Байланысты: 1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org
48. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша
бұқаралық жəне ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
Көтерілістің негізгі мақсаты Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру əрі Ресейдің құрамына кірмеген
жерлерді сақтап қалу.
Көтерілістің басты себептері Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік əкімшілік
басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, əсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай
түсуі.Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты Қазақ жерін əскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға
бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.Көтерілістің қозғауыш күштеріҚазақ шаруалары. Сонымен қатар тəуелсіздікті қалпына
келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Əрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің
мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара,
Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты əйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар
арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси,
əлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты,
тұрақты əскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында
ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен
күресіп, Кенесары өз күшін əлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда,
əсіресе Қоқан жəне Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті əлсіретті.