Билет №24 Тест 1 . Инвестициялық салық преференциялары төлем шеңберінде беріледі:
С) әлеуметтік салық 2. Электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанындағы ақпаратты ұсына отырып, мониторинг түрі:
Е) цифрлық мониторинг 3. Фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғылар және (немесе) тауарларды өткізу және қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды тіркеу үшін пайдаланылатын, түзетілмейтін ауысымдық тіркеуді және ақпаратты тұрақты ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелер:
С) бақылау-касса машинасы 4 . Төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомасын есептеуді кім жүзеге асырады:
В) салық агенті 5. Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің негізгі мақсаты:
В) көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес Тапсырма Фискалдық органдардың құқықтары мен міндеттерін сәйкестендіріңіз
Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандықтан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салық жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет. Қазіргі ғылыми-экономикалық еңбектерде фискалдық саясатты жүзеге асыру механизмін зерттеудің тұжырымдамасы толық өңделмеген. Әлеуметтік салаға әсер ететін фискалдық саясаттың механизмін кешенді қалыптастырудың теориялық және практикалық сұрақтарын жүйелік өңдеу еліміздің экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің дамуының әлеуметтік-экономикалык теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-деңгейін көтеругс әсер етеді.