3. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы. Алтын Орда—Жошы ұлысының орныныа құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі.Жошы ханның баласы Батый(Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды.Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса,кейін Сарай-Беркеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын Орда мемлекеті деген ұғым болмаған.Орыс деректерінде бұл атау тек 16 ғасырдың аяғында пайда болған.Шыңгысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған “Шыңғыснама” шежіресі сақталған.Осы шежіреде мынадай аңыз бар.Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый,Ежен,Шайбан деген үш немересіне алтын босағалы “Ақ Орда”, күміс босағалы “Көк Орда”,болат босағалы “Боз Орда” тіккізген. Батый хан-Алтын Орданы құрушы моңғол ханы.1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.Мұсылман деректерінде Батый хан әділ болғандығы айтылады.Парсы тарихшысы Жувейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған”оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты.Олар түрлі тауарларды әкеледі.Ол (Батый хан)тауарлардың барлығын алғызы,оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған” Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саясимәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді.Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.і. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған Алтын Орданың күшеюі.Жазба деректерде Батый ханның Алтын Ордаға хандық еткен алғашқы жылдары туралы мағлұмат жоқ.1235 жылғы бүкілмоңғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылданған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды.Батысқа жасалған жорық жеті жылға (1236-1242) созылған.Сүбедей баһадүрдің көмегімен батысқа жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды.Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдері жауланып алынып,Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп,күшейе түскен. Осыдан кейін Солтүстік Кавказ,Қырым бойы,Орыс княздіктері,Шығыс Еуропа елдері өздерінің тәуелділігін мойындап,Алтын Ордаға алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болған Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан Берке(1237-1266) мен Өзбек (1312-1342) хандардың кезіңде жақсы дамыған.Әсіресе Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.. 1262 жылы екі елдің арасындағы дипломатикалық келісімдер арқылы елшілер келіп жатты. Алтын Орданы одан да әрі күшейту үшін Берке хан Ислам дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады. .Берке Кавказ жеріне жорықта (1266ж ) қаза тапты. Берке ханнан кейін Меңгу-Темір өз атынан теңге соқтырды. МеңгуТемір кезінде Алтын Орданың Жерорта теңізіндегі қалалармен сауда-саттық байланысы артып, жоғары деңгейге көтерілді. Тохты ханның кезінде (1290-1312) мемлекеттің саяси беделі өсті. Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысы жанданып, Египет мәмлүктерімен қарым-қатынас орнатылды. Өзбек (1312-1342) пен Жәнібек хандар (1342 -1357) тұсында Алтын Орданың гүлденген шағы. Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада Ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Өзбек хан Сарай Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіттер салдырып, қалалық мәдениеттің дамуына көңіл бөлді. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізе бастаған. Мұндай іс- қағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктері билеуші әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылды. Азаматтық басқару билігі түркі әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Ал даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды рөл атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты. Құрылтай — ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.ЖоғарғыҮкімет билігінің жоғары органы. Құрылтайда хан жариялау жәнетаққаотырғызу рәсімдері жасалды. Моңғол ақсүйектерінің ұлыстардағы жиналыстары Шағатай ұлысында жыл сайын шағырылып, «той» деп аталды.