1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер


-Билет 1.Тасмола мәдениеті (ерте тем.дәу, орт/солт.Қаз, Марғұлан,Қадырбаев зерттеген, төрт кез.бөл.зерт)



бет22/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
11-Билет


1.Тасмола мәдениеті (ерте тем.дәу, орт/солт.Қаз, Марғұлан,Қадырбаев зерттеген, төрт кез.бөл.зерт)
2. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек. “Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді.. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет