1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер


Қазақстандағы Жер-су реформасы



бет32/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
тарих ответ

3.Қазақстандағы Жер-су реформасы. Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде: Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді.Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.1 млн. Десятинадан астам жер қоры құрылды.1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Қай жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.1921 жыл — «Қосшы одағы» құрылды.1930 жылдан — «Кедей одағы» атанды.Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. Б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
Еңбек артельдерін құру.
Кедейлерге жер беру.
1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады.1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші съезі өтті. Ол «Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрайық» деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезд халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп – қазақ халқы, ал республиканы – Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылдады.1925 жылы ақпанда жаңа қазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы «Еңбекші Қазақстан», «Народное хозяйство Казахстана», «Советская степь», «Қызыл Қазақстан» т. Б. 13 газет пен 5 журнал шықты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет