Лекция Жоспары: Солтүстік Қазақстандағы әскери линиялардың салынуы және Ресейдің экспансиялық саясатының күшеюі



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі409,46 Kb.
#133581
түріЛекция
  1   2   3

Тақырып:
XVIII – XIX ғғ. ІІ жартысындағы
аймақтың топонимикалық қалыптасу тарихы
11 лекция
Жоспары:
1. Солтүстік Қазақстандағы әскери линиялардың салынуы және Ресейдің экспансиялық саясатының күшеюі.
2. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
3. Казак әскерлерінің құрылуы және Солтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына өтуі.
1. Солтүстік Қазақстандағы әскери линиялардың салынуы және Ресейдің экспансиялық саясатының күшеюі.
XVIII ғ. ІІ жарт. Ресей Есіл маңы далалық аймағында өз билігін бекіту үшін барынша талпынады. 1752 жылы генерал Киндерманның Омбы бекінісінен бастап Звериногловскіге дейінгі Пресногорьков немесе Жо-ғарғы шеп деп аталған жаңа тізбек жобасын бекітеді. 1752 жылы Утяцкая бекінісінен Луцкойдың әскері мен Вологод полкі, Нотебург полкінің жаяу әскері, Есіл казактары мен шаруалары, барлығы 2 мыңға жақын адам шығарылды. Бұл әскери экспедиция 1752-1753 жж үш бекініс – Св.Петр (Петропавл), Полуденный, Лебяжье және сегіз редут тұрғызу мақсаты тұрды.
Үлкен отрядтың қазақ даласына шығуы туралы хабар халықтың абыр-жуы мен көшіп кетуіне алып барды. Бұл уақытта жоңғарлар жақтан шаб-уылға ұшыраған Қазақ хандығы орыс әскерлеріне қарсы тұра алмады, сондықтан Орта жүздің басшысы Абылай сұлтан территориядан айыры-луымен келісуіне тура келді. Оның үстіне Жоңғарияның әлсізденуі қазақ-тардың Ертіс бойы мен Тарбағатай жерлерін қайтару мүмкіндігін туғызды, сондықтан Новоишим тізбегін салу нәтижесінде жерлерін жоғалтқан абақ-керей, уақтар мен найман қазақ рулары сол жаққа кө-шіп барды.
1752-1755 жж Звериноголовский шатқалынан бастап Омбы бекінісіне дейін бекітілген шекараны оңтүстікке қарай 100-200 шақырымға ығыстырған Новоишим желісі тұрғызылады. Жаңадай бекітілген желі құрамына Петропавл, Покровская, Николаевская, Лебяжье, Полуден-ный, Становая, Преснов, Кабань және Пресногорьков кіреді. Зверино-головская бекінісі 1753 жылы Орынбор генерал-губернаторлығына беріледі. Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңа әскери күштер әкелініп отырады.
Осы уақыттарда шекаралық билік қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстыру шараларын қабылдайды. Өз кезегінде, бекіністердің жаңа желісінен солтүстікке қарай көшіп-қонып жүрген жерлерінен ығысты-рылған қазақтар 1752-1753 жылдары Ресей қоластындағыларына жаңа-дан шабуылдай бастайды.
Шекаралық биліктің экспансиялық саясаты бір уақытта бейбіт, дипломатиялық іс-әрекеттермен бірге жүріп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет