14-билет. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанды ұжымдастыру мен индустрияландырудың жолдары мен әдістері: барысы мен ерекшелігі. 1920ж ортасында Кеңес Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол 3 үлкен міндетті қамтыды. Олар Индустрияландыру(аграрлық елден дамыған индустриялы елге) Ұжымдастыру (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру) Мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім беру жүйесін құру). Алғашқы қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925ж желтоқсанда БКП(б) 14 сьезі өтіп онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру көзделді.1920ж соңы мен 1930ж басында Қазақстанның барлық аймағында табиғи байлықты зерттеу ісімен айналысқан экспедициялар жұмыс істеді. 1928-1929ж республикада 50 жуық геологиялық топ жұмыс істесе 1931ж олардың саны 140-қа жетті. Индустрияландырудың еңірі құрылысының бірі- ТҮРКІСТАН-СІБІР теміржолын салу болды. 1445км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927ж сәуірде басталды. 1930ж 25 сәуірде мерзімінен бұрын 17 ай бұрын аяқтады. Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары жатады.Индустрияландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салына бастады. Оларға ет комбинаты,Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Сонымен қатар индустрияландырудың келеңсіз жақтары да аз емес. Индустрияландыруды жүзеге асыру үшін үлкен қаржылық қорды қажет етті. Қазақстан өнеркәсібін тек шикізат өндіру бағытына ғана дамытуға әкеп соқтырды. Машина жасау, теміржол, электр, станок, автомобиль жасауданартта қалды.1928-1939ж Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана1,8 миллион адамға жетті. 1920-1930ж болған аштық, қоныс аударудың салдарынан қазақтардық үлесі 1939ж 33,8-ға дейін төмендеп кетті.Бұл жерде мынаны айта кету керек 1925-1933ж Қазақ өлкесін революционер Ф.ИГолощекин басқарды.Ол қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта қаақ республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлерТ.Рысқұлов,С.Сәдуақасов,С.Сейфуллин, С.Қожанов,Ж.Мыңбаев және басқаларын қуғын сүргінге ұшырады. 1927ж желтоқсанда БКП(Б) 15 сьезіболып ұжымдастыруға бағыт алған аьезд ретінде тарихқа енді. Сьезд 1932ж дейін қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарын ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады.Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен күштеу саясатымен жүргізілді. 1928 ж Қазақстанда ұжымдастырылған шаруашылықтар 2 пайызды құраса, 1930 ж50,5 пайызды құрады.Қаталкүш қолдану әдәсімен жүргізілген ұжымдастыру саясаты өрескел заң бұзушылықтармен жүзеге асырылды. Әсіресе адам құқығы аяқ асты етілді, шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату т.б жазаларқолданылды. Ұжымдастыру мен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 ж 27 тамызда ОАК мен ХКК ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы декрет қабылданды. Ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. Осы жағдайлардың барлығы 1931-33ж аштыққа әкеп соқтырды.