1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі



бет31/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

81. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. 
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда
қабылданған. Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық
бірлікке, əлеуметтік əділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық əл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тəуелсіз, гүлденген жəне
саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.
22-билет 
22. Түркілер өркениеті жəне Ұлы жібек жолы. 
Түркі əлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық жəне мəдени-интерактивтік
факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мəдени байланыстардың басты қолдаушысы,
қатысушысы, əрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дəуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі
болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің
тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек
жолы саясаты – түркі өркениеті мен саяси мəдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі
дүниетанымының əмбебаптануына; ал түркілердің əскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан.
Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды
рөл атқарды.
52. Əскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак əскерлері. 
Өлкеде əкімшілік реформаларды жүзеге асыруда, жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак əскерлері елеулі рөл атқарды. Олар
Қазақстанмен шекаралас жерлерде де, оның тікелей шикі аумақтарына да орналастырылды.
Қазақстанда жəне онымен шектес аумақтарда төрт казак əскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор жəне Жетісу казак əскерлері еді.
Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы елді мекендері XVI ғасырда қазіргі Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігінде (Жайық
(Орал) өзенінің бойында) пайда болды. Сондықтан да оларда өзін-өзі басқарудың элементтері көп болды. Казактардың қоғамдық өмірінің
аса маңызды мəселелері əскери топта ұжымдық талқыға салу арқылы шешілетін.
Орынбор казак əскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы — өз беттерімен келіп,
стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі
ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев жəне Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. Бұл əскер өзінің құрамы
жағынан көп ұлтты еді. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ, т.б. халықтардың өкілдері енді.
Сібір казак əскерлерінің негізін полиция қызметіндегілер құрады. Олар XVI ғасырдың аяқ кезінен бастап Сібір əскери бекіністерінде күзет
қызметін атқарды. XVIII ғасырда Батыс Сібірдің оңтүстігінде бірқатар шекаралық бекініс қамалдар бой көтерді. Сібір казак əскерлерінің
болашақ астанасы — Омбы əскери бекінісі салынды. Сібір казактары XVIII ғасырдың аяғына дейін Сібірдегі орыс шаруаларының есебінен
толығып отырды. Казактардың қатары солдаттардың ер жеткен балаларының, саяси жер аударылып келгендер мен башқұрт, мещеряктар
жəне Дон казактарының есебінен де толықтырылды. 1808 жылы Сібір казактары Сібір шекара иіебінің казак əскерлері деген ресми атқа ие
болды. Əскердің штабы Омбы қаласында орналасты. Олардың əскери атаманы Батыс Сібір генерал-губернаторына, ал кейінірек – Дала
өлкесінің генерал-губернаторына тікелей бағынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет