1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері



бет32/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

82. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. 





23-билет 
23. Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі. 
Шығыс Түркістан мен Жетісудың моңғол қолына өтуі Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияда дүрбелең туғызды. Хорезмшах пен Шыңғыс хан
қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мауреннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны
билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. … Осылайша 1219-1224 жж. Моңғол шапқыншылығы нəтижесінде
Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның
балаларына бөлініп берілді. 1219—1224 жж. Шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына
кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі
жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мəуереннахр, Жетісу
мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шəуешек қаласы маңы. Кіші ұлы Төле,
Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.
53. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мəселесі. 
Ресей патшасының Қазақстанға жүргізген көші-қон саясаты
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде
үш кезеңге бөліп қарауға болады:
• 1861—1885 жылдар;
• 1886—1905 жылдар;
• 1906—1917 жылдар.
1 КЕЗЕН Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан жəне Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық
саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мəселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді.
Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы
реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір
губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік
төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мəжбүр болды.
2 КЕЗЕН 1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу,
Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады.
Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола,
одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып, 1892 жылы Сібір темір жол
комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 1870—1895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық
саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты.
3 КЕЗЕН Ресей экономикасындағы аграрлық дағдарыс патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын күшейте түсті. Қазақстан
аумағындағы артық жерлерді есепке алу мақсатында Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцевтің экспедициялары жұмыс істеді.
Экспедициялардың барлығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы казак тұрғындарына қатысты жер көлемін азайтып, болыстардың
иелігіндегі «бос жерлерді» есепке алумен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет