22. Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарСауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық.1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі туындады.КСРО - ның басқа аймақтарындағыдай Қазақстанда да сауатты, зиялы қауым ат төбеліндей аз болатын. Халықтың басым бөлігінде бастауыш білімде жоқ болатын. Сол себепті Қазақстанда «мәдени революция» жасау керек деп шешті.Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиіс болды: Біріншіден мәдени артта қалушылықты жою. Екіншіден білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. Соған байланысты1920 жылы тамызда Партияның Орталық Комитетінде үгіт - насихат бөлімі құрылды. Осы жылы қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси – ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға басшылықты жүзеге асыра бастады. Мәдени революцияның міндеттері: Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу керек болды.
- Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім қажет болды.
- Қазақстандағы оқу - ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
- Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін, қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту.
- Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін – театр, кино, бейнелеу өнерін т. б. қалыптастыру.
- Қазақстанда ғылымды қалыптастыру үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру.
- Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным - сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмірдегі салтын енгізу.
- Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау.
- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920 - 1930 жылдардағы партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай - ақ рухани саладағы мекемелер Мен ұйымдар арқылы «жаңа кеңестік сана» қалыптастыру ісіне бағытталды.Осы кезеңдердегі реформалар Қазақстанды негізінен орыстандыру саясатынның арқасында жүргізілді. Қазақ тілінің аясы тарылып, жергілікті халыққа қысым жасалды. Қазақ мектептері өте аз болды, тіпті болғандарының өзі жабылып жатты. Жергілікті халықтың бұрыннан қалыптасқан сана сезімі мен менталитеті аяқ асты болды. Осының салдарын Қазақстан халқы әлі күнге дейін зардабын шегіп келуде