5. Ағаш құрамында целлюлозадан басқа да: гемицеллюлоза жəне лигнин болады.
Ағашты пісіру қышқылға төзімді затпен астарланған
болат қазанда жаңқа, пісіргіш қышқыл, ыстық су буымен қыздырылады.
Ағаш құрамындағы қоспалар (гемицеллюлоза, лигнин жəне т.б.) толық ерітіндіге ауысатын целлюлоза сол қалпында толық сақталатын пісіру режимін (температура, концентрация SO3, уақыт) жасау керек. Пісіруді 135-145℃ темпертурада, 0,5-0,7 МПа қысымда 8-10 сағат уақыт арасында жүргізеді. Пісіру уақыты жеткен кезде
қазан мен резервуарға аударып, целлюлозаны пісіргіш ерітіндіден айырып жəне сумен жуып, механикалық қоспалардан босатып, сульфит целлюлозасын бөліп алады.
Алынған целлюлоза сапасы құрамында қалған лигнин мөлшерімен бөлінеді: егер лигнин мөлшері 3%-дан
көп болса, қатаңырақ, 2%-дан төмен болса, жұмсақ целлюлоза деп аталады.
Целлюлоза ауыл шаруашылығының көптеген саласында: ағаш шеберіне
қажетті бұйымдар жасауға, қағаз, мата, жіп, арқан жасауға қолданылады. Целлюлозаның эфирлері нитролактар, кинопленкалар, жасанды талшық жасауға жұмсалады. Целлюлозаның гидролиздеп ашытқанда түзілген глюкозадан этил спиртін алады. Бағалы қағаз алуға жəне химиялық өңдеуге қолданылатын целлюлоза қосымша өңдеуден өтеді.
Сульфат əдісімен целлюлозаны өндіру. Ағаш жаңқалары сілтішемен пісіргіш қазанда өткір су буымен қыздырылып өңделінеді. Натрий гидросульфит жəне натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен түзілген сілтіше құрамында 4,5%-ға дейін натрий гидроксиді жəне натрий сульфиді болады. Осы сілтішені ақ сілтіше деп атайды.
Сілтілік пісіруді 165-175℃, 0,8-1,0МПа қысымда 4-6 сағат мезгілде жүргізеді.