1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер


-Билет 1. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы



бет31/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
15-Билет
1. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.
Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген..
Халық аңыз әңгімелерінде қаңлы тайпаларының ерекше артықшылықтағы жағдайлары аталып көрсетіліп отырады: «Қанғлы елінде хан бар, кәделі елде қанғлы бар», — деген Қазанғап ақынның сөзі мәтелге айналып кеткен. Өзге мәтелде былай айтылады: «Хан жоқ болса — қанғлыдан хан көтер».Қаңлы тайпасының жоғары қоғамдық дәрежесін мына сөздер ерекше атап көрсетеді: «Қаңлылардың айтуынша, олар ханмен бір арбада жүрген екен.
В.Г.Григорьев қанғлы мен ежелгі қаңғюйдің ұқсастықтарын келтіріп қана қоймай, тереңге бойлап, оларды сақтармен байланыстырғысы келеді: «Б.з.д. екінші ғасырда сақтардың ірі тармақтарының бірі, сөзсіз, канглы немесе қытайлық деректердегі қаңғюйлер болған». Шыршық, Әнгрен, Келес өзендерінің алқаптарында біздің күндерімізге дейін қазақтың қаңлы рулары жайлап келеді»
Б.з.д. II ғасырдың соңында Канглы еліне қытайлық саяхатшы Чжан-Цзянь келеді. Оның мәліметінше, Канглы орталығы Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Канглының қарамағында ежелгі Зеравшанның иеліктері болған канглылар каспий маңындағы аландар тайпасын өз биліктеріне бағындырды. Осылайша, канглы тайпасының аумағы батысында Каспий теңізіне дейін жетсе, оңтүстігінде Үлкен Юечжи иеліктерімен, оңтүстік-батысында Дахя, солтүстік-шығысында үйсіндермен шектесіп жатқан…»
2.Шығай хан.Тәуекел хан,оның саясаты . Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған.Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады. Тәуекел ханнның Мауереннахрға жорығы, 1598 жылы Бұхар хандығына жасаған. Жорық қарсаңында Абдолла ханға өзінің ұлы, мұрагері Абд әл-Мұмин қарсы шығып, Бұхар хандығында саяси дағдарыс орын алған еді. Осы сәтті пайдаланған Тәуекел хан 100 мыңдай әскерімен жорыққа аттанды. Қысқа мерзім ішінде Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алып, Самарқандқа қарай жылжыды. Абдолла хан Тәуекел ханды өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы өз әскерінің бір бөлігін жіберді. Екі жақ әскері Ташкент пен Самарқандтың аралығында жолығып, шайқасқа түсті. Абдолла хан әскері ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл оның тез арада әскер жинап, оны өзінің басқаруына мәжбүр етті. Абдолла хан көп әскермен наурызда Бұхарадан Самарқандқа келіп жеткенде кенеттен қайтыс болды. Оның мұрагері ретінде таққа отырған Абд-әл-Мұмин Тәуекел ханға тойтарыс беруге дәрменсіздік танытып, көп ұзамай бүлікшіл әмірлердің қолынан қаза тапты. Бұл жағдай Тәуекел ханның Самарқандты басып алуын оңайлатты. Тәуекел хан Самарқандты алғаннан кейін онда інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен қалдырып, өзі 80 мың әскермен Бұхараға аттанды. Жаңадан таққа отырған билеуші Пір-Мұхаммед қазақтармен ашық шайқасқа түспей, қала қорғанын нығайтты. Тәуекел хан әскері қаланы он бір күн бойы шабуылдап ала алмады. Он екінші күні Бұхараны қорғаушылар шабуылға шығып, Тәуекел хан әскерлеріне ойсырата соққы берді. Тәуекел хан жараланып, қазақ жасақтары кері шегінуге мәжбүр болды. Нақшбандийа ордені шейхтерінің араласуымен екі жақ бейбіт келісімге келді. Бұл келісім бойынша қазақтар Самарқандтан бас тартты. Алайда Ташкент, Сайрам және Түркістан қалалары қазақтар иелігіне көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет