1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет21/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.“Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. 1917 жылы 2 қазанда Түркістан қаласында съезд өткізіп, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына өз алдына бөлек депутаттыққа кандидаттар тізімін жасады. 14 адамнан тұратын бұл кандидаттар тізімі қатарында Лапин, С.Мақмұдқожа, С.Алдабергенов, С.Нұрмұхамедов, Садыққожа ишан, Х.Ибрагимов, Т.Ғалым, О.Мерейов, М.Мабирхан, Ә.Топчибашев, І.Бұралқиев, С.Юсупов, С.Наргелов, Ғ.Махдум болды. 1917 жылы күзде Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі революциялық комитеттер құруға кірісіп, бар билікті өз қолдарына алуға ұмтылғанда оған “Шуро-и-Улема” ұйымы табанды қарсылық көрсетті. “Шуро-и-Улема” ұйымының мұндай ұсынысына кеңес өкіметі құлақ аспайтындығын 1918 жылы ақпанда Түркістан автономиясын қару күшімен талқандау арқылы көрсетіп берді.
24. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығына тигізген зардаптары. Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып,Кеңестердің II Бүкілресейлік сьезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған ревалюциялық комитеті тұтқындаумен пайда болды.Жоғарыда айтылғандай 1917-жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының II Бүкілқазақ сьезі болып өтті.Сьезде Уақытша халықтық кеңес-"Алаш орда"құрылды.Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір біріне қарсы тұрды.Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917-жылы қарашада Оралда қалыптасты.Осында құрылған Орал казак әскерлерінің облыстық "Әскери үкіметі"ақ гвардия офицерлеріне,қазақтардың атаман кулаг элементтеріне сүйенді,оларға жергілікті эсерлер,меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды,бірінші кезекте азық түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады.Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен "әскери коммунизм"саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардың тұтас жүйесін енгізді. "Әскери коммунизм"саясатының негізгі мәні азық түлікті жоспарлы түрде бөлу болып табылады.Кеңес өкіметі Лениннің айтуы бойынша "шаруалардың өндірген өнімінің өздерінің күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін қарулы азық түлік отрятдары мен армияға артықша құқық берілді."Әскери коммунизм" саясаты РКФСР дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенімен,оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды.Қазақстанның көптеген өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып,Кеңес өкіметін құлату жағдайында Алашорда Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса,олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті.Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес үкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдин экспедициясы болып табылады. Ол 1918 жылы 20 шілдеде мол қару-жарақпен Мәскеуден теміржол арқылы шығып, 1 тамызда Астраханға келеді. 21 тамызда экспедиция екі желкенді кемемен Каспий арқылы Александровскіге (қазіргі Ақтау қаласы), одан Құланды аралы арқылы Бұзашыға келіп, Жандауыр мүйісіне жүктерін түсіреді. Осында бір ай бойы даламен жүріп өтуге дайындалады. Экспедицияның табысқа жетуі енді жүк көлігімен және әр түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз еткен жергілікті қазақтардың қолдауына байланысты болды.Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет