12.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңестік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқықтық декларациясы ( 15 қараша, 2017 ж) 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 карашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда,Атбасарда, Костанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетiсу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд «Түркістан автономиясын» Туркистан мухтарияты (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы акпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы елкедегі түрлі жағдайлардың себебiнен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейiн созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орна болды. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай ақ Қазақстанмен iргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.