1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


«Мəдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері



бет35/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

84. «Мəдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. 
«Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған.«Мəдени мұраның»
мақсаты – тарих пен мəдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мəдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мəдени
ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру жəне қайта жасау; мəдени мұраның, оның ішінде ауыз əдебиетін, дəстүрлер мен əдет-
ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің Тарих толқынында кітабында 1999 жылы
қамтыған.Оның басты мақсаты – ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей – болашақ мүмкін емес.
Қазіргі кезде əлемде мəн-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да
кездесіп жатады.
25-билет 
25. Əмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. 
Əмір Темір; Ақсақ Темір; Темірлан (8 сəуір 1336 жыл, Қожа-Илғыр ауылы, қазіргі Шахрисабз — 18 ақпан 1405 жыл, Отырар) — атақты
моңғол жəне түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір əулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мəуереннахрды басып алып, 1405
жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «əлем жаулаушысы».
55. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. 
XIX ғасырдың 70-80-жылдарында ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдан Жетісуға қоныс аудара бастады.Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу
аумағына қоныс аудару себептері[өңдеу | қайнарын өңдеу]XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар
мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.Онда тұрған
ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда жəне XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады.
Олар өздерінің ұлттық тəуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай əскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен
дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс
аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген
Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті.
Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес
Қырғызстанға барып жайғасты.Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат
көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, əскери-саяси жағдай шиеленісіп
кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы əскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті
қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Уйғырлар мен
дүнгендердің рухани мəдениетін зерттеумен кезінде Ш. Уəлиханов, Н.М. Пржевалъский, В.И. Роборовский жəне басқалары айналысқан
болатын. Олар бұл халықтардың тарихы, этнографиясы, мəдениеті жөнінде бай мағлұматтар қалдырды.Ұйғырлар мен дүнгендер
Қазақстанға өздерінің бірегей материалдық жəне рухани мəдениетін, өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық кəсібін ала келді. Жалпы алғанда
қазақтар мен қоныс аударып келген ұйғыр, дүнгендердің арасында тату-тəтті бейбіт қарым-қатынас орнады. Олардың мұсылман дінінде
болуы да едəуір дəрежеде оң ықпал етті. Алайда ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударып келуі қазақтардың онсыз да ауыр жер
мəселесінің қиындап, нашарлай түсуіне де өз əсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет