1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


«Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысындағы жастар бойында Отансүйгіштікті дамытудың маңызы



бет3/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

3.«Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысындағы жастар бойында Отансүйгіштікті дамытудың маңызы.
«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштіке тәрбиелеудің тиімді құралы
Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.
Тәуелсіз еліміздің оқушы және студент жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі - тарихи өлкетану жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу.
Қазақ елінің кез келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп көрсетті Елбасымыз.
Мемлукет басшысы «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Орта мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне назар аударады. Елбасы туған жердің тарихын тек мектепте оқытумен шектелмей, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға шенеуніктерді, кәсіпкерлерді, зиялы қауымды, жастарды жұмылдыруды тапсырды. Президент бұл жұмыс жергілікті билік өкілдерінің міндеті екенін көрсетіп берді. Бұрын өлкетанушылық жұмыстар негізінен мектепке жүктеліп және жекелеген өлкетанушы адамдардың үлесіне тисе енді, Президент мұндай маңызды іске бүкіл ел, барлық қауым болып қатысуға шақырып отыр.


Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. 
«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді». 
Иә, бірінші мәселе бойынша көптеген қалаларда тазарту жұмыстары мен қаланы таза ұстау акциялары жалғасын тауып кетті. Мәселен Алматы қаласы бұрыннан «Біз таза қала үшін» ұранына ту етіп келсе, еліміздегі ең таза қалалардың көшін Орал сынды қалалар бастап тұр. Бұл бағдарламаның тек қана айтылып емес, жүзеге асып жатқанын көрсетеді. 
«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек». 
Шет елде тарыдай шашырап жүрген қазақ азаматтарының басын бір Отанға жинау, олардың келуін қамтамасыз ету жұмыстары да басталып кетті. Көші қон жұмыстары оң шешімін беріп, елге оралып жатқан қандастарымыздың саны жыл сайын артпаса, азайған емес. Қазірдің өзінде шетте жүрсе де, ел үшін қам жеп, қазақтың атын шығарып, туын желбіретіп жүргендері қаншама?! 
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс». 
«Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. 
Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек». 
«Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады». 
Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек. «Туға жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет