1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 жылғы тамыз бүлігі жəне КСРО-ның ыдырауы



бет29/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

79. 1991 жылғы тамыз бүлігі жəне КСРО-ның ыдырауы. 
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастарының сол кездегі
Кеңес Президенті жəне Коммунистік партияның Бас хатшысы болған Михаил Горбачёвтан ел билігін күшпен тартып алудың сəтсіз əрекеті.
Төңкеріс жетекшілері жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде вице-президент Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған
жəне сəтсіз аяқталды.
20-билет 
20. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. 
Қарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет. Қазақстан жəне Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады.
Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан
сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан əулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–
955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мəртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі.
Сатұқ Тараз жəне Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды.
Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960
жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен жəне феодалдық
иеліктердің одан əрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды жəне
Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды
50. 1867-1868 жж. Уақытша ереженің жүзеге асырылуы. 
1867-1868жж. Реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тəжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға
дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан,
ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
«Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан
«Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша
Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығына — Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу,
Сырдария облыстары кірді.
Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. Басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты — əскери-
губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды).
Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дəстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында
болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы əрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден жəне мемлекет үшін
əртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне
берілді. 1867-1868жж. Ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің
жеке соты.
Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. Реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның
мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75
тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет