1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 жылғы Алматыда жəне республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы



бет27/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

78. 1986 жылғы Алматыда жəне республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,
əміршіл-əкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тəуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға
болып табылады. Желтоқсан көтерілісін аса қатал жауыздықпен талқандаған. Жастарды ұрып соғып алаңнан қуғандары, оларға қарсы
қолданған аюан істері туралы, мемлекеттік конституцияны аяққа таптап заңсыздыққа жол берген ішкі істер министрлігінің,
прокуратураның, соттың, қауыпсіздік комитетінің басшыларын жауапқа тартуды талап еткен арызды беруші қазақстанның азаматтық
козғалысының «Азат» атты қоғамының басқармасы жəне осы көтіріліске қатынасқан. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты – 99
адам сотталды (оның – 91 ісін таптым, ал Асанбай Асқаров мен Бекежановтың ісі Фрунзе де деп бермеді, қалған 5-уының ісі белгісіз үш
адам еріксіз емделуге жіберілді (олар естерінен ауысқан адамдар) Б.Н.).
19-билет 
19. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. 
IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта жəне төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент
қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан əр үрлі
тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Əл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне
қосылып, халықтық халықтық дəрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі. Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың
мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тəрбиеледі. Əскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды.
“Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған. Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ
мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы əскери одақ құрды.
Нəтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға
жорық жасағаны туралы айтылады. X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Əли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады.
Үздіксіз соғыс пен шектен тыс cалынған алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда
қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Əли жабғудың мұрагері Шахмəлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы
Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола
ығыстырады. Ақырында XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет