1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға; 2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға; 3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке; 4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ. Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді. 78. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз (2015-2019 жж.). «Индустрияландыру» ұғымын терминологиялық көзқарас жағынан қарастырайық. Уикипедия танымал электронды энциклопедиясына сəйкес: «Индустрияландыру (немесе өнекəсіптік төңкеріс) (лат. тілінде Industria) — дамудың дəстүрлі кезеңінен индустриялы кезеңге экономикада өнеркəсіптік өндірістің басымдылығымен үдетілген əлеуметтік-экономикалық ауысу үдерісі. Бұл үдеріс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, əсіресе энергетика жəне металлургия салаларында. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның əлемдік тануы өзгереді. Еңбекке позитивті көзқарас, жаңа технологияларды жəне ғылыми жаңалықтарды мейлінше тезірек қолдануға ұмтылу да өндірістің жəне халық табысының үдемелі өсіміне өз үлесін қосады. Нəтижесінде, аса кең ауқымды, ақыр аяғында, өнімнің жəне қызметтің барлық түрлерінің əлемдік нарығы қалыптасады, бұл, өз кезегінде, əрі қарай экономикалық өсімнің инвестицияларын ынталандырады Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар — «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары пайда болады. Оның ішінде құны 7,5 млрд теңгеден астам шаманы құрайтын, жалпы сомасы 8,1 трлн теңге 48 аса ірі əлеуметтік маңызы бар жобалар республикалық картаға қосылды. Оларды жүзеге асыру 230 мыңнан астам жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Аймақтық картаның жалпы сомасы 4 трлн теңге 879 жобасын жүзеге асыру нəтижесінде шамамен 200 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі [4]. 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мақсатымен 3,7 трлн теңге бөлінді. Одан басқа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2,4 трлн теңге жеке инвестициялар жұмылдырылды. Индустрияландыру картасының бір жобасын жүзеге асыруға қажетті инвестиция көлемі орта есеппен 13,1 млрд теңгені құрады, республикалық картаның жобасы — 168,2 млрд теңгені, аймақтық картаның жобасы 4,6 млрд теңгені құрады. Бағдарлама еліміздің экономикасын əртараптандыруға жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Оның негізгі күшін дəстүрлі индустрияда (мұнай-газ секторы, тау-кен- металлургия өнеркəсібі, химия жəне атом өнеркəсіптері), дамуы ішкі сұраныс өсімінің базасында іске асатын салаларда (машина жасау, фармацевтикалық өнеркəсіп, құрылыс индустриясы жəне құрылыс материалдарын өндіру), экспортты потенциалы бар салаларда (агроөнеркəсіптік кешен, жеңіл өнеркəсіп жəне туризм) жəне «болашақтың экономикасы» секторларында (ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар, космостық қызмет, жаңартылатын энергия көздері) өңдеу өнеркəсібінің басым салаларын дамытуға негіздеу болжанған болатын.